Archive for : Февраль, 2017

«Жетім көрсең жебей жүр»

Бұл өмірде әрбір адамның маңдайына жазылған тағдыры әртүрлі болады. Бірақ, соған қарамастан бәрі де бақытты болуға лайықты. Әсіресе ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар әке-шешелерінің  мейіріміне зәру. Жылуды да,жақсылықта да отбасынан іздеген балалар үшін ананың мейірімі мен аялы алақанынан артық ештеңе жоқ.

«Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ-нде  алпыстай бала тәрбиеленуде.Олардың жас екрекшеліктері: төрт жастан он сегіз жасқа дейін.Мұнда балалар жатар орын,киер киімнен кенде емес.Олар үшін барлық жағдай жасалған. Біз балаларға қанша жағдай жасап,көңіл бөлсек те туған ата-анасындай бола алмаймыз ғой. Сондықтан да,олар үшін өзінің туған анасының «мейірімі» мен «айналайын» деген сөзінен  артық  ештеңе жоқ.

Осы «Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы»КММ –нде әлеуметтік жоба жұмысы қолға алынған. Негізгі мақсат:балаларды өз бетінше өмір сүруге дайындау, жеке тұлға ретінде қалыптасуына көмектесу.

Атап өтетін болсам, «Ансар» және «Қуаныш» үйлерінің біріккен әлеуметтік  «Жан жылуы» жобасы, «Қарлығаш» және «Аққайнар» үйлерінің біріккен әлеуметтік «От всей души» жобасы, «Нұрқанат» және  «Бірлік» үйлерінің біріккен әлеуметтік «Азбука финансов» жобасы, «Достық» және «Сұңқар» үйлерінің біріккен әлеуметтік «Азбука правовых знаний» жобасы жұмыс жасап жатыр. Аталған жобалар бойынша көптеген мекемелермен тығыз байланыс орнатылған. Мысалы: Павлодар қаласының «Жас ұрпақ» үйі, ЭШС «Бумер Арматурен Қазақстан», ЖШС «Лима» ательесі, ЖК Асанова «Лалуна» мерекелік агенттігі, «Дом малютки», «Оқушылар сарайы», «Бабушки из совета ветеранов», «ЦАН», ҚА «Сбербанк», ҚА «Форте-банк», ЖК «Ильясов», ОСО «БАТЫРМОЛ», ҚА «Хоум кредит банк».

Өмір есігін аша салысымен «тастанды» атанған,ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бейкүнә балалардың аянышты өмірлері кімді  болса да елжіретері сөзсіз.

Бала ата-ананың бауыр еті.Бауыр етінен жаралған соң көз қуанышының бақытты ғұмыр кешуі,толыққанды отбасында дүниеге келіп,тәрбиеленуі үшін ата-ана барын аямайды.Әйтсе де,қоғамымыздағы баланың бәрі бірдей анасының жылуын сезінбейтіні ащы да болса шындық.

Қазақ халқы қашанда жетімін жылатпаған, жатқа бермеген,олардың тағдырына немқұрайлы қарамаған.Қазіргі тәуелсіз,бейбіт заманда балалардың жәутеңдемей өз үйлерінде өскені жөн болар еді. Әр баланың өз ата-анасының қамқорлығында,отбасында өсіп,тәрбиеленгеніне не жетсін?!

 

Сәлем, Наурыз-2015!

«Қазақстан- біздің ортақ үйіміз»

Біздің мақтанышымыз

Қысқы демалыста аталған мекеменің атынан Көкшетау қаласының «Балдаурен» лагеріне барған тәрбиеленушілеріміз — Абданбекова Айсана,Абданбеков Алишер,Мухамеджанова Дарья жиырма күндей демалып қайтты. Балалар  лагерден үлкен әсермен оралды. Өзге орта,жаңа таныстар балаларға жақсы әсер қалдырды,онда түрлі шараларға қатысып,өнерлерін көрсетіп,екі сертификат алып келді.Өздерінің үйіндей болып кеткен балалар ауылының тәрбиеленушілері екенін мақтан етті. Балалардың жүздеріне күлкі үйіріліп,қуаныштарында шек болмады. Қатты ұнағаны сонша,алған әсерлерімен  әлі күнге дейін естерінен кетпей,айтып отырады.Мәз-мейрам болып,суретке түсіп,жақсы демалып қайтты.

Жиырма күндік демалыстарын балалар жақсы өткізді.

Ұйымдастырылған шаралардың тәрбиелік мәні зор болды.

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа