«Ертегілер әлеміне саяхат»

16 қарашада кітапханада «Ертегілер әлеміне саяхат» атты интеллектуалдық ойын өткізілді.

Зерделілік ойыны бірнеше кезеңнен тұрды: іздестіру сипатындағы сұрақтар, проблемалық жағдайдан шығу, зеректік пен логикалық ойлауға қатысты тапсырмалар –  мұның барлығы сабақтың тиімді өтуіне, балалардың танымдық талғамның артуына және ойшылдық қызметіне оң ықпал етті.

Сабақтың тақырыбы мен тапсырмалары балалардың ойлау-психикалық даму деңгейлеріне сай. Ойын барысында білім беру, дамыту және тәрбие беру мақсаттары орындалды. Сабақтың әр бөлігі логикалық тұжырымға құрылған, реттілігі сақталған ойын сюжеті бір-бірімен берік байланыс тапқан.

Әуелі балларды алда болатын іс-қызмет ауанына қарай бейімдеп, назарларын аударған, жағымды  көңіл күй тудырған ойын сағатының кіріспе бөлімі болды.

Ал іс-шараның негізгі бөлімінде: бір тақырыпты қамтып, бір-бірімін тығыз байланысқан ойын, көрнекілік, әңгімелесу, тәжірибе тектес тәсілдер толықтай қолданылды.

Күнделікті бірыңғайлылықты бір сәтке болса да алмастыру – балалардың бүкіл ойын барасында назарын аудартып, жұмыс қабілетін арттыра түсті.

Балалардың іс-қызмет белсенділігін көтеріп, қысылып-қымтырылу сезімін жою мақсатында денежаттығу минуты жүргізілді.

Сабақ соңында тапсырманы сәтті орындау сараптамасы тәсілін қолдана отырып, қызметтің қорытындысы шығарылды.

Балдырғандарға мұндай ойындар ұнайды. Бұл олардың бойларына құлшыныс сыйлап, іс-қызметке деген қызығушылық тудырады.

Қорытындысында ойынның нәтижесі шығарылып, балаларға тәтті сыйлықтар берілді.

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа