Archive for : Февраль, 2018

Интернаттық мекемелер тәрбиеленушілерін сәтті әлеуметтендіру құралы ретінде «Мамандық таңдай отырып, өмірлік жолымды таңдаймын» облыстық  педагогикалық шеберханасы. 

Ағымдағы жылдың 23 ақпанында «Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ-да «Интернаттық мекемелер тәрбиеленушілерін сәтті әлеуметтендіру құралы ретінде «Мамандық таңдай отырып, өмірлік жолымды таңдаймын» облыстық  педагогикалық шеберханасы  өткізілді.

Ұстаздар ұжымы балаларға кәсіптік бағдар беру жұмысын тиімді жүргізу жүйесі және тәжірибесімен бөлісті. Балалар ауылының педагогикалық ұжымының іс-қызметін Павлодар облысы білім беру басқармасының балалар құқығын қорғау жөніндегі бөлім басшысы А.Н. Ықыласова, Павлодар облысы білім беру басқармасының инновациялық даму орталығының басшысы С.Ш. Слямова, ПК БАИ қоғаммен байланыс және баспа қызметі  жөніндегі бөлімінің басшысы Г. К. Құрманова жоғары бағалады.

Тәрбиешілер: Қарабаева Ж. К., Құсайынова А. В., Теміржанова Г. Е., сонымен қатар, педагог-психолог Ковалевская Е. Н білім басқармасының сертификаттары мен Павлодар облысы ПК БАИ «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалының алғыс хатына ие болды.

Арман жолында…

Аканов Дәулетхан — Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушісі — «Ты супер!» музыкалық жобасының бірінші іріктеу кезеңінен өтті. Композитор Игорь Крутой, танымал әнші Джулиана Карауылова, «Евровидение-2016» байқауының халықтық дауыс беру жеңімпазы Сергей Лазарев, продюсер және композитор Виктор Дробушев сияқты білікті мамандардан тұратын қатал әрі әділ қазылар алқасы жоба қатысушыларының өнерін бағалады.

Қатысушылар арасында Ресей, ТМД, тіпті Сириядан келген балалар да бар. Өйткені, мұндай ауқымды әлеуметтік жоба арқылы өзінің музыкалық қабілетін көрсету  мүмкіндігі кез келген адамға туа бермейді. Таланаттар байқауы – зор  табысқа жетудің үлкен қадамы. Дәулетхан осы жобада жұлдызы жарық болуға лайықты екенін дәлелдей алды, өз дарынын миллиондаған көрерменге паш етті. Қазақстан Республикасының атынан додаға түскен Дәулетханды Отанымыздың абыройын асқақтатуға деген керемет толқу, жауапкершілік және мақтаныш сезімі билегені анық.  Ол әрқайсымыздың оған үлкен үміт артатынымызды түсінеді. Әрине, әнші баламен бірге жұмыс істеген кәсіби музыканттар, вокал мамандарын, режиссерді, музыкалық композицияны және сахналық образды таңдаған адамдарды ерекше атап өткен жөн.

Ал Дәулетханның алдында жобаның келесі кезеңіне дайындық, маңдай терді төгуге тура келетін мақсатқа жету үшін үлкен жұмыс күтіп тұр. Біз Дәулетханның жетістігіне сенеміз! Алға, тек қана алға! Табысқа жету жолында шаршама, талма! Армандар орындалады!

 

А.Д. Мажитова

«Павлодар қаласының

отбасы үлгісіндегі

балалар ауылы» КММ

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа