«Балалар құқығы – адамдар құқығы» сенім телефоны 111

«Балаға мейірімді Қазақстан!» Халықаралық конференциясы аясында  Ұлттық 111 сенім телефонының жұмыс істеуі туралы, оның  танымалдығын арттыру мақсатында,  «Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ балалары мен жастары үшін, 2017 жылдың 24 қараша күні «Жалпықазақстандық «Сенім 111» сабағы өткізілді.

Аталған іс-шара «Балалар құқығы – адамдар құқығы» акциясына  орайластыра ұйымдастырылды. Мұндағы негізгі мақсат – балалар мен жасөспірімдердің арасында сенім телефонына,  шұғыл кеңес беру қызметіне, психологиялық және заңдық көмек көрсетуге қатысты сенім деңгейлерін арттыру. Сабақ сынып сағаты формасында психологиялық жаттығулар мен тренинг элементтерін қолдана отырып өткізілді.

«Ассоциациялар» жаттығуы  психологиялық ауыртпалықты жоюға,  ойлау процестерін жандандыруға,  балалардың көңіл-күй қалыбын жақсартуға бағытталды.  Балалар жаттығу барасында «Сенім» сөзіне баламалар табуға белсенді қатысып, сөздің мәнін — құпия, махаббат, түсіністік, сыйластық және т. б. алмастыруға болады деп атады.

«Иә, Жоқ, білмеймін» жаттығуы сабақ тақырыбын тереңдете түсуге көмектесті. Балалар сенім телефоны туралы білім үйреніп, «Бала құқықтары жөніндегі уәкіл» және «ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкілдік институты» сияқты ұғымдар жайлы түсінік алды.

«Жалпықазақстандық сабақ «Сенім 111»» таныстырылымын пайдалана отырып, балаларға сенім телефонының құрылу тарихы, жұмыс принциптері туралы мәлімет берілді. 111 сенім телефоны  жұмыс қызметінің үш негізгі принціпі ­ -құпиялылық, қолжетімділік, ақысыз қызмет.

Тәрбиеленушілер тәрбиешілермен бірге шынайы өмірде көмекке жүгінуге мәжбүр ететін жағдайларды талқылады. «Сенім шырағы» жаттығуын орындай отырып, балалар практикалық тәжірибе алды. Сенім білдіруге қатысты  қайта ойтолғау, басқа адамдармен сенімді қарым-қатынас жасау деңгейін күшейту, сенім деңгейін арттыру арқылы олар өздерін-өзі тануға мүмкіндік алды. Ал одан әрі қарайғы жаттығу талқылаулары балаларға қауіпсіз жағдайда қоршаған ортаға сенім білдіру қаншалықты оңай тақырыбына ойысты. Осы мәселеде алынған тәжірибе көріністері оларға үлкен өмірлік сабақ болғаны анық.

Сабақ өткізу үшін арнайы ақпараттық стенд әзірленіп, мұнда мынадай мәліметтер қамтылды:

— Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары жөніндегі Уәкілдің логотипі;

— Бала құқықтары жөніндегі Уәкіл туралы ақпарат.

— Бала құқықтары жөніндегі Уәкілдің электрондық мекенжайы;

— Сенім телефоны 111 логотипі;

— Танымал тұлғалардың Сенім телефонымен түскен фотосуреттері және логотипі.

Сабақ соңында қатысушыларға міндетті түрде жүгінуді талап ететін өмірлік жағдайларға қатысты жадынамалар, сайттар, ақпарат алуға болатын телефон туралы дереккөздері берілді.

 

 

 

Сабақты психолог Е. Н. Ковалевская мен С. Т.  тәрбиеші Шарапитова жүргізді.

 

Педагог-психолог Ковалевская Е. Н.

«Балалар құқығы – адамдар құқығы» атты дөңгелек үстел

 

Халықаралық балалар күніне орай 2017 жылғы 23 қарашада «Бала құқығы – адам құқығы» атты республикалық онкүндік аясында балалар ауылында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның мақсаты — құқықтық мәдениетті арттыру, 1989 жылы 20 қарашада БҰҰ-да қабылданған балалар құқығы туралы Конвенцияның негізгі Ережелері туралы тәрбиеленушілердің білім деңгейін көтеру. Дөңгелек үстелге ҚР БП ҚСжАЕК Павлодар облысы бойынша құқықтық статистиканы қалыптастыру бөлімінің прокуроры  Ерғабылов Дархан Қуатұлы, статист Тусупова Гүлнұр Ермекқызы, «Салауатты өмір салтын қолдау» ЖШС-ның білім беру бағдарламалары бойынша маманы Тұрарова Анара Қасымқызы, Павлодар облыстық наркологиялық диспансерінің  медициналық психологы Небельцова Анна Александровна қатысты. Оның ішінде дөңгелек үстелге балалар ауылының тәрбиеленушілері 9-11 сынып оқушылары, колледж шәкірттері де жұмылдырылды.

Дөңгелек үстел басында ең өзекті мәселелер: бала құқықтары туралы, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, өзін-өзі ұстауы, егер жасөспірім қиын жағдайға тап болса тақырыптары мен бала құқықтары туралы Конвенцияның негізгі мәселелері талқыланды. «Адам құқығы әрбір адам үшін және жалпы ел үшін маңызды. Алайда, адам құқығы мен бостандығы қамқорлықты қажет етеді. Бала жастан өз құқықтарын пайдалана отырып, өзге адамның құқығына қол сұқпауға, заңды шеңберден шықпауды үйрену керек» — дейді басшының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Мажитова Айгерім Дюсембайқызы. Әлеуметтік педагог Костюченко Алина Вячеславовна бала құқықтары туралы Конвенциямен таныстырды. Дүниежүзі балаларының құқықтары тең екендігі жайлы құжаттың негізгі бағыттарын атап өтті. Дөңгелек үстел барысында қатысушыларға буклеттер мен ақпараттық сипаттағы  «Балалар құқығы – адамдар құқығы» тақырыбындағы жаднамалар таратылды.

ҚР БП ҚСжАЕК Павлодар облысы бойынша құқықтық статистиканы қалыптастыру бөлімінің өкілдері Ерғабылов Д.Қ. және статист Тусупова Г.Е.  балаларды Қазақстан Азаматтарына арналған «Qamqor» ақпараттық жүйесімен таныстырып,  Қазақстан қалалары картасында қылмыс жасалған орындар көрініс тапқан «Қылмыс Картасын» назарларына көрсетті. Оның ерекшелігі мынада: қылмыс жасау фактісі тіркеліп, деректер базасына енгізіліген соң,  автоматты түрде 2-3 минут ішінде географиялық картада бейнеленеді. Кез-келген адам Ақпараттық сервис порталына кіріп, облыс орталықтарында орын алған  қылмыс деректерін, оқиға болған үйлер мен көшелерді білу мүмкіндігіне ие. Әркім өз бетінше өз ауданының қауіпті жерлерін анықтап, тіпті қай тәулік уақытында болғанын біле алады. Аталған жүйеде, сондай-ақ, тіркелген қылмыс қай оқу орындарында болды, оны жасаған азамат туралы толық ақпарат (деректер, тұрғылықты жері, фото) беріледі. Әр баланың өмірі, оның өз қолында. Бұл адамдар көп жиналатын бұзақы орындардан аулақ жүруге тырысу, күдікті кісілермен қарым-қатынасқа түсуден сақ болу, қырағылық таныту үшін қажет. Прокурор кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар бойынша статистиканы келтірді.

«Салауатты өмір салтын қолдау» орталығының маманы Тұрарова А. К. адам ағзасына зиянды заттардың, залалды әсерлері туралы, олардың адамның   дамуына кері әсері жайлы бейнеролик  ұсынып, сол арқылы, балалардың салауатты өмір салтын ұстануға  шақырды. Павлодар облыстық наркологиялық диспансерінің медициналық психологы А. Небельцова наркологиялық тәуелділіктің бастапқы диагностикасы мүмкіндігі мен білім беру мекемелеріндегі тәуелділікке ұшырағандарға қатысты мәлімет берді.

Дөңгелек үстелге барлық қатысушылар белсенді түрде қатысты, сұрақтар қойды және оларға түсіндірме жауаптар берілді.  «Балалар өз құқықтары мен міндеттерін, заңдарды неғұрлым жақсы білсе, соғұрлым өмірдегі жолдары жақсы болады  және қазіргі заманғы күрделі қоғамдық қатынастар ортасында өздерін сенімді ұстай біледі» –  «Балалар құқығы – адамдар құқығы» дөңгелек үстелінің қорытынды ой түйіні осындай болды. Өйткені, біздің жеке құқықтарымыз бұзылмауы үшін, біз басқа адамдардың құқықтарына нұқсан келтірмеуіміз тиіс. Өзіңді құрмет тұтқанын қаласаң, өзгелердің құқығын құрметтей біл.

 

 

«Павлодар қаласының

отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ

 

Плакаттар мен эсселер байқауы

Қазақстан – зайырлы, құқықтық мемлекет. Қазіргі таңда елімізде баланың құқықтарын қорғау, оның өмірін, денсаулығы мен қадір-қасиетін қорғау туралы көп айтылады. Өкінішке орай, бұл балаларға қатысты құқықтық мәдениеттің, құқықтық тәжірибенің өзгеруіне әсері аз болып тұр. Атап айтқанда, ересектердің балалар құқықтарын бұзуы, құқықтық нормаларын сақтамауы –түбінде балдырғандардың балалар үйіне түсуіне әкелетін фактор екенін ұмытпау керек.

Жуықта «Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» ҚММ-да «Адамдар құқықтары — балалар құқығы», «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында плакаттар мен эсселер байқауы өтті. Конкурсқа балалар үйлерінің барлығы қатысып, жеткіншектер өз жұмыстарын жұрт назарына ұсынуда шығармашылықтанытты. Жарқағаздардың мазмұны бай, бояуы қанық, реңі жарқынболды. Онда даралық қасиеттерді сақтау, медициналық көмек, білім беру және т.б. тақырыптар қамтылды. Балалар мұнымен тоқталып қалған жоқ, олар поэзиялық туындылардан үзінділер оқып, өз құқықтары, өмірі туралы әңгімеледі. Ал естияр балалардың жазған мақала, эсселері тыңдаушылардың жүрегін тебірентіп, ерекше әсер етті.

Балалардың байқауға ұсынған жұмыстарын психолог Е.Н. Ковалевская және әлеуметтік оқытушы А.В. Костюченко құраған құзыретті қазылар алқасы бағалады. Жарыстың қорытындысы бойынша бірінші орынды «Нұрқанат» үйінің оқушылары, екінші орынды «Ансар» үйі, үшінші орынды «Қуаныш» үйі иеленді. Қалғандары байқауға белсенді қатысқаны үшін сертификаттармен марапатталды.

Іс-шарадан кейін психолог Е.Н. Ковалевская қызықты қылып өткізген «Сенім телефоны 111» атты құқықтық сабақтан тәрбиеленушілерөздерінің таным  көкжиектерін кеңейтіп, білімдерін бекітті.

 

Кусаинова А.В.

«Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» ҚММ тәрбиешісі

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа