Басшының беті

Құрметті: сүйікті де, сүйкімді тәрбиеленушілер,   білім мен тәрбие жолында  шығармашылық әлемге қанат қақтырып, талаптың тұлпарын мініп, тас қияға өрлеген аса қадірлі әріптестер!

Тәрбие жұмысы – ұлағатты іс, яғни баланың болашағына жол сілтейтін ғажайып жұмыс. Сондықтан қыздарымыз – қылықты, ұлдарымыз – ұлықты болуы үшін халқымыздың ұлттық өнерін, салт-дәстүрін, туған жерді аялау, үлкен-кішіге қайырымдылық көрсету, тағы басқа адамгершілік қасиеттерін бала жүрегіне сіндіре білсек, елжанды азамат етіп тәрбиелесек нұр үстіне нұр…

Адам баласының басына қонған бақытының тұрақты болуы жағымды мінез-құлыққа байланысты, егер болашақ ұл-қыздарымыз адамгершіліктен нәр алып, мейірім шуағынан сусындап, ата-дәстүрінен қуаттанып, мінезге бай, тәлім-тәрбиелі, көрегенді болса, басқа қонған бақытты тұрақты етері анық. Ғұлама атамыз Абай: «Біреуге көмектесу – ішкі зор қуат пен терең ақыл және ыстық сезімінің ісі»,- деп бекер айтпаған.

Менің ойымша, бала жақсы, әрі жан-жақты өмір сүруге құқылы, сондықтан оларға бұл мүмкіндікті қолдануға қол ұшын беруден еш уақытта аянбаймын.

                                                                         

                                                                            Мекеме басшысы: Кәрімова Гүлбағда Ердешқызы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа