«Ақылды мұражай»

Павлодар қаласының балалар ауылының тәрбиеленушілері үшін 1 қарашада «Батырмол» сауда-ойын-сауық орталығында «Ақылды мұражай» экскурсиясы ұйымдастырылды.

Залда қойылған экспонаттарды үлкен қызығушылықпен зерттеген балалар өз тарихымен танысқан. Магнит және лазерлік сымдар, атыс-шабуыл жасайтын қару таң қалдырды. Балалардағы эмоциялар теңізі лазер көзілдіріктерінің бөлмесі, ғарыштық кабиналарға ұқсас және т.б. туындады.

Балалар үйлеріне тез оралып өте риза болды. Шишкова Миша өз әсерлерімен бөлісті: «Мен ЭКСПО-ға барғандай сезінемін».

Сауықтыру демалысы

Балалар ауылының балғындары 2 қараша күні  «Шымыр» сауықтыру бассейнінде болды. Бассейн әкімшілігі шақырып, ыстық ықыластарын танытты.

Ол жерде екі сағатқа жуық көңілді демлыс өтті. Осы уақыт ішінде балалар суға да жүзді, ойнап та алды, сергектік қуаты мен жан рақатын бойға сіңірді. Өте көңілді болды.

Алып хауыздағы жылы су, жағымды жағдай балдырғандардың асыр салуына, күміс суды көкке шашып көңіл көтеруіне жол ашты. Әр минут шаттық сыйлап, балғындардың жүзі қуаныштан бал-бұл жанды. Бізден басқа келушілердің өздері бірге ойнап, әңгіме-дүкен құрды.

“Шымыр” — сауықтыру бассейні. Ол жерде шын мәнінде де жаның жай тауып, тынығып, тыныстап қаласың, жағымсыз уайымдар мен артық қобалжулар сумен шайлып кеткендей риясыз қуаныш, жүрек тыныштығын сезінесің.

“Шымыр” бассейніне барған сапардан соң, жарқын естеліктер мен жағымды эмоциялар көкеймізде қалды. Бассейн әкімшілігіне көп рақмет айтамыз.

Алайда, тәрбиеленушілерге арналған сауықтыру демалысы мұнымен аяқталған жоқ. 2 қараша күні балалар ауылында– «Алақай, демалыс» атты балалар спорттық эстафетасы мен ойындар өткізілді. Спорттық сайыстың ұйымдастырушылары – Марина және Виктория Хлебниковтар, Олег Сафронов, Данара Ермек. Олар балалармен бірге командалық спорттық ойындарға қатысты. Балалардың барлығы уақытын қызықты өткізді. Бүлдіршіндер ауызбіршілікке, ынтымаққа үйреніп, ойындарға белсене араласты. Эстафета, аяқдоп ойынын өткізіп, бір-бірін бірлік пен қырағылыққа баулыды. Іс-шараның соңында қатысушылардың барлығы тәтті сыйлықтарға ие болды.

 

Рашитова Фарида

 

 

«Ақылды мұражай»

1 қараша күні Павлодар қаласының балалар ауылының тәрбиеленушілеріне  «Батырмол» сауда-ойын-сауық орталығында орналасқан «Ақылды мұражайға» экскурсия ұйымдастырылды.

Балалар залда орнатылған көрмеданаларды асқан қызығушылықпен тамашалап, тарихи мәліметтерден тағылым алды. Оларды магниттік және лазерлік өткізгіштер мен шеңбершемен атқылайтын зеңбірек құрылғысы  ерекше таңғалдырды. Ал лазерлік әйнектер бөлмесі, ғарыш кабиналарына ұқсайтын экспонаттар және тағы басқа заттар балаларға көл-көсір қуаныш пен сезім селін сыйлады.

Жеткіншектер үйге көтеріңкі көңіл-күймен, риза болып оралды. Олардың экскурсиядан алған әсерлері қандай екенін Шишков Мишаның бір ауыз сөзінен анық аңғаруға болады: «Мен бейнебір ЭКСПО көрмесін аралағандай сезімдемін» — деді ол.

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа