«Қаржы әліппесі».

Балалар үйінің тәрбиеленушілері дербес өмір сүру жолын бастаған кезде, өз қаржылық есебін дұрыс жүргізе  алмай жатады. Олар көп жағдайда ақшаны мақсатсыз, бей-берекет жұмсауы мүмкін. Сондықтан, «Қаржы әліппесі» жобасының қажеттілігі туындады. Бұл жобаның мақсаты: тәрбиеленушілердің әлеуметтік тұрмысқа тез араласып кетуін, дәулетті болуын, олардың  қаржылық сауатын көтеру және ойлаған жоспарларын іске асыруға баулуды көздейді.

Жобаның әлеуметтік әріптестері «Сбербанк России» АҚ, «Форте банк», «Хоум Кредит Банк». Біздің демеушілеріміз балаларға жан-жақты қолдау жасап, қаржылық сауаттылық жөнінде тренингтер өткізеді.

Осы әлеуметтік жоба бойынша демеушілермен, банк қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастырылып,  тренингтер және  «Банк ісі» сабақтары жүргізілді. Мұнда    терминалдар жұмысы көрнекі түрде толықтай көрсетілді.  Жасөспірімдермен әңгіме жүргізіліп, «Қаржылық сауаттылық деген не?»,   «Өз бюджетіңді қалай жоспарлау керек?»,  «Қажеттіліктер мен тілектер»,  «Өз ақшаңды қалай сақтауға және арттыруға болады» және т.б. тақырыптарға тәрбие сағаттары,  сонымен қатар,  «Арнайы кешкі ас»,  «Тиыннан теңге құралады» сияқты акциялар өткізілді.

Әлеуметтік жоба бойынша жүргізілген жүйелі жұмыс нәтижесінде біздің балалар үйінің тәрбиеленушілері, атап айтқанда студенттер, өз табыстарын үнемдеуді әрі дұрыс жұмсауды үйренді, анағұрлым тез тілтабысқыш, жауапкершіліктен қорықпайтын болды. Өз қаржысын жоспарлай білуге, үнемшіл болуға машықтанды, өйткені, ысырапшыл болмау – өмірде өте маңызды.

Балалардың өз шығындары табыстарынан асып кетпеуін қадағалауды игеру қуантады. Ақшаны ақылмен жұмса керектігін ұғынды. «Тиыннан теңге, тамшыдан теңіз құралады» деген қанатты сөз бар. Бұл – үнемшілдікке, жинақылыққа баса көңіл бөлу керектігіне үндейтін сөз, табысқа жетудің бір бастауы.  Үнемделген қаражат өмірде қажет болатыны анық. Алдын ала жинақталған ақшаны инвестициялауға болады. Біздің тәрбиеленушілер болашақ өмірлерінде дербес қаржылық әрекеттерді жүзеге асыруда қаржылық білімі берік болады.  Оларға осы жобада игерген білімдері өз қаржыларын жоспарлау кезінде кәдеге жарайды деп сенеміз.

                                          

Тәрбиеші-ана: Дюсембенова А.Х.

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа