Қазақ ақын-жазушыларының мерейтойлық күндері.

Қазақ ақын-жазушыларының мерейтойлық күндері.

   Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар»  бағдарламалық мақаласында қоғамдық сананы жаңғырту бағытында анық мақсаттар белгіленген. «Біздің ұлттық салт-дәстүрлер, тіл, музыка, әдебиет, бұл, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рух, әрдайым Абай, Әуезов даналығы іспеттес бізбен мәңгі жасасуы тиіс. Біздің қоғамды жаңғырту үшін мемлекет бірінші «өз мәдениетімізді сақтау, өз ұлттық қадір-қасиетімізді дәріптеу»  шартын  белгілейді. Осыған орай балалар ауылының балғындары мен тәрбиешілері қатардан қалған жоқ, биыл Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Естай Беркімбаев, Бұқар жырау, Мұса Шорман, Сұлтанмахмұт Торайғыров сияқты танымал тұлғалар мен қазақ ақын-жазушыларының мерейтойларын атап өтуге өзіндік үлестерін қоспақ. Біздің балаларымыз бен тәрбиешілеріміз іс-шараға дайындықты бастап та кетті. «Аңсар» үйі Мәшһүр Жүсіптің өмірі мен шығармашылығы туралы қазақ және орыс тілдерінде бейнеслайд көрсетсе, «Қарлығаш» үйінің балалары Мұса Шорманның өмірі мен қызметінен ақпарат ұсынды, «Бірлік» үйі көмекей әулие атанған Бұқар жырау жайлы деректер айтып, қазақ ақынның өмірбаянын, толғауларынан үзінделерді жатқа оқыды. Сонымен қатар оқушы Фарида  Рашитова тіпті,  жыраудың  портретін салып, көпшілік назарына қойды. Көрме ретінде кітаптар мен фотосуреттер таныстырылды. Іс-шараға «Бұқар жырау» атындағы қалалық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкері қатысып, мұражай негізінде ақынның өмірі туралы көптеген мағлұматтар берді. Ал құрметті қонақ өз кезегінде балаларды музейді тамшалауға шақырды. «Нұрқанат» үйі мен «Қуаныш» үйі  Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы хақында әңгімеледі. Ақынның туған жері, ақын құрметіне қойылған ескерткіш туралы слайд көрсетілді. Оның жазбаша хаттары мен өлеңдер оқыды. Ал  «Достық» үйі мен «Аққайнар» үйі Естай Беркімбаев жайлы мол түсінік жасады. Өмірінің соңына дейін оның музасына айналған сүйіктісі, сол бойжеткенге арнаған лирикалық өлеңдері, риясыз  махаббаты туралы эпизодтар баяндалды.

2018 жыл қазақтың тарихында өшпес із қалдырған ұлы ақындары мен жазушыларының мерейтойлық атаулы күндеріне жомарт жыл болмақ. Алды үш жүз жылдық,  соңғылары екі жүз, жүз жиырма бес жылдық даталар тізбегін жалғайды. Тарихымызда өз іздерін қалдырған адамдар –Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Естай ақын, Бұқар жырау, Мұса Шорманов, Сұлтанмахмұт Торайғыров.

Қазақтар үшін ұлттық жад, өткенді қастерлеу —  үлкен жауапкершілік болып табылады, сондықтан біз осындай ұлы адамдар жайлы естеліктерді жүрегімізде  сақтауға және ұрпақтан ұрпаққа оларды насихаттай беруге тиіспіз. Балалар ауылы  балаларын Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, болашақта өз елінің шынайы патриоттары етіп тәрбиелеу – болшаққа бағытталған айқын бағдарамыз.

 

Тәрбиеші Жакупова Г.Ш. «Бірлік» үйі

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа