«Мәңгілік Ел – бабалар атамекені»

Қазақстан әлеуметтік тұрақтылықтың үлгісі, 100 этникалық топ пен 17 конфессияның мүдделері тең тоғысқан тұрақтылық пен ұлтаралық ынтымақтың  нығайған мекені.

«Мәңгілік ел» идеясы  — біздің бірлігіміз бен Тәуелсіздігімізді сенімді түрде рухани тұрғыдан қуаттандыратын сарқылмас энергия көзі болып табылады.

«Мәңгілік ел – бабалар атамекені» оқу іс-шарасы балаларға азаматтық-патриоттық тәрбие беру шеңберінде ауызша журнал түрінде өткізілді. Сабақтың мазмұны оқушылардың өмірлік тәжірибесіне, балалардың сипаттамаларына негізделеді.

Бұл іс-шара бай табиғи ресурстары мол, флора мен фаунаның алуан түрі бар  Қазақстан Республикасы, қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары туралы білімін арттырып, олардың ел мен жер жайында тұтас көзқарасын дамытуға бағытталған.

Балалар тәрбиешінің басшылығымен сабақты тәуелсіз шығармашылық белсенділікпен өткізді. Оқу процесіндегі тренингтік жүйенің тағы бір маңызды бөлігі — қолайлы эмоционалдық ауан, ынтымақтастық атмосферасын  бірлесіп құру,  бұл — балалардың жеке қасиеттерін ашуға ықпал етеді.

Сабақ кезеңдері білім беру талаптарына сәйкес жасалған. Ауызша журнал сапары барысында балалар мынадай бірнеше бекетке тоқталды:  «Аумақ», «Тұрғындар» , «Климат»,  «Өнеркәсіп», «Қазақстан Республикасының рәміздері, мемлекеттік билік», «Ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы», «Қазақстандағы аңшылық», «Қазақ халқының мәдениеті», «Валютасы», «Қазақстанның жәдігерлері», «Астана».

Тәрбиеленушілер Қазақстан тарихы туралы білімдерін жақсы қырынан көрсетті.

Нәтижелерді қорытындылай келе, балалармен бірге Отанымыздың маңыздылығын тағы бір рет еске алдық. Біз Қазақстан — өз тарихымен, мемлекеттік тілімен, Конституциясында бекітілген рәміздері және астанасымен әлемге әйгілі мемлекет деп мақтанышпен айта аламыз. Біздің өз Отанымыз, дербес Республикамыз, тәуелсіз елімізді мақтан тұтуға қақымыз бар.

 

Тәрбиеші: Успанова С.К.

 

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа