«Қатігездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» пікірталас алаңын өткізу туралы есеп

Ересектердің балалар өмірін қатігездіктен ада, зорлық-зомбылықтан аман сақтау жолындағы әрбір шынайы қадамы өскелең ұрпақ өмірін өркендетеді.

Қазіргі таңда балаларға қарсы жасалатын жауыздық пен зорлық-зомбылық мәселесін шешу — дүниежүзінің барлық еліндегі басым бағыттардың бірі.

Біріккен Ұлттар Ұйымының жаппай қол қойылған халықаралық құжаттарының бірі-  балалар құқығын қорғау жөніндегі Конвенция болып табылады. Бұл құжат ұйымға мүше мемлекеттерге «балаларды қатігездік қарым-қатынастан арашалауға, атап айтқанда, бірде-бір бала ешбір азаптауға немесе адамгершілікке жатпайтын басқа тасбауырлыққа түсуге, адамның арын қорлайтын кезкелген әрекетке, я болмаса жазаға тартылудан қорғалуы жөнінде міндет артады. Ол бала құқығын қиянат жасаудың кез келген түрінен — физикалық немесе психикалық ықпалдан, қорлау мен теріс пиғылда пайдаланудан, қамқорлықтың болмауы және сәбиге салғырт қарау секілді заң бұзушылықтардан қорғайды.

«Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі Балалар ауылында » балалар мен ересектердің өзара қызметі негізінде атқарылған «Қатігездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» акциясы өткізілді. Осыған орай «Қатігездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» пікірлесу алаңы ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты — балалардың өз бойларында ізгілік, мейірімділік қасиеттерін тәрбиелеу, оларды жақсылық жасауға құлшындыру. Олар мына сұрақтар төңірегінде ой бөлісті: «Қатігездік деген не?»,«Адамға қатігездіктен құтылуға қалай көмектесуге болады?», «Зорлық-зомбылық деген не?», «Өз құрбыларыңа қандай қауіпсіздік ережелерін ұсына аласыздар?»  және т.б.  Тәрбиеленушілер «Чучело»к/ф үзінділер көріп, балалардың іс-ірекетін талқылады.

Шараның соңында балғындар жүрекше пішіндес қағазға қатігездік пен зорлықтан қалай сақтануға болатыны жайлы өздеріне және бір-біріне, барлық адамдарға арнап кеңестер (тілектер) жазып, оны ізгілік ағашына орналастырды. Сонымен қатар, 7-8 сынып оқушылары «Біз біргеміз» тақырыбында флэш-мобөткізіп, осы арқылы балаларға қатігездік таныту мәселесіне қоғамның назарын аудартуды көздеді.

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа