Күләш Мәнәпқызы Әбіш педагогика саласында 35 жылдан аса жұмыс істейді

Күләш Мәнәпқызы Әбіш педагогика саласында 35 жылдан аса жұмыс істейді. Соның ішінде ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалармен 8 жыл.
Тәрбиеші, Күләш Мәнәпқызы «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылына келген күннен бастап өзін білікті маман ретінде көрсетіп келедi. Осы жылдары жергілікті, облыстык байкауларга катысып жүлделі орындарды иеленді, атап айтсақ «Мейірімді жүрек» дипломымен марапатталды сонымен қатар бағалы сыйлыққа ие болды. Облыстың бiлiм саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі мен кәсіптік қызметіндегі жоғары көрсеткіштерi үшін Құрмет Грамотасымен марапатталды.
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын педагогтер арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «ҚР Білім беру саласының көшбасшысы- 2020» атты республикалық байқауға қатысып жеңімпаз атанды, білім саласына айрықша еңбегі үшін төсбелгісімен марапатталды, куәлік берілді және де мақаласы «Бiлiм беру саласының көшбасшысы — 2020» республикалық байқауының материалдар жинағына кiрдi. Ағымдағы жылдың
мауысым айында
Елорда да «Тәуелсіздік-киелі ұғым! Айбынды азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігімізге 30 жыл» атты конференциясы өтті. Конференция «Білім- өркениеті» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының бастамасымен жүзеге асырылды.
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласын білім беру ұйымдарының педагогтері мен білім алушылары арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткізілген
«Тәуелсіздік — алтын тұғырымыз» атты республикалық конференциясына қатысып жоғары деңгейде баяндама жасаған үшін І дәрежелі Дипломмен марапатталды.
Күләш Мәнәпқызын
шын жүректен
құттықтаймыз, үлкен табыстарға жетеберсін.

Версия для слабовидящих
Версия для слабовидящих