Archive for : Апрель, 2018

Асырап алушы ата-аналар мектебі

Павлодар қаласы балаларды асырап алуды қолдау орталығы «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» тәрбиешілеріне арнап «Асырап алушы ата-аналар мектебі» форматындағы тренингтік сабақтар өткізеді. «Жанұя» балаларды асырап алуды қолдау орталығының психологы Татьяна Зеленцова, Павлодарда ата-аналарды алмастырушы педагогтардың тұлғалық дамуына ерекше екпін салады.  Оқыту интерактивті режимде жүргізіледі: оған ойын, жағдайды үлгілеу,  тренингтік жаттығулар, миға шабуыл және пікірлесу  еніп, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың ішкі әлемін ұғуға, балалармен жұмыс істейтін қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін ашуға мүмкіндік береді. ААМ бағдарламасы аптасына бір мәрте өткізілетін 14 сабақтан тұрады. Бағдарлама аяқталған соң, қатысушыларға «Жанұя» ортлағының сертификаты табысталады. Бұл жоба – сынамалы жоба болып табылады. Өйткені, Павлодар қаласы «Бала асырап алу орталығы» «Балалар ауылы» базасында жұмыс істейді. Мұғалімдердің педагогикалық құзыреттілігі неғұрлым жоғары болса, балалардың толыққанды дамуы мен жайлы жағдайда тәрбиеленуіне мүмкіндіктері мол. Ересектермен өзара мейірбан қарым-қатынасқа үйренген балалар қамқорлық жасайтын отбасына да оңай және жылдам бейімделеді.

   

   

Көктемгі жақсылық апталығы

Инспектор Саягүл Серікбекқызының жетекшілік етуімен Жастар бастамаларын дамыту орталығының өкілі және павлодарлық оқушылар мен студенттерден құралған еріктілер тобы  «Көктемгі жақсылық апталығы» аясында  «Балалар ауылында» болып қайтты.  Еріктілер командасы мекеме ғимараты аумағын тазалап, тәртіпке келтіруге қолғабыс етіп, қоқыс жинауға, гүлзарларды қопсытуға көмектесті. Бұл жұмысты асқан құлшыныс, ерік-жігер, көтеріңкі көңіл күймен атқарған жастар көктемнің жаймашуақ күндерімен бірге жүректерге жылу сыйлады.

       

         

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа