Archive for : Октябрь, 2018

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылау

2018 жылдың 5 қазан күні ҚР Президенті Н. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдау жасады. Бұл жарияланым Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы ұжымының ортасында талқыланды.

Елбасы Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктері мен қалыптасу жұмысының елеулі нәтижелеріне тоқталды.  Дербестік жылдарында біздің еліміз заманауи қарқынды дамушы, экономикасы қарыштап өскен мемлекетке айналып, жалпыадамзаттық келісім мен бейбітшілікке қол жеткізді деп атап өтті. Алайда, Жолдаудың негізгі бағдары Қазақстан халқының күнделікті өміріндегі мәселелерін шешуге, тұрмыстарын жақсартуға бағытталды.     Балалар ауылының педагогтары Президенттің қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыруға ерекше назар аударғанын құптады. Н.Назарбаев ҚР Үкіметіне ең төменгі еңбекақы мөлшерін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап  1,5 есеге көтеруді, бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің жалқасын 35%-ға көбейтуге тапсырма берді.

Әсіресе, еліміздегі ұстаздар қауымы мәселелеріне көңіл бөлінуінің маңызы зор.  Балалар ауылының басшысы Г.Е.Кәрімова Жолдауда атап өтілген мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту, біліктілік талаптарын,  білім беру әдістемелерін, мектепке дейінгі білім беру қызметкерлерінің еңбекақы алу жүйесін  қайта қарастыру қажеттігін тілге тиек етті. Орта білім беру саласында халықаралық тәжірибеге сүйену керек деген Н.Ә.Назарбаев «Педагог статусы туралы» Заңды әзірлеп, қабылдау жөнінде тапсырма беріп, ЖОО-да білім беру мәселелеріне, ұсынылатын қызметтерге, оқу орнын бітірген соң түлектерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету ісіне де тоқталып өтті.  Назарбаев университеті үлгісінде жаңа Аймақтық ЖОО құруды тапсырды.

Балалар ауылының тәрбиешілері Елбасы ел тұрғындарының денсаулығына көп көңіл бөлгенін бөліп атады. Президент бұқаралық спорт пен денешынықтыру, заманауи медициналық қызметтердің қолжетімділігі жайын сөз етті.

Мекеме қызметкерлері Мемлекет басшысы жария еткен Жолдауда еліміздің барлық облысында жайлы өмір сүру жағдайын құру, экономиканы агроөндірістік кешендер мен ТҮКШ дамыту жөніндегі сенімді шараларды іске асыру қажеттігіне назар аударды. Нұрсұлтан Әбішұлы базарларды өз өнімдерімізбен, азық-түліктерімізбен қамтамасыз ету қажеттілігі бар екенін айтып, қазақстандықтардың шетелдік тауарларды емес, сапалы, бағасы тиімді отандық өнімдерді тұтынуына жағдай жасау жөн деді.

Балалар ауылының қызметкерлері Президент Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткен барлық мәселелерді мұқият зерделеді. Барлық билік тармақтарының қазіргі заманға сай және үйлестірілген іс-қызметі қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартатынына сенім білдірді. Әрбір адам бүтіндей мемлекетіміздің дамуы мен қоғамдық жағдайды жақсартуға өз үлесін қоса алатыны анық.

 

Балалар ауылы ұстаздарымен өткізілген тәжірибелік семинар

2018 жылдың 12 қазанында Балалар ауылында Павлодар облысы «Өрлеу БАҰО» АҚ филиалының ғылыми-әдістемелік қолдауы арқылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұстаздардың тәжірибесін таныстыру және дайындау бойынша тәжірибелік семинар өткізілді.

Құрманова Г.К. әрбір жұмыс бағыты бойынша түсіндірме жүргізді. Балалар ауылында бес жоба іске қосылмақ. Олар: «Саналы азамат», «Кітап – білім бұлағы», «Өлкетану», «Отаным «Тағдырым»,  «Қазақстанның киелі орындары». Гаухар Қабатайқызы инновациялық түр және мазмұн арқылы  тәрбие беру жүйесін құру өте маңызды екендігін атап өтті.

Н.Назарбаев атап өткендей, «әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады. Бұл рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі — өзіңнің кіші отаныңның тарихын білу». Сондықтан, іс-қызмет бағытының бірі ретінде «Қазақстанның киелі орындары» жоюасы аясында қасиетті мекендерге экспедиция ұйымдастыру жұмысы белгіленді.

Ұстаздар әр жобаның сипаттамасы нақты мысалдар арқылы түсіндірілді. Маңыздылығы мен мақсаты және міндеті атап көрсетілді. Семинар барысында педагогтарға осы жобаларды жүзеге асыру бойынша нақты қадамдар белгіленіп, үлгілер жобаланып, күтілетін нәтижелер, индикаторлар анықталды.

Семинар кезінде әр бағыт бойынша жұмысты жоспарлау мәселелері, әр жобаны іске асыру үшін жұмылдырылатын қатысушылар саны мен өткізу мерзімі  талқыланды.

Көрсетілген көмегі үшін Г.К.Құрмановаға алғыс білдіреміз және алдағы уақытта тығыз ынтымақтастық қарым-қатынасты жалғастырамыз деп үміттенеміз.

Халықаралық қыздар күніне арналған іс-шараны өткізу

Отбасы үлгісіндегі балалар ауылында БҰҰ Бас Ассамблеясы қыздардың құқығы мен ерекше проблемаларын тану белгісі ретінде жариялаған  Халықаралық қыздар Күніне арналған онкүндік аясында бірқатар іс-шара өткізілді.

Салауатты өмір салтын қолдау Орталығының дәрігері Г.Б.Соманова «Қыздардың репродуктивті денсаулығын қорғау. Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында  жасөспірім-қыздармен пікірлесу сағатын өткізді. Осы іс-шара қыздар мен әйелдердің құқықтарының бұзылуына орта қалыптастыратын кемсітушілік пен зорлық-зомбылықтан қорғау, стереотиптерді еңсеру жайлы жасөспірім-қыздардың көп мағлұмат алуына мүмкіндік берді. Әңгімелесу барысында қыздардың жыныстық тәрбие мәселелерін ұғынуына, алдағы отбасылық жұп құру кезеңінде, болашақта жарқын өмір сүру үшін салауатты өмір салтын ұстануына пайдалы кеңес берілді.

Балалар ауылы әдістемелік-психологиялық қызметіннің мамандары қыздармен бір апта бойы жұмыс жасады. ОҮБА психологы Ковалевская Е.Н. 8-9 сынып қыздарымен «Біздер, қыздар арасында» атты психологиялық тренинг өткізді. Білікті маман жеткіншектермен адам өміріндегі сүйіспеншілік тақырыбын талқылады. Қыз балалардың бойжету және  қоғам ортасында өздерін ұстау мәселелері қозғалды.

Іс-шара барысында әлеуметтік педагогпен бірлесіп, балалар құқығы туралы Конвенцияны талқылады, қыздарға «Балалар құқығы – адамдар құқығы» буклеттер үлестірілді. Қоғамдағы бала құқығын білу бойынша викторина ұйымдастырылды.

Павлодар облысы дін істері жөніндегі Басқармасы конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту Орталығының психологы Г.С.Тасболатова «Қазіргі заманғы діни экстремизм мен лаңкестікке қарсы қимыл» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.

Тренинг кезінде қыздар конфессияаралық қарым-қатынастар жайында кеңірек біліп, онда түрлі халықтардың қыз баланы тәрбиелеудегі дәстүрлері мен мәдениетін талдап, отбасы құруы және олардың ерекшеліктері туралы мәлімет алды.

Балалар ауылының медициналық қызметкерлері Павлодар қаласының бірінші емхана дәрігері Г.Б.Ахметжановамен бірлесе отырып, «Жасөспірім-қыздардың гигиенасы. Қыздардың жыныстық тәрбиесі» жайлы әңгіме жүргізілді. Ақыл-кеңес кезінде қыздар бойжеткен қандай болуы тиіс, әрбір жастағы денсаулық ерекшеліктері, ересек өмірдегі жалпы тазалық ережелері жөніндегі білімдерін бекітті. Бұдан бөлек, әйелдің есею мәселелері сөз етілді.

Өткізілген іс-шаралардың маңызы зор. Қыздар көп қызықты әрі пайдалы дүниелерді естіп-білгендерін атап өтті. Осындай іс-шаралар кезекті рет ересек өмірге дайындықтарын дұрыс жүргізуге, алдағы өмірлері жайлы ойлануға көмектесетіні туралы оң пікір білдірді.

Ювеналды сотпен танысу

2018 жылдың 12 қазан күні орта және ересектер тобы балаларымен Ювеналды сот ғимаратына экскурсия жүргізілді. Психолог сот жұмысы жайында ертегі айтып берді. Балалар адам өмірінде кездесетін жауапкершілік  тартқызуы мүмкін қым-қуыт оқиғаларды талқылай отырып, ертегінің қалай аяқталатынын ойластырды.

Психологпен пікірлесу тәмамдалған соң, судья ғимаратты аралатып таныстырды, бұдан кейін жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық туралы әңгіме жүргізді.  Сот балалардың қойған сауалдарына тұщымды жауап беріп, ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін түсіндірді.

Бұл іс-шара балалардың қызығушылығын тудырып, заңды сақтау жөніндегі білімдерін ұштады.

Денсаулық Күні

Балалар арасында салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау, олардың бойына спорттық-бұқаралық іс-шараларға қатысу қызығушылығын сіңіру, өз күшіне сенімділік қабілетін қалыптастыру,  спортқа деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу мақсатында  2018 жылдың 29 қыркүйек күні «Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылында» Денсаулық Күні өткізілді. СӨС орталығымен бірлескен бағдарлама аталмыш іс-шараны жоғары деңгейде атқаруға мүмкіндік берді. Балалар эстафеталық сайыстарға түсіп, әдеттегіден ерекше жабдықтарды қолданып, доппен түрлі спорттық ойындар ойнады.

Денсаулық Күнін өткізуге балалар ауылының әрбір үйінен тәрбиеленушілер қатысты. Ауа-райының ашықтығы, музыкалық сүйемелдеудің жарқындығы жайлы жағдай тудырып, командалық рухты көтерді. Бұл спорттық шараның балаларға ұнағаны, олардың қуаныштан бал-бұл жанған жүздерінен байқалып тұрды. Әр команда бірінші болуға тырысып, көбірек балл жинауға барын салды.  Сайыстың қорытындысы бойынша балалардың барлығы мақтау қағазы және сыйлықтармен марапатталды.

Бұл іс-шараны жыл сайын өткізу – балалар ауылында игі дәстүрге айналған. Қатысушылардың барлығына бір-біріне керемет көңіл-күй, позитивті эмоция сыйлағандары үшін алғыс айтамыз. Денсаулықты сақтап, денешынықтырумен шұғылданыңыздар! Денсаулықтарыңыз мықты болсын!

«Мектепке жол» акциясы атқарылды

Отбасы үлгісіндегі балалар ауылында Білім күні қарсаңында өмір жолында қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау мақсатында жыл сайын «Мектепке жол» Республикалық акциясы ұйымдастырылады.  Бұл игі іс-шара жылына бір рет 1 тамыз бен 30 тамыз аралығында дәстүрлі  түрде өткізіледі.       Оны өткізу барысында бізге бизнес-компаниялар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, жеке кәсіпкерлер мен іскер азаматтар қолдау көрсетті. Жыл өткен сайын біздің балаларымызға көмек қолын созуға дайын адамдардың қатары көбейгені қуандырады.

Соңғы төрт жылдың ішінде «Детский мир» ЖК иесі Говоров Илья Александрович тұрақты демеушілік танытып, балалар ауылының барлық оқушыларын бүкіл оқу жылы бойы 350.000 теңгеден астам қаражатқа кеңсе тауарларымен қамтамасыз етіп келеді. Балақайлар мектепке қажетті кеңсе керек-жарақтары толық қамдалып, сабаққа барады.

Тастенов  Талгат Қалижанұлы басқаратын «Қазтранссервис» ЖШС оқушы-балаларды киім-кешекпен қамтитын қамқоршылардың көшін бастап тұр. Ал «Бемер Арматурен Қазақстан» ЖШС болса, шаштараз-модельер мамандығы бойынша білім алып жүрген бірінші курс студентіне өндірістік тәжірибеден өтуге қажетті жабдықтарды 65 000 теңгеге сатып әперді.

Жеке кәсіпкерлер де қолдан келген жәрдемдерін аямайды. Қамқоршылық кеңесінің төрағасы, кәсіпкер Ғалы Темірұлы 9 жыл қатарынан өзінің қамқоршылығындағы Иван Шабалинді мектепке даярлап, бастан-аяқ киіндіріп келеді.

Балалар ауылының тәрбиеленушілері үшін баға жетпес әрі жарқын сыйлықтың бірі – спорт жабдығы болды. Оны «Атырауэнерготехсервис»  компаниясы атынан Ихлас Қалиев орнатып берді. Балалар алаңы балалар ауылы аумағының көркін кіргізген басты нышанға айналып, балғындарды қуанышқа бөледі.   Енді олардың өз уақыттарын тиімді әрі пайдалы өткізулеріне тағы бір жайлы жағдай жасалды.  Бұл жерде спорттық қабілеттерін шыңдап, салауатты өмір-салтын ұстануға мүмкіндіктері бар.

Балалар ауылының әкімшілігі мен қызметкерлері осы акцияға атсалысқан барлық жомарт жандарға шынайы көңіл, терең тебіреніспен алғыс айтады. Балаларға жасалған көмек – абыройлы іс. Жақсылықты бірлесіп атқару әрқашан жеңіл!

Сіздердің өз шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын, ізгі істеріңіз сауаптан болсын, есесін берсін, үйлеріңізге қуаныш енсін!

  

«Тілдік келісім»

Павлодар облысында «рухани Жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Тілдік келісім» жобасы қолданысқа енгізілуде. Жобаның авторы Ш.Т.Кенжикова. Игі бастама облыстық тілдерді дамыту Басқармасы және облыстық «Ана тілі» орталығымен бірлесе атқарылып отыр. Павлодар облысының әкімі Б.Ж.Бақауов мұндай жобаның Қазақстанда ұқсасы жоқ екенін атап өтіп, тұрғындардың белсенді азаматтық ұстанымын танытатын, мемлекеттік тілді дамытуға, буынаралық байланысты нығайтуға жол салатын жобаға қолдау білдірген.

«Тілдік келісім» жобасын іске асыру шеңберіндегі іс-шараның ашылу салтанаты Павлодар қаласы, Оспенко көшесі 13 мекенжайында орналасқан «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» базасында өткізіліп, балалар ауылы тәрбиеленушілерінің орындауындағы әсем күймен, әсерлі флешмобпен басталды.

Облыстық Тілдерді дамыту басқармасының басшысы С.Ғ.Османова құттықтау сөзінде аталмыш жобаның мақсаты мен міндеттеріне қысқаша тоқталып, оның авторы мен шараны ұйымдастырушыларға алғыс білдірді. «Бұл жоба үш ай — қыркүйек, қазан, қараша бойында ұйымдастырылып, Кенжекөл балалар ауылынан – 30, Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылынан — 60 бала қамтылады,» — деді басқарма басшысы.

Балалар ауылының басшысы Г.Е.Кәрімова өз тарапынанан, жауапты істі атқаруға сенім білдірілгеніне рақмет айтып, бұл жобаны жүзеге асыру әртүрлі жастағы адамдарды қамтып, оларға әлеуметтік шараларға қатысуға мүмкіндік тудырып, қоғамдағы тұлғаралық қарым-қатынасты үйлестіруге септігін тигізетінін атап өтті.  Ал жоба авторы Ш.Т.Кенжикова «Тілдік келісім» жобасы кезең-кезеңімен іске асырылатын ұзақ мерзімді бағдарлама болатынынан үмітті екенін жеткізіп, қолдау көрсеткен  Павлодар облысының әкімі Б.Ж. Бақауовқа, Тілдерді дамыту басқармасына, «Ана тілі» орталығына және Отбасы үлгісіндегі балалар ауылының басшысы  Г.Е. Кәрімоваға ризалығын танытты.

Іс-шараға облыстық басқарманың тілдерді дамыту бөлімінің басшысы – Ержан Советұлы, мониторинг және талдау бөлімінің бас маманы М.К.Тумдинов қатысты.

Тіл үйрену шарасын Павлодар қаласы Балалар ауылы тәрбиеленушілерінің концерттік бағдарламасы жалғастырды. Егор Ногаевтың орындауындағы «Мен қазақ» әні тамашалаушылардың барлығын билетіп те жіберді.

Бұдан кейін қонақтар мен павлодарлық және кенжекөлдік отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілері, тәрбиешілерімен бірге Осипенко 13 аумағында ұйымдастырылған этноауылға шақырылды.

Балаларға төрт аялдамадан тұратын шеберлік-сабақтары өткізілді. Олар: асық ату, зияткерлік ойындары, қазақтың салт-дәстүрлері, бұрым өру мен қыздардың әшекей бұйымдары және т.б. Балақайлар әжелерден ұлттық дәстүр туралы мол мағлұмат алса, Жастар бастамаларын дамыту орталығының мамандарынан қызықты  кеңестер тыңдады. Іс-шараның соңында этноауыл маңында қазанда пісірілген бауырсақтар мен самауырға қайнатылған шайдан дәм беріліп, дастархан жайылды.

«Тілдік келісім» бірегей жобасы бастау алды. Оны жасаушылар мен ұйымдастырушылар бағдарламаның ғұмыры қызық әрі өміршең болып, Павлодар облысы тұрғындарын кеңінен қамтып, адамдардың азаматтық ұстанымын танытатын ауқымды шараға айналады деген үміт білдірді.

     

Ұстаз туралы мақала

2016 жылдың күзінде біздің балалар ауылына Мажитова Айгерим Дюсенбайқызы келді. Ол директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметіне орналасты. Арада аз уақыт өткенде, біз оның тұлғасынан балаларға деген жұмсақ мінезділікпен қатар адал жетекшілікті, уақытпен санаспайтын, балаларға да, тәрбиешілерге де  кез-келген көмегін аямайтын адамгершілігін таныдық.

Ол алғашқы күннен-ақ балаларға жағымды әсер қалдырып, көңілдерін тапты: олардың ішкі дүниесін түсініп, ортақ тіл табысуға тырысты. Ал әр бала оған жүрегіндегі құпиясын, өзінің сырын сеніп тапсыра алды.

Айгерим Дюсенбақызын екі жыл бойы білетіндіктен, мен ол кісі туралы жақсы пікір айтамын. Бұл адам қиын жағдайда ешкімді жалғыз қалдырмайды; қандай да болмасын мәселені шешу жолдары жайлы кеңес береді; қажет болғанда көмек қолын созады.  Ол тек тәрбие ісінің меңгерушісі ғана емес, біздің ұстазымыз деп ауыз толтырып айта аламыз. Менің осы пікірімді балалар ауылының барлық баласы құптайды деп ойлаймын. Айгерим Дюсенбайқызының бойында қамқорлық, шыншылдық, ізгілік, адалдық, тәуекелшілдік, адамды түсіне білу, ішкі әлемінің сұлулығы, ең бастысы адамгершілік қасиеттері тоғысқан. Осыған орай, ол кісіні өз ісін жетік меңгерген сауатты орынбасар ғана емес, үлкен жүректі жақсы адам деп бағалауға болады.

Өз жұмысының кәсіби маманы бола тұрып,  Айгерим Дюсенбайқызы біз сияқты балалармен қатар тәрбиешілеріміздің де мұң-мұқтажына жәрдем беруге уақыт табады. Оның осы қасиеті ежелгі нақылда айтылғанмен үндес: «Өзі үйреткен нәрсесін, өз ісімен дәлелдейтін ұстаз – ұлы ұстаз, ол осы жолдағы барлық сатыдан өткендіктен, өз мамандығының бүкіл құпиясын жетік меңгерген». Осылайша, біздің меңгерушіміз де дұрыс бағытты нұсқап, межелі міндеттерді орындау үшін жайлы жағдай жасай алады. Ол – жиі қолға алынатын қызықты әрі ерекше идеяларды жүзеге асырушы.

Сан қилы іс-шараларды ақылдасу кезінде Айгерим Дюсенбайқызынан кеңес сұрасаң жеткілікті, ол басымдықтарды дұрыс белгілеп, көңіл-күй құлшынысын арттырып жібереді. Біздің тәрбиеленушілер оның кабинетінен әрдайым ерекше құлшыныс пен креативті идеялар алып шығады.

Құрметті Айгерим Дюсенбайқызы! Балалар ауылы тәрбиеленушілері атынан, Сізді, кәсіби мерекеңіз – Ұстаздар күнімен құттықтауға рұқсат етіңіз!  Осындай тамаша күнде, Сізге, мықты денсаулық, отбасылық берекет,  әйел адамға тән бақытты тілейміз, өз мамандығыңыздың биік шыңдарын бағындыруыңызға тілектеспіз! Жұмыс күндеріңіз қуаныш пен қанағат сыйласын, ал жеке өміріңіз жан тыныштығын, шаттық пен өмір үйлесімін тарту етсін.

 

Павлодар қ.,отбасы үлгісіндегі

балалар ауылының тәрбиеленушісі

Герауф Альбина

«Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылында» Денсаулық Күнін өткізу туралы мақала

Балалар арасында салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау, олардың бойына спорттық-бұқаралық іс-шараларға қатысу қызығушылығын сіңіру, өз күшіне сенімділік қабілетін қалыптастыру,  спортқа деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу мақсатында  2018 жылдың 29 қыркүйек күні «Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылында» Денсаулық Күні өткізілді. СӨС орталығымен бірлескен бағдарлама аталмыш іс-шараны жоғары деңгейде атқаруға мүмкіндік берді. Балалар эстафеталық сайыстарға түсіп, әдеттегіден ерекше жабдықтарды қолданып, доппен түрлі спорттық ойындар ойнады.

Денсаулық Күнін өткізуге балалар ауылының әрбір үйінен тәрбиеленушілер қатысты. Ауа-райының ашықтығы, музыкалық сүйемелдеудің жарқындығы жайлы жағдай тудырып, командалық рухты көтерді. Бұл спорттық шараның балаларға ұнағаны, олардың қуаныштан бал-бұл жанған жүздерінен байқалып тұрды. Әр команда бірінші болуға тырысып, көбірек балл жинауға барын салды.  Сайыстың қорытындысы бойынша балалардың барлығы мақтау қағазы және сыйлықтармен марапатталды.

Бұл іс-шараны жыл сайын өткізу – балалар ауылында игі дәстүрге айналған. Қатысушылардың барлығына бір-біріне керемет көңіл-күй, позитивті эмоция сыйлағандары үшін алғыс айтамыз. Денсаулықты сақтап, денешынықтырумен шұғылданыңыздар! Денсаулықтарыңыз мықты болсын!

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа