Archive for : Сентябрь, 2018

Кіші олимпиада ойындарын өткізу туралы ақпарат

2018 жылдың 19 қыркүйегінде Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы базасында балалар үйі тәрбиеленушілері арасында XIV Кіші олимпиада ойындарының ашылу болды.

Бұл сайысқа бес мекеме: Павлодар қ.,Кенжекөл ауылы, Успен, Тереңкөл аудандық балалар үйлері, Екібастұз қаласының «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілері қатысты.

Олимпиаданың ашылу салтанаты сайысқа қатысушыларға, ұйымдастырушыларға көп қуаныш сыйлады. Сайыс Павлодар облысы білім басқармасы дене шынықтыру аймақтық оқу-әдістемелік орталығының басшысы Р.М.Қасқырбаевтың алғысөзімен бастау алды.  Ол балаларға рух сергектігін, спорттық бәсекелестікті және жеңіске құлшынысты тіледі. Балалар ауылының басшысы Г.Е.Кәрімова бұл ойындар Кіші деп аталғанымен, шын мәнінде олимпиаданың марапаттары үшін жүргізілетін күрес үлкен деп атап өтті. Өз кезегінде ол да балғындарға сәттілік тілеп:  «Жаңа жетістіктерге жетіңдер!» — деді.

Олимпиадада жас спортшылар үш спорт түрі бойынша жарысты: баскетбол, теннис, тоғыс құмалақ. Сайысқа Павлодар облысы білім басқармасы дене шынықтыру аймақтық оқу-әдістемелік орталығының мамандары төрелік етті.

Жарыс қорытындысы негізінде мынадай жүлделі орындар анықталды:               баскетболдан 1 орын – Павлодар балалар ауылына бұйырды, 2 орын  – Екібастұз қаласында,  3 орын  – Тереңкөл балалар үйінің еншісінде. Тоғыз құмалақтан: 1  орын – Екібастұз қ., 2 орын – Тереңкөл балалар үйі, 3 орын –  Павлодар қ., балалар ауылы; Тенис бойынша 1 орынды Тереңкөл балалар үйі жеңіп алса, 2 орынды Павлодар қ., балалар ауылы ұтты, 3 орынды Кенжекөл кенті иеленді.

Сайыс жеңімпаздарын марапаттау салтанатты мәжіліс залында өткізілді. Мұнда оларды Павлодар қаласы балалар ауылының шығармашылық ұжымы құттықтады.

«Білім күні»

2018 жылдың 1 қыркүйегінде Отбасы үлгісіндегі балалар ауылында Білім күніне арналған салтанатты түзіліс өтті.

Мерекелік күннің ауаныүйлер мен әкімшілік ғимараттыңбезендірілуінен, балалардың бір-біріне қуана тіл қатуынан анық сезіліп тұрды.

Салтанатты түзіліс мемлекеттік туды көтеруден, ҚР гимнін орындаудан басталды. Балалар ауылы басшысының орынбасары А.Д. Мәжитова жиылғандарды мерекемен құттықтап, тәрбиеленушілерге жаңа оқу жылында жаңа табыс пен білім жолында талмас қажыр, қуаты сарқылмас оптимистік сезім мен Қазақстан Республикасының лайықты азаматы болуға талпыныс тіледі.

Білім күні – мереке болғандықтан, балалар қонақтарға құрмет көрсетіп, шағын әрі қызықты концерттік нөмірлер ұсынды.Ногаев Егор«Астана» әнін арнаса, Казыков Р., Васильева К., Мұхамеджанова Г. –мектеп түлектері дәстүр бойынша ән орындап, бірінші сынып оқушыларына үлгі-өнеге көрсетті.

Оқушыларға арналып дәстүрлі қоңырау үні сыңғырлады. Бұл – жаңа оқу жылының басталғаны. Алғашқы қоңырау соғу құрметі 11 сынып оқушысы Казыков Романмен 1 сынып оқушысы Кабитова Адемауға берілді. Салтанатты жиынның соңында түлектер бірінші сынып оқушыларына сыйлық сыйлады.

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа