«Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» мемлекеттік мекемесінің тәрбиеленушілеріне арналған жазғы демалыстың қорытындысы туралы ақпарат

2014 жылдың жазында жазғы демалыс ауқымы 44 баланы қамтыды.  Балалардың негізгі бөлігінің демалысы Шығыс Қазақстан облысының «Голубой залив» («Көк бұғаз») демалыс аймағында ұйымдастырылды. Жазғы лагерде өткізген уақыт кезеңінде балалар ауылының тәрбиеленушілері әр түрлі іс-шараларға атсалысты: вокал жарыстары, спорт жарыстарында жүлделі орындарға ие болып, дипломдар, мадақтамалар, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ал балалар ауылының аумағында 7 бала тынықты. Олар спорттық секциялар мен үйірмелерге барып, мұражайларды аралады, қаланың көрікті жерлеріне барды. Қонақ отбасыларында 11 бала демалды. Балалардың айтуы бойынша, жыл сайын «Көгілдір бұғазда» өткізілетін көңілді демалыс олардың көңілінен шыққан. Барлығы жазғы демалыс үшін қуанышты.

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа