«Мен және менің құқықтарым»

23.11.2017 жылы  «Аңсар» үйінде  «Мен және менің құқықтарым» атты тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатына Кудайбергенова Альбина, Шукаров Тагир, Ногаев Егор, Ескалиева Каламкас және Шукаров Тамерлан қатысты. Тәрбие сағаты мақсаты: балалардың құқықтық білімдерін жетілдіру, құқықтық білім әр адамның ісі екенін ұғындыру; ой өрісін дамыту, белгілі бір пікір айтуға тұжырым жасауға үйрету, есте сақтау қабілетін жетілдіріп, сөздік қорын молайту; тәрбиеленушілердің боына құқықтық, патриоттық, адамгершілік тәрбиені сіңіру.

Сабақ тәрбиешінің кіріспе сөзімен басталды.

Қазіргі уақытта құқықтық тәрбие беру өте қажет. Ол тәрбиеленушілердің ой- өрісін кеңейтіп, ойлау қабілеттерін дамытады, өз пікірін айтуға, тұжырым жасауға үйретіп, патриоттық тәрбие береді. Әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі керек. Сондай –ақ заң адамға міндеттер жүктейді. Адам басқалардың құқықтарын бұзбауы, олардың өміріне, денсаулығына, ар –намысына қол сұқпауы керек. Адам түрлі жағдайда өмір сүреді: отбасында, жұмыста, мектепте, көпшілік жерде. Адам қоғам мен мемлекет алдында міндетті: мемлекетті қорғау, салық төлеу, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу.

«Біз неге құқылымыз ?» сұрақ –жауап ойынын ойнадық. «Бәріміз біоге!» ойыны қойылған сұрақтарға хормен жауап берді.

Сабақ барысында тәрбиеленушілерге құқықтары қарапайым түрде түсіндірілді. Сабақ тәрбиешінің қорытынды сөзімен аяқталды. Сендер сияқты қаншама адам дүниеге келуде. Осы адамдардың барлығы бір заңға бағынады. Ол –Конституция деп аталады. Әр елдің , мемлекеттің өз азаматтарына арналған Заңы –Конституциясы бар. Бұл Заңда біздің құқықтарымыз ғана емес, міндеттеріміз де қатар жазылғын. Балалар белсенділік танытып, сабақ қызықты өтті.

 

 

Жас дәурен — бұл жарқын күн, жайдары жаз, ұмытылмас демалыс!

2016 жылдың 15 маусымында «Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» ҚММ-нің 48 тәрбиеленушісі Баянауыл кентіндегі «Жас дәурен» жазғы сауықтыру лагерінде тынықты.

Демалыс орнына келген балдырғандарға әрқашан көңілді жүретін,  жігерлі, шаршауды білмейтін Турбало Николай Сергеевич вожатый болды. Ол біздің балаларымызды бірден күш-жігері және белсенді беделі арқылы баурап алып, демалысты сәтті ұйымдастырды.

Тәлімгерлермен қатар, балаларымызға біздің тәрбиешілер де қамқорлық жасады. Таңертеңгі уақыт көңілді жаттығумен басталып, оны жайсаң жанды жолбасшы жүргізіп отырды. Таңғы астан кейін балалар үшін тың жаңалықтар мен жаңа істерге бай толымды күн күтіп тұрды. Біздің балғындар «Шебер қолдар» үйірмесіне барып, ағашқа күйгізіп қрнек салуды  үйренді, оригами техникасымен әртүрлі қолөнер бұйымдарын жасады. Бұдан басқа, компьютерлік сыныптар да болды, онда біздің балаларымыз жақсы көретін компьютерлік ойындарын ойнады. Ересек балалар тауға, орманға серуендеді, құлпынай жинау сейіліне шықты. Сондай-ақ, оқушыларымызға Сабындыкөл көліне саяхаттар ұйымдастырылды, онда лагерьге бекітілген қоршалған құмды жағажайы бар, мұнда кішкентайларға арналған «балалар көлшігі» орналасқан.

Біздің шәкірттеріміз «Баянауыл аңыздары» байқауына белсене қатысты, онда балаларымыз «Шайтандар шатқалы» аңызынан қойылымдық үзінді көрсетіп, гран-при жеңіп алды. Хорлар сайысында балалар үйінің жеткіншектері Қайрат Нұртастың «Жаса, Қазақстан!» әнін шырқап, 3-ші орынға иә болды.

24 маусымда балалар Мәшһүр Жүсіп кесенесіне барып, облыстың тарихы туралы қызықты ақпарат алды.

Алғашқы маусымның жабылуына байланысты КВН және спорттық іс-шаралар өткізілді, онда біздің жасақ құрамасы басқа тоғыз командадан басым түсіп, бірінші орынды жеңіп алды. Белсенді қатысқаны үшін — Фелкер Кристина, Беленьянская Лена, Оразбаев Саша, Архипова Алина марапатталды. Фелькер Кристина пневматикалық қарудан ату бойынша  екінші орын иеленді. Александр Мунгалов теннистен үшінші орыннан көрінді. Ерекше атауымен көзге түскен ОҮБА командасы — «Юмар заражается» «Би алаңының шайқасында» бірінші орынды иеленді.

Спорт маусымының ашылуында біздің «360-шы команда» деп аталып 8-ші отрядымыз, «Сіз не десеңіз де, біз әрқашан алдамыз!» ұранымен 3-ші орынды иеленді.

Сүю күні болып белгіленген күн өте қызықты болып, балалар бір-біріне сүйіспеншіліктерін арнады. Ал «Керісінше күн» бәрін кері айналдырды, бұл күні қыздар ұл болып киінсе, ұлдар қыз кейпіне еніп, өмірдегі әрекеттері мен дағдыларының орынын алмастырды.

 

Сонымен бірге, «Жұлдыздар күні» де ерекше сипата өтті. Мұнда әрбір бала жұлдызды салуы, тігуі немесе жапсыруы қажет болды.

Жасақтар бұрышы байқауында – біздің отряд ең креативті жасаұ ретінде екінші жүлдеге қол жеткізді.

Станциялардағы ойын 8 станциядан тұрды, олардың әрқайсысында пойыз (отряд) тоқтап, тапсырманы алады. Біздің жеткіншектер барлық тапсырмаларды ойдағыдай орындап, 2-ші орынға ие болды.

Баянауыл ауылында «Қуыршақтар» биімен біздің оқушылар «Баянауыл Арбаты» атты облыстық іс-шараға қатысты. Ал Валерия Петрова «Каникулы» әнін орындады.

Жазғы маусымның соңында 8 отряд арасында «Жас дәурен» кубогы үшін футболдан лагерь чемпионаты өтті. Ойын қуаныш пен толқуға толы болды, жеңіске деген талпыныстары артқан біздің құрама кедергілердің бәріне қарамастан, жанкүйерлердің қызу қолдаумен күресіп, кубогты жеңіп әкетті. Жан аямай сайысқан біздің жігіттер жеңіске жетті.

Маусымның жабылуына орай, біздің отрядтың есептік «Бенефис» концерті тарту етілді. Онда балалар жазғы демалыс орнымен және жаңа достары, тамаша жазғы демалысты ұйымдастырған тәлімгерлерімен бірге «Жас дәуренмен» қоштасқан болатын.

Жаз тез арада өте шықты. Алайда демалыстың әсерлері біздің балаларымыздың есінде қалары анық. Жазда балалар өздерінің денсаулығын нығайтып, жаңа оқу жылына күш-қуат жинады.

Ермеков Нұрсағат Рахметоллаұлы, әкімші-тәлімгер Турбало Николай Сергеевичке және «Жас дәурен» лагерінің қызметкерлеріне осы тамаша жазғы демалыс күнінің әрбір күнінде балаларға көрсеткен қамқорлығы мен сүйіспеншілігі үшін алғысымды білдіргіміз келеді.

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа