Archive for : Ноябрь, 2018

Балаларға мереке сыйлау – жан рахаты!

Волонтерлік қызмет азаматтық қоғамды дамытуда негізгі рөл атқарады және қазіргі заманғы әлеуметтік мәселелерді шешуде маңызды ресурс болып табылады. Еріктілер — бұл риясыз көмек көрсетуге бағытталған, тұлға ретінде өсуге және осы қызметті жүзеге асыратын еріктілердің дамуына ықпал ететін адамдарға әлеуметтік қызмет көрсету нысаны.

Соңғы уақытта адамдар қайырымдылық пен қамқорлыққа зәру балалар мен ересектерге қалай көмектесе аламын деген мәселе төңірегінде көбірек ойлана бастады. Осылайша, біздің қаламызда, Павлодарда халықтың әртүрлі әлеуметтік топтарына көмектесетін еріктілер жасақтары қайырымдылық іс-шараларын жүргізеді.

 

«Павлодар қаласының VITA ізденушілер» ҚБ командасы Осипенко көшесі 13 мекенжайындағы «Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ-да болды. Жиырма адамнан тұратын команда жеті жыл бойы өте маңызды әрі қажетті миссияны атқаруда: олар Павлодар облысында жоғалған балаларды іздеумен айналысады, балалар үйлеріне, хоспистерге және мектеп-интернаттарға мейірімділік мақсатымен жиі келеді.

Еріктілердің айтуынша, балалар ауылының тәрбиеленушілеріне арнап қайырымдылық концертін өткізуді бұрыннан жоспарлап жүр екен, әрине, талантты әртістердің өнерімен қатар, тәтті тағамдардар мен сыйлықтар ұсыну да ойластырылған.

 

Концерттік-ойын-сауық бағдарламасында жарқын жүзді, сүйкімді жүргізуші — Яковишина Евгения өткізді. Бағдарламаның сан алуандығы мен жаңашыл шығармашылық жетістігімен ерекшеленді. Иллюзионист сиқыршы Ильдар көрсеткен аса қызықты фокустар балаларды қуанышқа бөледі. Әртіс Дмитрий Слепанёв сабын көпіршіктері таңғажайып шоуын көрсетті. Бағдарламаны «Fiesta» би тобы жалғастырды, олар жігерді жандыратын, ерекше әсер қалдыратын билерімен көпшілікті тәнті етті, ал аниматор Фиксиктер баллармен өздері ұсынған қызықты және танымдық ойындар ойнады. Концерттік-ойын-сауық бағдарламасының соңында балаларға тәтті сыйлықтар — торттар мен қолөнерге арналған шығармашылық жиынтықтар ұсынылды.

Балалар қонақтарды жылы қабылдады, ойын бағдарламасына оңай енген балалар белсенділік танытты. Олар тіпті «Іздеушілер» миссиясына қызығушылық танытып, кейбір тәрбиеленушілер осы іздеу ұйымының қоғамдық әлеуметтік парақшасына жазылды.

 

 

Балалардың көңілді күлкісі мен бақыттан жалт-жұлт жанған көздері  ешкімді бей-жай қалдырмады. Еріктілер балалар ауылында жылылық ен қонақжайлылық аууаны сезіледі деп атап өтті. Олар балалар мен педагогтар ұжымының бір отбасында тығыз қарым-қатынаста өмір сүретініне қызыға қарады. Волонтерлер бұл іс-шараны, өткізуге көмектескен мұғалімдер мен ұйымдастыруға ат салысқандарға алғысын білдіріп, балаларға мереке сыйлау – жан рахаты екенін айтты.

Бүгінгі күрделі әрі жылдам өзгеретін әлемде жетім балалар мен ата-ана  қамқорлығынсыз қалған балалардың таным-түсінігінде айналадағы адамдарға қатысты мынадай ой қалыптасады: «Оларға менім өмірім қажет, менің өткенім мен болашағым біреу үшін маңызды». Бала «адамдар әлі түсінбегенімді түсінуге көмектеседі» деген нық сенімге бекиді. Осындай қамқор адамдар қиын жағдайға тап болған балалардың өмірін әртараптандыруға көмектеседі.

 

 

Балалар ауылының әкімшілігі, барлық ұжым және балалар қуаныш сыйлап, қамқорлық танытып, дәмді тағамдар мен пайдалы сыйлықтарды тарту еткен еріктілерге алғыс айтады. Біз алдағы уақытта қызықты әрі көңілді кездесулерде жүздесуге үміт білдірдік.

 

«Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ басшысы Г.Е.Кәрімова

 

Интернаттық мекемелер тәрбиешілері – курс тыңдаушыларына арналған кездесу-семинар 2018 жылғы 5 қараша

2018 жылдың 5 қарашасында Павлодар облысы бойынша Павлодар облысы ұстаздар біліктілігін арттыру институтының «Өрлеу» АҚ филиалының курс тыңдаушылары «Павлодар қаласындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ-да болды.

«Гендерлік негізде оқу процесін ұйымдастыру» тақырыбындағы кездесуді интернаттық мекемелерге  арналған тәрбиеші-педагогтердің біліктілігін арттыру психологиялық-педагогикалық қолдау кафедрасының доценті Кәрімова Бағлан Түсіпқызы ұйымдастырды.

Кездесу пленарлық бөлімнен басталды. Балалар ауылының басшысы Кәрімова Г.Е. курс тыңдаушыларының келген қадамдарын құптап, мекеме  қызметін толықтай таныстыра алатындай жемісті, ынтымақты жұмыс жүргізгілетініне сенім білдірді. Балалар ауылының басшысы педагогтарды тәрбие беру үрдісінің мақсаттары және міндеттерімен, «Мәңгілік ел» және «Рухани жаңғыру» бағдарламалары мен мемлекеттік жобалар аясында жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік жобалармен таныстырды.

Содан кейін «Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ басшысының орынбасары Мажитова А.Д. мектеп-интернаттар мен балалар ауылдарының қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттар туралы баяндама жасады.

Осы іс-шара шеңберінде балалар ауылының өмірі туралы «ONE DAY» фильмі көрсетілді. Бұл бейнетүсірілімді Павлодар облысы білім басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлының бастамасы бойынша «Blife»  жастар ютуб каналы түсірген болатын. Фильм  үлкен қызығушылық туғызды және балалар ауылы  тәрбиеленушілерінің бір күндік өмірінен керемет көріністер көруге мүмкіндік берді.

Семинардың тәжірибелік бөлігі қызықты әрі нәтижелі болды. Онда тәрбиешілер  өз әріптестерінің балалар ауылындағы білім беру үрдісін тәрбиеленушілердің гендерлік ерекшеліктерін еске отырып ұйымдастырған іс-тәжірибесін тамашалай алды.

Курс тыңдаушылары «Өлкетану», «Қазақстанның рухани мұралары»,  «Отанның  тағдыры», «Кітап- білім бұлағы», «Саналы азаматтар» және «Шығармашылық үйі» сынды шығармашылық топтарға біріктіріліп, тәрбиеленушілер тұрып жатқан тұрғын үйлерді аралады.

Тәрбиешілер – курс тыңдаушылары, барлық үйірмелер жұмысын көріп,  құжаттамалар, қосымша білім беру мұғалімдерінің жұмыс бағдарламаларымен таныса алды. Балалар ауылы педагогтары  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы  «Мен — патриот» жобасын ұсынды.

Іс-шара концерттік бағдарламаға ұласып, «Азалия» және «Мармелад»  хореографиялық-би топтарының думанына жалғасты. Павлодар қаласындағы балалар ауылының тәрбиеленушісі — Республикалық фестивальдің Гран-при иегері — Сороколет Ангелина мен «Мега Жұлдыз» Республикалық вокалдық конкурсының Гран-при иегері — Ноғаев Егор өнер көрсетті.

Нәтижесінде, курс тыңдаушылары өткізілген іс-шараның мән-жайы бойынша ой қорытып, Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылының басшысы Г.Е. Кәрімова мен балалар ауылының тәрбиешілеріне қызықты жұмыс тәжірибесін ұсынғаны үшін алғыс білдірді.

 

 

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа