Archive for : Октябрь, 2017

Павел Васильев атындағы кітапханаға экскурсия

27 қазанда балалар ауылының тәрбиленушілері Павел Васильев атындағы кітапханада болып, «Барлық жұмыс жақсы – талғамыңа сайын таңда!» тақырыбындағы іс-шараға қатысты.

Бұл көрме кәсіптік бағдарлау бағыты бойынша безендіріліп, іс-шараға  колледждер ұстаздары мен волонтер-еріктілер шақырылды. Заманауи  үлгідегі техникалық құралдардың көмегімен балаларға кәсіби шаштараз, аспаз немесе стилист болудың қыр-сыры түсіндірілді. Екі минуттың ішінде қалай шаш қою және шаш үлгісін жасауға болатыны көрсетілді. Колледж оқытушысы осы мамандықтардың қандай артықшылықтары барына тоқталып өтсе, жүргізушілер өлеңдер оқыды. Ал еріктілер волонтер жастардың қоғамға тигізетін пайдасы туралы айтты. Олар ауқымды жұмыстарды тегін түрде атқарып, өздерінің қоғамға қосқан үлестерінен қанағат табатындықтарын жеткізді. Бұдан кейін, волонтерлер балалармен қызықты ойындар өткізді. Іс-шара өте қызықты, толымды болып, балалардың көңіленен шықты. Кездесу соңында барлығына буклеттер таратылып, жиылғандар естелік суретке түсті.

Жайдары жазымыз осындай!

Жаз мезгілін тек балалар ғана емес, ересектер де асыға күтеді, себебі бұл —  еңбек демалысы, каникулдар уақыты. Жаз десе  — табиғат аясында тынығу, алау жанындағы кеш, гитарамен салған әндер, салқын суда жүзу бірден ойға оралады. Жаз — жағымды эмоциялардың мол ағысы, қызықты оқиғалардың тізбегі. Ал балалар үшін жаз мезгілі — тамаша уақыт. Бұл кезеңде олар сабақтарын аяқтап, сыныптардан шығып, жаңа оқу жылына күш-қуат жинауға кіріседі. Осы күштерді қайдан алуға болады? Жауабы өте оңай: әрине, жазғы лагерьде.

Біздің тәрбиеленушілер міне, бірнеше жылдың жүзі болды, Отанымыздың әдемі және көрікті жерлерінің бірі — Шығыс Қазақстан облысы Бұқтырма су қоймасының жағалауында орналасқан «Балақай» балалар сауықтыру лагерінде жазғы демалысын өткізіп келеді. Әсем табиғат, таза ауа, таза су — бұл үш негізгі компонент — салауатты демалыстың кілті.

Лагерьде демалу және ойын-сауық үшін ғана емес, балалардың шығармашылық дамуына, рухани әлемін байыта отырып, олардың көкжиегін кеңейтіп, ақыл-ойларын арттыруға жағдай жасалған. Мұнда балалар өздері құралпылас балалармен етене араласудың, қарым-қатынас жасаудың қуанышын сезініп,  өзара сыйластыққа үйренді. Олар шығармашылық жаңалықтар ашып, ерекше  идеяларын ұсынды. Отряд мәжілісінде әрбір бала өзінің көзқарасын білдіріп қана қоймай, ұсыныстарын және т.б. жолдады.

Әрбір демалыс маусымы жекелеген тақырыптарға арналды: “О спорт, сен — әлемсің”, “Теңіз тереңі”, “ЭКСПО-2017”. Осы тақырыпқа сәйкес отрядтың атын ойлап табу және жасақ бұрышын рәсімдеу қажет болды.

Жалпылагерьлік «Miss Summer 2017» байқауы, «Құмды қиял» құмды мүсін конкурсы, үздік хорлық орындау бойынша «Хорлар шайқасы», «Нептун күні», “Star-teenajer” және тағы басқалар өте қызғылықты және аса көңілді өткізілді.

Лагерь жұмысының маңдай алды бағыты — балаларды сауықтыру, сондықтан спорттық іс-шараларға үлкен көңіл бөлінеді.

Бұл тұрғыда біздің балғындар өз дайындықтарын ең жақсы жағынан көрсетті. Футбол, пионербол, үстел теннисі, үлкен теннис, жүгіру және жүзу жарыстарындағы достық матчтар, турнирлер — күнделікті демалыс уақыты осылайша әр минуттарына дейін белгіленген еді.

Амал не, жаз өте жедел жүйіткіп өте шықты да қоштасатын мезгіл жетті.

Балалар жаңа жолыққан достарымен, сүйікті лагерьлерінің көзге ыстық көріністерімен, жаз бойы жандарына жақын болған нәрсенің бәрімен қимастықпен қоштасты. Десе де, үйлерімен қайта қауышу қуанышы жандарын жадыратқаны анық.

Міне, біздің балаларымыз осындай ертегіге бергісіз жазды бастан өткерді.

«Ұстазға тағзым»

«Ұстаз болу –жүректің батырлығы,

Ұстаз болу –сезімнің ақындығы, — деп  ақындар жырлағандай, Ұстаз –ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып,тәлім-тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді баланың бойына дарытып, адамгершілік рухта тәрбие беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына деген құрмет арта бермек.

Осы мерекеге орай «Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ-нің тәрбиеші-ұстаздар қауымының еңбегін ерекше атап өткім келеді. Бұл мекемеде еңбек етіп жатқан тәрбиешілердің — әке-шешенің  мейіріміне зәру,  ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларға тәлім-тәрбие беруде  еңбегі өте зор. Жылуды да,жақсылықты да отбасынан іздеген балалар үшін ананың мейірімі мен аялы алақанынан артық ештеңе жоқ, десек те осы балаларға өз балаларындай қарап,  жылуы мен мейірімін аямай, тәрбие беріп жатқан  тәрбиеші-ұстаздар қауымының еңбектері ерекше. Атаулы мекемені басқарып, балалардың бәріне «Ана»  болып  отырған мекеме басшысы Кәрімова Гүбағда Ердешқызының еңбегі орасан зор. Мереке қарсаңында сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге еңбектеріңізге табыс, шығармашылық шабыт,дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін.

                                                              Нургазинова П.К.

                                                  «Павлодар қаласының отбасы

                                                    үлгісіндегі балалар ауылы» КММ

 

«Ұстаз –ұлы тұлға!»

          Аяулы да ардақты біздің  ұстаздар, тәрбиешілер!  Сіздердің бала көңілдеріңіз әр баланың жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Ұстаз… Қандай қасиетті сөз! Әр баланың жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға.  Ұстаздан  өнеге-білім алып, өмірге құлаш ұрған , кез келген шәкірт өз ұстазымен мақтанады, бізде өз тәрбиешілеріміз- Гүлзат апай мен Перизат апайлырымызды үлгі тұтып, мақтан етеміз. Осындай мереке қарсаңында біздерге мейірімін аямай, жақсы қасиеттерді бойымызға сіңіріп,  тәлім тәрбие беріп  отырған «Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ-ның  тәрбиеші –ұстаздарын  және осы балалар ауылының басшысы Кәрімова Гүлбағда Ердешқызын кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз. Осы кісілерге деген ыстық лебіздерімізді мынадай өлең жолдарымен білдіргіміз келеді.

Құтты болсын, ұстаздарым мерекеңіз,

Арта берсін абырой, берекеңіз.

Біздерді азамат қып саналы,

Ұстаз ана, дана бола алады.

Ең бастысы  ұтаз мына өмірде

Ұлағат, ұлылық боп қалады. — Құрметті біздің сүйікті тәрбиеші-ұстаздарымыз! Сіздердің әрқайсыларыңыз біздерге қымбатсыздар! Бүгінгі төл мерекелеріңіз құтты болсын!

                                                   «Павлодар қаласының отбасы

                                                 үлгісіндегі балалар ауылы» КММ

                                                 «Аңсар» үйінің тәрбиеленушілері

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа