Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілеріне тілдік курс сертификаттары тапсырылды.

Павлодар қаласында мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі артып келеді.  Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мемлекеттік тіл бағдарламасын жүзеге асыру бағытында «Ана тілі» орталығы ЖШС-мен бірнеше жобаны жүзеге асырды. Сол жұмыстар Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылында да жалғасуда. Осы жоба аясында балалар бір ай бойы мемлекеттік тілді үйренді.
«Ана тілі» орталығының мамандары апта сайын бірнеше сағат бойы жұмыс істеді.
Біздің балалар курстың ең белсенді қатысушылары болды. Олар тілдік ортаға ену арқылы қазақ халқының тарихы, тұрмысы, рухани құндылықтары туралы дәрістер алды.
«Ана тілі» орталығының директоры Шолпан Кенжикова өткізілген тілдік курс туралы берген ақпаратында былай деді: «Балалар ауылының тәрбиеленушілеріне қазақ тілін онлайн режимде үйрету бойынша курстар 19 сәуір мен 19 мамыр аралығында жүргізілді. Оқушыларға мемлекеттік тілді тиімді меңгерту үшін интербелсенді тапсырмалар берілді. Балалар қазақ тілін жақсы түсінеді. Сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды орындай алды».

20 мамыр күні тілдік курс қорытындысы шығарылып, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Версия для слабовидящих
Версия для слабовидящих