Archive for : Январь, 2018

«Таланттар территориясы»

«Таланттар территориясы»

2018 жылдың 29 қаңтарында Отбасы үлгісіндегі балалар ауылында «Один в один» конкурсы өткізілді. Көрермен назарына әйгілі өнерпаздарды нақпа-нақ сомдаған сегіз нөмір ұсынылды. Балалар тәрбиешілермен тізе қосып, ерекше ынта-жігермен шеберліктерін танытып, көпшілікті жарқын костюмдер, актерлік ойын қабілеттерімен қуантты. Конкурсанттардың өнерін құрметті қазылар алқасы: Каримова Г.Е.– Павлодар қ., ОҮБА басшысы; Айтқалина А.М – СОШ №14 ЖОББМ ДТЖО; Русанов О.Л.- №14 ЖОББМ-ның муз.қызметкері бағалады.

Әр баланың өнер көрсетуі өзіне тән әрлілігімен, ерекше сипатымен көз тартты.  Әрқайсысы қызғылықты болды.

Барлық қойылым қызықты болғандықтан, қазылар алқасына таңдау жасау оңайға түскен жоқ.

Назарды бірден аударған:  «Шығыс ертегілері», «Кавказская пленница» к/ф қойылымы және  «Бременские музыканты» м/ф-нен алынған  қарақшылар нөмірлері еді. Оларға жүлделі орындар тағайындалды.

Балалардың дарындарын ашу — өмірдің барлық салаларында шығармашылық дамуына қуат береді. Міне, бұндай жарыстар әрбір бала өз қабілеттерін көрсете алатындай үлкен мақсатты іске асыруға арналған.

Біздің ғаламның шексіздігі сияқты, өнер әлемінде де ешқандай шекара жоқ. Көк аспан күмбезінде  көптеген жұлдыз бар, міне, біздің балалар ауылы аспанында да осы конкурстан кейін жаңа оттар жарқырай түсті.  «Один в один» байқауы қатысқан бүкіл балаларға, Сендер нағыз дарынсыздар деп рахмет білдіреміз!

«Один в один» конкурсы педагогтар мен тәрбиеленушілерді бір үлкен шығармашылық ұжымға біріктірді.                                                 

 

Тәрбиеші: Шамиева Т.В.

 

«Менің үйім — менің қорғаным»

Адам үшін отбасы деген не? Бұл сөзді әркім жүрегімен түсіне алады. Әрқайсымыздың өміріміздің алғашқы сәттері отбасында басталады. Бұл — махаббат пен бақыт, бір-біріне құрмет, адалдық, бірге болуға деген ұмтылыс, өмірдің құндылықтары мен мүдделерінің ұқсастығы.

Осы отбасылық құндылықтардың бәрін біз тәрбиеленушілерімізге дарытып, отбасылық-әулеттік тәрбиені дамытамыз. Балалар ауылында өткізілген осындай шаралардың бірі — «Менің үйім — менің қорғаным» деп аталды. Аталмыш іс-шарада балалар тәрбиешілермен қатар әр отбасында қалыптасқан отбасылық дәстүрлер туралы әңгімеледі. Біз отбасы аясында балалар бос уақытты қалай өткізетінін, мерекелерде қандай тағамдар әзірленетінін, отбасылық рәсімдерге қалай дайындалатынын білдік. Ал балғындардың аналарымен бірігіп салған үйлері бәріне ұнады! Олар қолдарымен жасаған дүниеге бүкіл сүйіспеншілігі мен қамқорлығын салды.  Әр отбасы өз бекінісін жасады!

Ия, шын мәнінде, біз тәрбиеленушілеріміз үшін жайлы жағдай және жылы атмосфера құрып, қажетті көмек пен адами қолдауды қамтамасыз етеміз. Біз әрбір бала өздерін жақсы көретін және қорғайтын, сүйіспеншілік  сезімге бөлейтін орын бар екенін сезіну үшін барлық жағдайды жасаймыз.  Әрине, тәрбиеленушілеріміз отбасы — бұл өмірдің ұстыны және негізі екенін түсінгенін қалаймыз. Барлығымыз отбасында дүниеге келіп, есейе келе өз жанұямызды құраймыз. Адамың жаратылысы солай.

Сондықтан мен: «Менің үйім — менің қорғаным» деген әйгілі даналық сөзбен толығымен келісемін.

 

 Тәрбиеші: Шарапитова С.Т.

«Балдәурен достарын жинайды»

«Балдәурен достарын жинайды»

9 — 29 қаңтар аралығында біздің тәрбиеленушілер «Балдәурен» сауықтыру орталығында демалды. Орталық Бурабайдағы Щучье көлінің маңындағы еліміздің көркем жерінде орналасқан.

Лагерьде балаларды тынықтыру, денсаулықтарын жақсарту және дамыту үшін барлық жағдайлар жасалды. Осы 20 күн бойы балақайлар жарқын әрі қуанышқа толы күндерді өткізді. Сабақтардан соң балаларға тәлімгерлер түрлі іс-шаралар ұйымдастырып отырды.

Қаңтар айындағы алғашқы кезең  «Жақсылық жаса» деген атаумен өтті.

«Ертегілер күні» өте қызықты болды. Балалар ертегілік кейіпкерлерді  сомдап,  актерлерге айналды. Әлбетте, осы ертегілерде айтылғандай, жақсылық әрқашан зұлымдықты жеңді. «Логикалық тапсырмалар күні» балаларға ойлану, қорытынды жасау, әртүрлі ребустарды шешу кезіндегі қызықтармен ерекше ​​ұнатады.

Щучье көліне, көптеген аңыздарға арқау болған Оқжетпес тауына жаяу серуендер мен экскурсиялар ұйымдастырылды.

«Биші қыздар» деп аталатын ерекше қайыңдар  жеткіншектер таңырқай тамашалаған орын болды.

Ең бастысы, лагерде біздің балаларымыз Қазақстанның әр өңірінен достар тапты. Ауысым аяқталған соң, балалар лагерьмен және жаңа достарымен қимай қоштасты.

 

«Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ

«Мәңгілік Ел – бабалар атамекені»

Қазақстан әлеуметтік тұрақтылықтың үлгісі, 100 этникалық топ пен 17 конфессияның мүдделері тең тоғысқан тұрақтылық пен ұлтаралық ынтымақтың  нығайған мекені.

«Мәңгілік ел» идеясы  — біздің бірлігіміз бен Тәуелсіздігімізді сенімді түрде рухани тұрғыдан қуаттандыратын сарқылмас энергия көзі болып табылады.

«Мәңгілік ел – бабалар атамекені» оқу іс-шарасы балаларға азаматтық-патриоттық тәрбие беру шеңберінде ауызша журнал түрінде өткізілді. Сабақтың мазмұны оқушылардың өмірлік тәжірибесіне, балалардың сипаттамаларына негізделеді.

Бұл іс-шара бай табиғи ресурстары мол, флора мен фаунаның алуан түрі бар  Қазақстан Республикасы, қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары туралы білімін арттырып, олардың ел мен жер жайында тұтас көзқарасын дамытуға бағытталған.

Балалар тәрбиешінің басшылығымен сабақты тәуелсіз шығармашылық белсенділікпен өткізді. Оқу процесіндегі тренингтік жүйенің тағы бір маңызды бөлігі — қолайлы эмоционалдық ауан, ынтымақтастық атмосферасын  бірлесіп құру,  бұл — балалардың жеке қасиеттерін ашуға ықпал етеді.

Сабақ кезеңдері білім беру талаптарына сәйкес жасалған. Ауызша журнал сапары барысында балалар мынадай бірнеше бекетке тоқталды:  «Аумақ», «Тұрғындар» , «Климат»,  «Өнеркәсіп», «Қазақстан Республикасының рәміздері, мемлекеттік билік», «Ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы», «Қазақстандағы аңшылық», «Қазақ халқының мәдениеті», «Валютасы», «Қазақстанның жәдігерлері», «Астана».

Тәрбиеленушілер Қазақстан тарихы туралы білімдерін жақсы қырынан көрсетті.

Нәтижелерді қорытындылай келе, балалармен бірге Отанымыздың маңыздылығын тағы бір рет еске алдық. Біз Қазақстан — өз тарихымен, мемлекеттік тілімен, Конституциясында бекітілген рәміздері және астанасымен әлемге әйгілі мемлекет деп мақтанышпен айта аламыз. Біздің өз Отанымыз, дербес Республикамыз, тәуелсіз елімізді мақтан тұтуға қақымыз бар.

 

Тәрбиеші: Успанова С.К.

 

Қазақ ақын-жазушыларының мерейтойлық күндері.

Қазақ ақын-жазушыларының мерейтойлық күндері.

   Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар»  бағдарламалық мақаласында қоғамдық сананы жаңғырту бағытында анық мақсаттар белгіленген. «Біздің ұлттық салт-дәстүрлер, тіл, музыка, әдебиет, бұл, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рух, әрдайым Абай, Әуезов даналығы іспеттес бізбен мәңгі жасасуы тиіс. Біздің қоғамды жаңғырту үшін мемлекет бірінші «өз мәдениетімізді сақтау, өз ұлттық қадір-қасиетімізді дәріптеу»  шартын  белгілейді. Осыған орай балалар ауылының балғындары мен тәрбиешілері қатардан қалған жоқ, биыл Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Естай Беркімбаев, Бұқар жырау, Мұса Шорман, Сұлтанмахмұт Торайғыров сияқты танымал тұлғалар мен қазақ ақын-жазушыларының мерейтойларын атап өтуге өзіндік үлестерін қоспақ. Біздің балаларымыз бен тәрбиешілеріміз іс-шараға дайындықты бастап та кетті. «Аңсар» үйі Мәшһүр Жүсіптің өмірі мен шығармашылығы туралы қазақ және орыс тілдерінде бейнеслайд көрсетсе, «Қарлығаш» үйінің балалары Мұса Шорманның өмірі мен қызметінен ақпарат ұсынды, «Бірлік» үйі көмекей әулие атанған Бұқар жырау жайлы деректер айтып, қазақ ақынның өмірбаянын, толғауларынан үзінделерді жатқа оқыды. Сонымен қатар оқушы Фарида  Рашитова тіпті,  жыраудың  портретін салып, көпшілік назарына қойды. Көрме ретінде кітаптар мен фотосуреттер таныстырылды. Іс-шараға «Бұқар жырау» атындағы қалалық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкері қатысып, мұражай негізінде ақынның өмірі туралы көптеген мағлұматтар берді. Ал құрметті қонақ өз кезегінде балаларды музейді тамшалауға шақырды. «Нұрқанат» үйі мен «Қуаныш» үйі  Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы хақында әңгімеледі. Ақынның туған жері, ақын құрметіне қойылған ескерткіш туралы слайд көрсетілді. Оның жазбаша хаттары мен өлеңдер оқыды. Ал  «Достық» үйі мен «Аққайнар» үйі Естай Беркімбаев жайлы мол түсінік жасады. Өмірінің соңына дейін оның музасына айналған сүйіктісі, сол бойжеткенге арнаған лирикалық өлеңдері, риясыз  махаббаты туралы эпизодтар баяндалды.

2018 жыл қазақтың тарихында өшпес із қалдырған ұлы ақындары мен жазушыларының мерейтойлық атаулы күндеріне жомарт жыл болмақ. Алды үш жүз жылдық,  соңғылары екі жүз, жүз жиырма бес жылдық даталар тізбегін жалғайды. Тарихымызда өз іздерін қалдырған адамдар –Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Естай ақын, Бұқар жырау, Мұса Шорманов, Сұлтанмахмұт Торайғыров.

Қазақтар үшін ұлттық жад, өткенді қастерлеу —  үлкен жауапкершілік болып табылады, сондықтан біз осындай ұлы адамдар жайлы естеліктерді жүрегімізде  сақтауға және ұрпақтан ұрпаққа оларды насихаттай беруге тиіспіз. Балалар ауылы  балаларын Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, болашақта өз елінің шынайы патриоттары етіп тәрбиелеу – болшаққа бағытталған айқын бағдарамыз.

 

Тәрбиеші Жакупова Г.Ш. «Бірлік» үйі

Жасөспірім және онымен қарым-қатынас қақтығыстары

Жасөспірімдік кезең – ересектер мен балалар арасындағы қарым-қатынас қайшылықтары шиеленісетін шақ. «Жасөспірім-жасөспірім» және «жасөспірім-ересек» сияқты өзара қатынас алаңындағы дамудың әлеуметтік жағдайын ескерсек, бұл кезең — ересектер мен балалар арасындағы қарым-қатынас дағдарысы ретінде сипатталады. Ересектер бейнесінде көбінесе жасөспірімдермен жиі қайшылықтарға тап болатын мұғалімдер мен ата-аналар көрініс табады. Осылайша, екеуара жанжалдық қарым-қатынас үш байланыс жүйесінде өтеді: «жасөспірім — ата-аналар», «жасөспірім-мұғалімдер» және «жасөспірім — жасөспірім».

Жасөспірімдердің құрдастарымен араласуы — олардың өмірінің ерекше өрісі. Кейде құрдастық қарым-қатынас қызықтығы сондай, ол білім алу жоспарына кедергі келтіреді, тіпті, жақын адамдармен араласу белсенділігін  төмендетеді. Бірақ, мұндай әсердің психологиялық механизмдері мұғалімдер мен ата-аналарға көбінесе түсініксіз. Ал жасөспірімдер арасындағы қақтығыс қатынастары көшбасшылық үшін күреске негізделген.

Жанжалшыл мінез-құлықтың негізгі факторлары — шағымдардың, өзін-өзі бағалау мен мәртебенің деңгейі.

Жасөспірімдер мен мұғалімдер арасындағы қарым-қатынастар қызметтік, жүріс-тұрыс және көзқарас қақтығыстарымен қоса жүреді. Педагогикалық қақтығыстар білім беру қызметінің ерекшелігіне, тараптардың мәртебесі мен жасы бойынша ерекшеліктеріне байланысты. Мұғалімнің конфликт кезіндегі конструктивтік іс-әрекеті өз ұстанымын дұрыс анықтай білуіне, ата-аналармен қарым-қатынасқа, сынып пен педагог қызметкерлердің ықпалын пайдалануына, жасөспірімнің жеке басын құрметтеуге, тәрбиеленушілермен өзара әрекеттестікті оңтайландыруға арналған ұсыныстарды пайдалануға мүмкіндік береді.

Жасөспірімдер мен ата-аналар арасындағы қақтығыстар отбасылық қарым-қатынастардың жойылуына, білімнің жетіспеушілігіне, жасөспірімдердің психикалық дамуындағы жеке психологиялық өзгерістерге және ересектердің төл мінез-құлық ерекшеліктеріне байланысты. Жасөспірімдердің  қақтығысты іс-әрекеттері олардың дара болмыс ерекшеліктерін, жас ерекшеліктеріне сай психикасының өзгеруі ескерілмеген, ересектердің оларға қатысты қарым-қатынасының түрі мен сипаты өзгермеген кезде пайда болады.

Ересектер мен жасөспірімдер арасындағы жанжалсыз қарым-қатынасқа қолайлы жағдай туғызу үшін, ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеру, ұжымдық негізге сүйеніп  отбасыларын ұйымдастыру, ата-аналардың  балаларының  ішкі жан дүниесіне тереңірек үңіле отырып, өз ауызша талаптарын білдіргені септігін тигізеді.

Осындай эмоционалдық шиеленіске ұмтылысты айналадағылар көп жағдайда қақтығысқа деген қажеттілік деп бағалайды. Алайда адамның өзі мұны түйсінбейді, ал ол тұлғаның түпкі қажеттіліктерінен туындап, оны түзету қиынға соғады. Қарым-қатынасты үнемі драмаландыруға және тұлғааралық шиеленісті күшейтуге деген өзіне тән құлық қалыптасуы мүмкін екенін жоққа шығаруға болмайды.

Қақтығысқа түсудің тағы бір негізі — басқалар жайлы бұрыс қалыптасқан көзқарас, адамның шынайы мүмкіндіктеріне сай келмейтін өзін өзгеден жоғары санау, өзгелердің есебінен өзін таныту тенденциясы. Мұндай жағдайларда басқалардың жағымсыз қасиеттерін басымдықпен қабылдауға,  қарым-қатынас орнату кезінде қоршаған кісілерді теріс бағалау тұрақты бағдарға айналуы мүмкін.

Конфликт психикалық шиеленістің белгілі деңгейін қарастырады. Ол адамның психологиялық тұрақтылық деңгейіне байланысты әр адамда әрқилы болуы ықтимал. Психикалық тұрақты және психикалық тұрғыдан  тұрақсыз адамдар күрделі жағдайдаларда әртүрлі әрекет жасайды.  Психикалық тұрақсыз жасөспірімдерде кедергілерді оңтайлы еңсеру тәсілдері қалыптаспағандықтан, кейде теріс эмоционалдық стрестің өзіндік индукциясы байқалады: бей-берекет іс-әрекет стрестік жағдайды күшейтеді, бұл оның іс-әрекетіне одан әрі кесел келтіреді.  Бұл «берекесіздік толқынын» тудырады.

Қақтығыс компоненттерінің келесі түрлері бар:

эмоционалдық компонент (тұлғааралық әрекеттестік қалыбындағы тұлғаның жай-күйі, қақтығыс алды мен қақтығыс жағдайлары кезінде өзінің эмоционалдық қалып-күйін басқара алмау);

ерік-жігер компоненті (жеке адамның күшті жұмылдыруға және өзін-өзі бақылауға қабілетсіздігі);

танымдық компонент (қарсыластың арандату әрекеттерін қабылдау, субъективтілік, жағдайды талдау және болжау қабілетсіздігі);

ынталандырушылық компоненті (қақтығыс кезінде салиқалы мінез-құлық көрсетуге сай келмейтін және  проблеманы шешуге қатысты ішкі туынды күштердің жай-күйін көрсетеді);

-психомоторлық компонент (өз денесін, ым-ишараттарын басқара алмау).

Жасөспірім жанжалдарының психологиялық детерминанттарының (себептілік) үш түрі бар:

— дамудың психофизиологиялық ерекшеліктерімен байланысты детерминанты (анықталған ми жарақаттары немесе жұқпалы аурулар, тұқымқуалайтын аурулар, ақыл-ойдың артта қалуы, жүйке жүйесінің ерекшеліктері, әсіресе қозу және тежеу үдерістері);

нақты психологиялық детерминанттар — жеке тұлғаның сипаттамалары (жыныстық жас ерекшеліктері, отбасылық дамудың жағдайы, өзін-өзі бағалау деңгейі, мінездің нақтылануы);

әлеуметтік анықтаушы — микро және макроорта факторлары. «Конфликт» ұғымының анықтамасына сәйкес, бұл детерминанттарға жасөспірімнің әлеуметтік тәжірибесі жатады: әлеуметтік жетімсіздік (әлеуметтік жауап беру әдістерінің жеткіліксіз деңгейі), педагогикалық басқару және оқу мекемесінің түрі де әсер етуі мүмкін.

Бұл психологиялық детерминанттар жасөспірімдік жанжалға, яғни олардың иерархиялық құрылымына ие.

Отбасы аясындағы даму — басым позицияға ие. Отбасы жасөспірім шаққа дейінгі баланың өмір сүру жағдайларын белгілейді: бір жағынан, көптеген зиянды салдарларды болдырмайды, ал екінші жағынан, оның әсерлері мен тәжірибесінің ең бай көзіне айналады. Отбасындағы дағдарыс идеалдардың бұрмалануына әкеліп соғады, бұл алдымен жасөспірім жастың мінез-құлқының өзгеруіне, содан кейін моральдық көзқарас пен өмірлік ұстанымдарының бұзылуына әкеп соқтырады. Ересектерден түңілген жасөспірімге өзі құралпы балалардың ортасы жайлаған көше тәрбиешіге айналады. Олардың топ құруына  айналадағыларға түсінікті болу, ортаға қабылдану және өздерінің қадір-қасиетін арттыру негіз болса да, отбасылық байланыстан ажыраған жағдайда,  қатыгездік, қыңырмінезділік және азғын жетекшілік салдарынан қылмыстық әрекеттерге жол ашады. Салдарынан білім мен еңбек жетістіктері бұзылып, өзіне-өзі  баға беру мен  өзіне деген сенімділікті бәсеңдететін жаңа қақтығыстар мен кемшіліктер  туындайды. Сондықтан жасөспірімнің жанжалды мінез-құлқының психологиялық детерминанттарын зерттегенде, өзіндік девианттық іс-әрекеттерінен жас ерекшелігіне байланысты көріністерді,  қалыптасып келе жатқан өзін-өзі бағалаудағы болуы ықтимал өзгерістерді бояма міншілдіктен бастап әлеуметтік стандарттарға бағынбау әрекетінен  бөліп қарастыру қажет.

Қорытындылай келе, жасөспірімдер арасындағы қақтығыс проблемасы соңғы кездері ерекше резонанс тудыратын мәселе екенін ату керек.  Жасөспірімдік жанжалдар факторларын білу — жасөспірімдердің өзін-өзі бағалау дағдыларын дамыту,  тұлғааралық қарым-қатынас жағдайын талдау дағдыларын қалыптастыру үшін, адамдармен қарым-қатынаста өз мінез-құлқын түзету үшін  маңызды. Осылайша, белсенді оқыту әдістері арқылы жанжалды қақтығысқа қарсы тұрақтылық сипатқа өзгертуге болады.

 

Психолог-мұғалім Ковалевская Е.Н.

 

 

 

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа