Archive for : Март, 2018

Қайғы жүгін бөлісіп…

28 наурыз Ресей Федерациясында Кемерова аймағындағы «Зимняя вишня» сауда орталығында болған алапат өрттен қаза тапқандарды аза тұту күні болып белгіленген еді. Бұл күні көрші мемлекеттің аумағында мемлекеттік тулар түсіріліп, мәдениет мекемелері мен телеарналарда ойын-сауық іс-шаралары мен бағдарламалары тоқтатылды. Ондаған сәби мен ересек адамның өмірін қиған төтенше оқиға бүкіл Ресейді ғана емес шекаралас елдерді де дүр сілкіндірді.  «Зимняя вишня» СО-да қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алу іс-шарасы «Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ-да өтті.

«Біз Кемерово халқымен бірге орны толмас қазаға қайғырып, аза ауыртпашылығын бөлісеміз,» – деді мекеме басшысы Кәрімова Гүлбағда Ердешқызы.

Осы күні Балалар ауылының қызметкерлеріне шұғыл кеңес өткізіліп, оған «РСН 101» ЖШС инженері  П.С.Шульженко шақырылды. Кеңес барысында білікті маман өрт қауіпсіздігі, адамдарды қауіпсіз жерге көшіру талаптары, ұжымдық қорғаныш жүйелерін қолдана отырып қорғану ережелерімен таныстырды.

Өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуы —  мекеме басшысының тұрақты назарындағы мәселе, өйткені өрт  — тілсіз жау, материалдық залал мен адам өміріне және денсаулығына зиян тигізеді.

Қамқоршылық мекемесінде қауіпсіздікке және эвакуациялауға, күштік және жарық беру жүйелеріне, өрт сөндіру құралдарының болуына және мүлтіксіз жұмыс істеуіне, бірінші кезекті өртсөндіру құралдарының толық жинағының  болуына жіті көңіл бөлінеді. Балалар ауылы қызметкерлерімен өртке қарсы қауіпсіздік ережелері, өрт тұтанған кездегі іс-қимыл туралы, өртсөндіру тәртібі жайлы нұсқанама өткізілді.

ƏЗ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Наурыз — бұл көктем мерекесі, жаңару мерекесі. Табиғат ана оянып, тіршілік жанданып, жаңа үміттер өркен жаятын кез. Көктемнің əрбір шуақты күні, Сіздің шаңырағыңызға шаттық пен береке əкелсін.

Наурыз — ежелгі парсы тілінен аударғанда Жаңа күн деген мағына беріп, жаңа жылдың бастауы саналады.  Бұл — қыстың қаһары кетіп, жердегі тіршілікке жан бітіп, табиғаттың жаңғырып, жаңаруы.  Осы күндері қыстың құрсауынан босаған жер-ана мен барша тіршілік иесі шат-шадыман күйде болады. Барлығыңызды бұл  мейірімге, жылылыққа толы шығыс мерекесімен құттықтағымыз келеді.

Ұлыстың ұлы күнінде ертеден қалыптасқан дəстүр бойынша өткеннен қалған өкпе-назды ұмытайық, оларды ескі жылдың еншісіне тастап, айрылмастай достасайық. Үлкендердің ақ батасымен бір-бірімізді құттықтап, бір-бірімізге тілекші болайық. Өйткені бүгінгі айтылатын тілектер міндетті түрде орындалады.

 Наурыз бақ, береке, қуаныш пен жақсылық əкелсін!

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа