Даусыз дарын — Дәулетхан.

Балалар ауылында өмірдің тағдырына байланысты, ата-анасының қамқорынан айырылған бүлдіршіндер аз емес. Оларды білімді, өнерлі, білікті азамат етіп өсіру, қазақ елінің, қазіргі қоғамның бір мүшесі ретінде қалыптастыру – Балалар ауылы басшылығының басты міндеті.

Осы бағытты сөз етер болсақ, Балалар  ауылы шеңберінде ғана 10-нан астам үйірме  бар. Бұл бағыттағы мақсат біреу – ол жасөспірім тәрбиеленушілерді жас мөлшеріне, қабілеттеріне және де ішкі қалауларын ескере отырып, олардың бос уақыттарын қамту, өнерге баулу.

Педагогтардың өздері де әр баланың тәрбиесінен тыс қалмайды. Өйткені уақытында тәрбиеленушінің қандай да болмасын бір салаға, өнер түріне, кәсіпке бейімдігін байқау, ынтасын, шамасын, деңгейін анықтау керек. Егер баланың бойынан сондай қабілет пен дарын көрінсе,оны қолдап, жоғары биікке көтеріліне көмек көрсету қажет. Сондай жұрегі сезімтал, көзіқырағы жан — Балалар ауылының қамқоршысы Каримова Гүлбағда Ердешқызы. Ол жұмыстан тыс ән салғанды ұнатады. Өнерге жаны жақын болғандықтан, биыл балалар ауылына түскен Ақанов Дәулетханның  ән өнері ие бейімі бар екенін бірден байқап, балаға көңіл бөлді.  Сол бір- екі айдың ішінде Дәулетханды түрлі мейрамдарда ән айтуға тартып, вокал үйірмесіне жаздыртты.

Еңбекқор Гүлбағда Ердешқызы балаларды сайыстарға, конкурстарға, жарыстарға  қатысуларын талап етеді.

Ресей елінде НТВ телекомпаниясы қолдауымен Мәскеу қаласында өтетін Халықаралық «Ты супер» жобасына Гүлбағда Ердешқызы қамқоршы ретінде ұсыныс жасап, Дәулетханның қатысуына келісім берді.

Осы орайда Ресей ән жобасы жайлы бірер дерек бере кетсек.

«Ты супер» жобасына балалар үйлерінде тәрбиеленіп жатқан дарынды, өнерпаз балалар қатыса алады. Балттық елдері, Ресей және ТМД-дан 7-18 жас аралығындағы үміткерлер   шақырылады.

Аталмыш байқаудың негізгі астары ол қатысушының өзін үлкен  аудиторияда  көрсету және де атақты ұстаздармен бірлесіп жұмыс жасау, жаңа достарды кездестіріп, ұнататын әншілермен танысу.

Жоба міндеттері:

— жетім және әке-шешесінің қамқорынан аыйрылған талантты балаларды анықтау.

— ақпарат желілерінде балалардың өнерін насихаттау.

— балалардың келешекте сахна төріне шығуына ықпал жасау.

Байқау екі кезеңнен тұрады.

Оның алғашқы сатысы сырттай іріктеу туры.

Ал 2-5 сатылары Мәскеу қаласында өтеді.

Жобаның талабына талабы мен жас деңгейі, әлеуметтік мәртебесі, ең бастысы – өнері сәйкес келген Дәулетханның бұл Халықаралық байқаудың бірінші іріктеу турынан өтуі – зор жетістік. Дәулетхан сахнада өзін келісті ұстай білуі – қазылар алқасын тәнті еткені анық. Ән орындағанда оның бойынан асқан жауапкершілік, сахна мәдениеті мен әнші нақышына келтіре орындау үлгісі байқалады.

Балалар ауылы сайыскерінің осы жобаның сырттай іріктеу турынан сүрінбей өткені жайлы хабарды естіген басшы Гүлбағда Каримова мен әріптестерді қуанып, Дәулетханды құттықтап, алдағы уақытта барынша қолдайтындарын жеткізді.

Әрине, күнделікті  дайындық көп уақытты шыдамдылықты талап етеді.

Осы жобаға қатысуына Дәулетханға моральдық, материялдық қолдау көрсеткен мекеме басшысы Гүлбағда Ердешқызына Ақанов Дәулетханның кішкентай жүрегі атынан осы үлкен жеңіске жеткені үшін үлкен рахмет айтамын.

Баланы көре білу –ол сезімтал, мейірлі адамның ғана қолынан келетін іс.

Қазіргі  таңда Дәулетхан үшін сіздер ең жақын , жанашыр адам болып саналасыздар.

Сіздерге денсаулық, шексіз еңбек табысын, жанұялық куаныш, сәттілік тілеймін.

 

 

 

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа