Archive for : Декабрь, 2017

Біз біргеміз

Жаңа жыл қарсаңы! Бұл – балалар үшін тілектер орындалып, ғажайыптар орын алатын ерекше мереке.

Өкінішке қарай, кішкенелердің барлығында бірдей жылы үй, әке-шешелерінің қолымен өрілген ертегі әлемінде өмір сүріп жатқан жоқ. Оған қоса, қаншамасы ата-анасыз өмір сүруде. Алайда, мемлекет жетім балаларға қол ұшын созып отыр: материалды көмек көрсетіп, жетім балаларға арнап мекеме құрып, қамқоршылық институтына қолдау көрсетіп отыр.

Дегенмен, бұл туған үйдің жылуы мен жайлылығына жетпейтіні анық. Шын қаласақ, кез келген адам басқа біреуге пайдасын тигізе алады. Осыны ескере отырып, біз де жоғарыда аталған бақыттың бір бөлшегін сыйлауға тырыстық.  Әрине, алғашқы кезекте, бұл – біздің жылы лебізіміз, жылуымыз және қолдан келгенше ұйымдастырған мерекеміз.

№86 балабақшада көптеген жаңажылдық ертеңгіліктер өтті. Солардың біріне Павлодар қаласының отбаслық үлгідегі балалар ауылының кішкенелерін қонаққа шақырдық. Аталмыш шара біздің достарымызға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, қызықты өтетініне сеніміміз мол болатын.

Шара барысында тамаша балалармен таныстық. Мерекелік костюм киіп келген олар біздің жаңа жылдық командамызға тез-ақ сіңісіп кетті. Көңілді сайқымазақ қонақтарды балға шақырып, мейірімді патша сарай маңындағылардан Күлмес ханшайымның көңілін көтеруге шақырғанда кішкентайлардың жалындаған көздерін көріп өзіміз де риза болдық. Ал Аяз ата мен Ақшақарды қызықтаған олардың шынайы күлкісін сөзбен айтып жеткізу қиын.

Алайда, балалар мейрамда қонақ болып қана қоймай, белсенді түрде ат салысты: ән айтып, би биледі, өлең оқып, түрлі ойындарға қатысты. Әсірсе, ана туралы ән орындаған Дания Шукарова барлығының көзіне жас ұялатты. Аталмыш сәт мұңды болып көрінгенімен, балақайлар мен ересектерді одан әрі жақындастыра түсті.

Мерекенің соңына қарай, №86 сәбилер бақшасының жетекшісі Исабекова Бахыт Жүсіпқызы сөз сөйледі. Ол барлығын жаңа жылмен құттықтай отырып, ізгі тілегін жаудырды және Аяз атамен бірге сыйлық таратып, балабақша ұжымының атынан екі үлкен бәлішті тарту етті.

Біз балалар ауылындағы қызметтестерімізді әріптестік үшін, тағдыр тәлкегіне ұшыраған кішкенелерге деген ерекше ықылыстары мен кең жүректері, мейірімділіктері мен төзімділіктері үшін алғысымызды білдіреміз. Ал,балаларға ең басты, жайлы жанұя табуға тілектеспіз.

 

 

Ересек топ тәрбиешісі Швайчук.Л.А.,

Жүзу нұсқаушысы Якуба О.Н.,

әдіскер Полыцева Н.В.

Ғажайып Жаңа жыл

Жаңа жыл — балалар мен ересектер ерекше тебіреніспен қарсы алатын  ең сүйікті мерекелердің бірі. Аяз Ата, Ақшақар, Шырша, мерекелік сыйлықтар — балалар ауылы балақайларының асыға күтетін таңғажайып думаны болып табылады. Балалар ауылының балдырғандары ертегілік сиқырлы сипатқа толы мерекені балалар ауылының көркем етіп безендірілген  залында өткізіп, іс-шараға белсене қатысты. Олар Аяз Ата мен Ақшақарды шат-шадыман қуанышпен, ыстық ілтипатпен күтіп алып, көңілді ән және жалынды бимен өнерлерін паш етті. Ал Аяз Атаның көмекшісі және  адал досы — ит балалармен қызықты ойындар ойнады.

Сахнаға ертекші кейіпкер көтеріліп, ол балаларға Жаңа жылды жақсы көрмейтін Ұрысқақ қыз туралы қызықты және таңғажайып оқиғаны айтып берді. Бұл хикая үлкен ертегіге ұласты. Балалар Аяз Атаға Жаңа жыл жайлы әндерін айтып, оған тәтті жүлделер сыйланды.

Жаңа жыл меймандарсыз болмайды ғой! Біздің достарымыз – «Пища жизни» («Өмір азығы») қоғамдық қорының  өкілдері құттықтауларын жеткізсе, балалардың алдында Жаңа жылдық ғажайып бағдарламасымен аниматорлар өнерін көрсетті.  Бибігүл Омарова мен Татьяна және олардың командасы біздің балаларымызға тәтті сыйлықтар сыйлады. Балғындарға арналған мерекелік думан бұнымен аяқталған жоқ,  Жаңа жыл кереметтері, тосын сыйлықтар әлі де бар!

 

Тәрбиеші: Шарапитова С.Т.

 

«Барлығымыз шаңғы тебейік» қысқы ойыны

Балаларды физикалық тұрғыдан жетілдіріп, ағзасын дамыту үшін уақыттарының көп бөлігін таза ауада өткізу керектігі жасырын емес. Және бұл қыс мезгілінде де өзектілігін жоймайды. Сақылдаған сары аяз балақайлардың серуендеуіне кедергі келтірмей, керісінше пайдалы болу үшін қызықты ойындардың алар орны бөлек.

Біз де мереке күндерін пайдалана отырып, «Барлығымыз шаңғы тебейік» атты қысқы ойынды ұйымдастырған едік. Балақайлар қыздар және ұлдар тобы болып екіге бөлінді. Шаңғыдан өткізілген түрлі сайыстарға қатысып, қармен алысқан олар мәз-мейрам болып тарасты.

«Асық ату» ұлттық ойыны бойынша облыстық турнир

«Болашаққа Бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2017 жылдың 14 желтоқсан күні «Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» МҚМ ғимаратында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының арасында «Aсық ату» ұлттық ойынынан облыстық турниры өтті.
Турнирге жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар тәрбиеленіп жатқан 9 білім беру ұйымының ұл-қыздары қатысты.
Павлодар қаласының отбасылық үлгідегі балалар ауылы жарыс қонақтары мен қатысушыларын мерекелік көңіл-күймен қарсы алды. Сайыс салтанатты түзілістен басталып, мемлекеттік әнұран орындалған соң, 2 ойыншыдан тұратын 9 команда өзара жеребе тартты. Ойын асық атудың ең көп таралған нұсқалардың бірі – «Бес табан» және «Бес асық» түрі бойынша жүзеге асты. Алаң орталығында шеңбер сызылып, көлденеңінен тартылған сызық бойына асықтар тізілді.
Ойыншылар 3-4 метр қашықтықта тұрып, кезек тәртібі бойынша бір немесе бірнеше асық шеңберден ұшып кетпейінше, қаз-қатар тізілген асықтарды сақамен тиіп, шеңбер сыртына шығаруы тиіс болды.
Сайыс серпінді өтті, қатысушылар мен жанкүйерлердің қызу қолдауы мен қатысушылардың толқуы, бәсекелестік бәйге сезіліп тұрды.
Турнир төрешілері ойынның барысын қадағалап, бақылап, балғындарға нұсқау беріп отырды. Қазылар алқасы кәсіби мамандардан құралды.    Олар: Балалар мен жасөспірімдер спорт орталығының жетекшісі Макешов Е.Ш, Кенжекөл «Сұңқар» балалар мен спорт клубының жетекшісі Досымханов М.Ж., Кенжекөл ЖОББМ дене тәрбиесі мұғалімі Әбенов Ж.К.
Қазылар алқасының шешімі бойынша жүлделі орындарға келесі қатысушылар ие болды:
Ұлдар тобында:
1-орын Ақанов Дәулетхан («Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ) иеленді.
2-орын Кекшебай Әділетке («Қалқаман балалар үйі» КММ) бұйырды.
3-орынды Бульба Дмитрий («Лебяже балалар үйі» КММ) алды.
Қыздар тобында:
1-орынды Құсайынова Сәния («Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған №2 Песчан ЖОББМ») жеңіп алды.
2-орынды Идельбаева Баянсұлу (Екібастұз қаласы «Үміт» балалар үйі) иеленді.
3-орын Есқалиева Қаламқасқа («Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ) бұйырды.
Марапаттау рәсімі балалар ауылының мәжіліс залында өтті. Турнирдің қатысушылары мен қонақтары «Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» тәрбиеленушілері ұйымдастырған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26-жылдығына арналған мерекелік концертті тамашалады. Содан кейін марапаттау рәсімі өткізілді.
Турнирдің демеушілері Данара Ермек және оның командасы қаржылық қолдау көрсетті.
Сыйлық ретінде жүлдегер балаларға «Батырмол» сауда ойын-сауық орталығына арналған 5000 теңге көлемінде сертификаттар табысталды; «SportMaster» спорттық киім дүкеніне 2000 теңге көлемінде сертификаттар; жастар бағдарламасы бойынша оқу үшін сертификаттар; фотоальбомдар және сайысқа қатысқаны үшін сертификаттар сыйланды.
Басты сыйлық – 1 орын алғандарға ұялы телефондар тарту етілді.
Демеушілер ойынға қатысушы Е. Ноғаевтың шығармашылық қабілеттерін атап өтіп, 4000 теңгеге ынталандыру сыйлығын ұсынды.
Өңірлік деңгейдегі ауқымды іс-шараларды бұқаралық ақпарат құралдарынсыз өткізу мүмкін емес. Осыған байланысты бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері «Халық радиосы» қызметкері және 24 kz телеарнасының журналистері шақырылды.
Жарыстың басы-қасында балалар ауылының операторы, фото-бейне түсірілім үйірмесінің жетекшісі Н.Н. Нагорный болып, естен кетпес сәттерді естелік суретке түсірді.
Мереке бұнымен аяқталған жоқ. Турнирге қатысушылар демеушілер Данара Ермек пен оның командасы дайындаған тәтті дастарханнан дәм татты.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының арасында «Асық ату» ұлттық ойыны бойынша өткізілген облыстық турнир ұзақ уақыт бойы балалар мен ұйымдастырушылардың есінде қалары анық.
Осы іс-шара білім беру ұйымдары арасындағы байланыстар мен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға, Жас ұрпақтың ұлттық ойындарды меңгеруі мен білуіне, табысқа жету талпынысын қалыптастыруға зор мүмкіндік берді.Балалардың мінез-құлқында оң моральдық-психологиялық қасиеттерін тәрбиелеу және патриотизм сезімін өркендетуге де ерекше ықпал еткенін атап өткен жөн.

«Бес табан» ойыны бойынша турнир

Дойбы, тоғызқұмалақ, ақсүйек секілді қазақтың ұлттық ойындарының қатарына асық атуды да жатқызуға болады.

Бұл – өте қарапайым және ерекше талаптарды қажет етпейтін ойын түрі. Оны үйде, көшеде немесе көгалда ойнай аласыз. Асық ойынын жастайынан жанына серік еткен бала салмақты, мінезі тұрақты, талапкер әрі епті, мерген болып өседі.

Балалар ауылы үйлерінің арасында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Күні мерекесінің құрметіне асық ату турнирін ұйымдастырды. Турнир балалардың  қазақ халқының мәдени мұрасына құрметін арттыру, сондай-ақ қазақ ұлттық ойындары жайлы білімдерін ұштау және бойларында ептілік және дәлдік қасиеттерін дамыту мақсатында өткізілді. Сайыстың шарттарына сәйкес әрбір үйден бір ойыншыдан қатысты.

Жарыс «Бес Табан» ойыны бойынша өтті. Алаңның ортасына түзу сызық сызылып, оған жағалай асық тізілген соң, ойынды бастаушы асық тізілген жерден бес табанға тең аралықты белгілеп алып, шеңбер тартты. Әр ойыншы екі асықтан тігіп, белгіленген шеңберге кірмей (баспай) ортадағы асықты 50 сантиметр қашықтықтан кезек-кезек атуға кірісті. Асықты шиырған ойыншының өкешесі сызықтан аспауы қажет. Сақа тиген асық міндетті түрде шеңберден шығуы шарт. Көмбеге қойылған асықтарды сақамен ұрып, сыртқа шығара алмаса, онда келесі қатысушы лақтырады. Ойын осылайша өз кезегінде жүрді. Ең көп асықты атып шеңберден шығарған қатысушы жеңімпаз саналып, ойынды ұтты. Жеңілген баланың асықтары жеңген қатысушыға тиесілі болды.

Ойын ережелерін мұқият тыңдаған балалар оның шарттарын бұзбауға тырысты. Сайыс тартысты өтіп, балалардың көңілінен шықты.

Турнирдің қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

— Ақанов Дәулет («Қуаныш» үйі) бірінші орынды иеленді;

— Екінші орынды Козыренко Ангелина («Нұрқанат» үйі);

— Үшінші орын — Ескалиев Руслан («Ансар» үйі).

2017-2018 оқу жылына арналған «Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ «Жас проект» мемлекеттік бағдарламасы бойынша арнайы жобалары

Жас проект үйірме атауы Мұғалімнің атыжөні Өткізу орыны Өткізу уақыты Өткізу орыны
1. Жас проект

 «Лови момент»

Сапаров Д.С. Сәрсенбі

Жұма

10.00

10.00

 

Студия
2. «Қуыршақтар әлемінде»

қуыршақтар театры

Калиниченко С.И.

Кожушкина С.А.

Кошмег С.П.

Дүйсенбі

 

Жұма

11.00

16.00

11.00

16.00

Мәжіліс залы
3. Қуыршақтар театры Өнербек Роза

Сұлтанғазинова А.Е.

Сейсенбі

Бейсенбі

10.00

15.00

Мәжіліс залы
4. «Уличные танцы» Сабыр Ш.С. Дүйсенбі

Сәрсенбі Бейсенбі

10.00

17.00

17.00

 «Уличные танцы» студиясы
5. «Тігіншілік ісі» Жақсыбаев Дархан

Сәрсенбаева Ғалия

Оспанова Гульзия

Кожатова Айнура

Алданов Руслан

Сенбі

Жексенбі

В течение дня Дәрігерлік блок
6. Сұлулық сыйлап үйрен Кенжетаева Гульзия

Егеубайқызы

Бейсенбі Сейсенбі 11.00

16.00

Шығармашылық үйі шаштараз

2017-2018 оқу жылына арналған «Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ қосымша білім беру мұғалімдерінің жұмыс кестесі

Клуб секциясы, үйірменің  атауы Мұғалімнің атыжөні Өткізу орыны Өткізу уақыты Өткізу орыны
1.

 

 

«Будь здоров без докторов» Минин О.К. Сейсенбі Бейсенбі

Сенбі

14.00

 

 

Спорталаңы
2. «Би әлемінде» Тополь Т.Н. Сейсенбі

Бейсенбі

Сенбі

10.00

10.00

12.00

Тренажёрлікзал
3. «Фиксики» Касанова Мөлдір Сейсенбі Бейсенбі 15.00

15.00

Студия
4. «Жасөспірім және заң» Мажитова А.Д. Сейсенбі 11.00 Студия

 

5. «Арна»вокал Бегалимов Д.А. Дүйсенбі Сәрсенбі

Жұма

16.00

16.00

16.00

Әмбебап зал
6.  «В ногу со временем»  жастар қауымдастығы Вычка Ольга Владимировна Сейсенбі Бейсенбі 16.30

16.30

Мәжіліс залы
7 «Тіл ашар» Каримова Г.Е. Сәрсенбі Жұма 17.00

17.00

Оқушы кабинеті
8 «Әдістемелік хабаршы» Құрманова Г.К. Бейсенбі  Сенбі 17.00

17.00

Мәжіліс залы
9 «Оригамиғажайыптары» Евсюкова Т.А. Бейсенбі Сенбі 16.00

13.00

Мәжіліс залы
10 «Баскетбол» Шұғабаев М.Е. Сейсенбі Бейсенбі Сенбі 19.00

19.00

17.30

№36 ЖОББМ
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа