Archive for : Декабрь, 2018

КӨҢІЛ ЖЕТКЕНГЕ ҚОЛЫҢ ЖЕТЕДІ!

2018 жылдың 25 желтоқсан күні Астана қаласында «Болашақ бүгіннен басталады» атты балалар мен жасөспірімдер спорты және салауатты өмір салты Республикалық қысқы фестивалі өткізілді. Сайыс бағдарламасында жарыстың бірнеше түрі ұсынылды: пима-хоккей, тобогганмен сырғанау, «Аққала соғу» сайысы, шаңғы эстафетасы мен қысқы триатлон.

«Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ тәрбиеленушілері пима-хоккей сайысында Павлодар облысының намысын қорғады. Жаттықтырушы Минин О.К. қатысушыларды сайысқа шебер дайындады. Біздің ойыншы балалар спорттық қабілеттерін көрсете біліп, ептілік, шыдамдылық, жеңіске құлшыныс танытты. Жеті минутқа созылған әр кезеңде балалар өз басымдықтарын сақтап отырды. Алайда, қақпа ауысқан соң, спортшылар ұпай айырмасын ұстап тұра алмады. Жарыс нәтижесінде тартысты күрес жүргізіп, республикалық жарыстың жүлделі үшінші орнына ие болды.

Осындай фестивальдер балаларды спортқа баулып, салауатты өмір салтын ұстануға жұмылдырып, өз қабілеттерін шыңдауға, құрбыластары қатарынан дос табуға, басқа командалардың амал-тәсілдерін үйренуге үйретеді. Жаттықтырушылар мен төрешілер құрамы балалардың жеңіске деген талпынысы мен мықты спорттық әзірлік жасағандарына зор алғыс білдірді. Жарыс соңында барлық қатысушыларға дипломдар табысталып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Семей медицина университетінің студенттері Павлодар қаласының Отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілерімен кездесті

Семей медицина университетінің студенттері репродуктивті денсаулық, СПИД және адам денсаулығының заңнамалық аспектілері тақырыбында іс-шара өткізуге бастама көтеріп, «Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылында» болды. KazMSA жастар ұйымының өкілдері: Садылбек Жібек пен Шәкенов Бахтияр өз курстастарымен бірлесіп, гендерлік ерекшеліктерді ескере отырып, ұлдар мен қыздар үшін репродуктивті денсаулық туралы жеке-жеке көрсетілімдер жасады.

Бейнетаныстырылымды көрсеткен соң, оны талқылаудан кейін студенттер мен балалар «СПИД туралы не білесіздер?» атты тренинг өткізді. Еріктілер  балалар ауылы тәрбиеленушілерімен бірге оқиғалық жағдайды ойнатып, адам денсаулығына қатысты маңызды сұрақтарға, олардың өмірі мен басқалардың өміріне жауапкершілікпен қарау сынды сұрақтарға жауап таба алды. СПИД туралы бейнежазбаны көрген балаларға АҚТҚ жұқпасы мен СПИД алдын-алу және емдеу туралы заңнамаға таныстырылды. СПИД жұқпалы аурулардың алдын-алу бойынша студент-еріктілер Қазақстанда халықтың денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы ҚР Кодексі барын, адамдардың өз денсаулығын, өзгенің денсаулығын сақтауға қатысты жауапкершілігі туралы көптеген құжаттарды атап көрсетті.

Балалар ауылының тәрбиеленушілері медицина университетінің студенттері ұсынған ақпараттар өте маңызды екенін атап өтті. Ал студенттер, өз кезегінде, балаларға ақпараттық және практикалық процестерге қатысқаны үшін алғыс айтып, Семей медицина университеті туралы кітап ұсынып,  адамның ұрпақ сүю денсаулығы туралы ақпараттар бар буклеттер үлестірді.

Балалар ауылының басшылығы, қызметкерлері мен тәрбиеленушілері студент-еріктілерге үлкен ризашылығын білдірді. Оларға жоғары оқу орнын ойдағыдай бітіріп, білікті дәрігерлер қатарына қосылып, өз саласының маманы болуға, күрделі кезеңде адамдарға көмектесетін тұлға болуға тілектестік білдірді.

Ауыр атлетика бойынша сайыс өткізу туралы

2018 жылдың 16 желтоқсан күні Павлодар қаласындағы «Баянтау» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік Күніне орай, жасөспірім қыздар мен ұлдар арасында ауыр атлетикадан ашық біріншілік өтті. Біріншілікті Павлодар облысы бойынша ауыр атлетика Федерациясы Президенті Дычко Николай Васильевич ашты. Ол барлық қатысушыларға алқау сөзін арнап, спортшыларға мереке күнінде сәттілік пен жеңіс тіледі. Сайысқа «Павлодар қаласының отбасы үлігісіндегі балалар ауылы» КММ-ның тәрбиеленушілері Герауф Альбина мен Васильева Камила қатысып,  қыздар арасында ауыр атлетика чемпиондары атанса, Цеван Александра, Архипова Алина – екінші орын иеленсе, Тлеумова Камила мен Бурлакова Татьяна – сайыста үшінші орын алды. Ал Шрейнер Константин – бозбалалар арасында екінші орынды еншіледі.

Балалар ауылының басшылығы мен тәрбиеленушілері ауыр атлетика бойынша жаттықтырушы Тен Виктор Николаевичке зор алғыстарын білдіріп, жылы лебіздерін жолдауда. Ол жас спортшыларды үш ай бойы тынымсыз жаттықтырып, жеңіс тұғырына жетеледі.

    

Мерекең құтты болсын, менің Қазақстаным!

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдығына орай, мәртебелі мерекенің қарсаңында, 2018 жылдың 13 желтоқсан күні «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ-да салтанатты іс-шара өтті.

Салтанатты шара ҚР гимнін орындаудан басталып, мекеме басшысы Г.Е.Ердешқызының

құттықтауына ұласты. Ол қызметкерлер мен тәрбиеленушілерді алдағы айтулы мерекемен құттықтай келе барлық қазақстандықтарға бақыт пен игілік, бейбіт күннің берекелі болуын тіледі.

Мерекеге «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ өкілдері атынан бизнесті дамыту бөлімінің маманы А.Сағалбаева қатысып, балалар ауылының жасөспірімдеріне биік белестерді бағындырып, шығармашылық жеңістерге жетуіне тілектестік білдірді. – Өз тарапымнан барлығыңызды осы тамаша мерекемен құттықтаймын. Қазақстан Рсепубликасының белді азаматы – еліміздің шынайы патриоттары болып өсулеріңе тілектеспін,- деді А.Сағалбаева.  Қонақтар балаларға бағалы сыйлықтар – сағаттар, логотипі бар айна, ойыншықтар жинағы және т.б. тарту етті.

Іс-шараны жарқын концерттік бағдарлама жалғады. Балалар ауылының өнерпаздары ән мен күйден шашу шашты. К.Исқалиеваның орындауында домбырамен күмбірлеген күй тартылса, қазақ биі мен «Атамекен» әнін Е. Нагиева және вокал мұғалімі Д.А. Бегалинова шырқады. Коцерт көпшіліктің көңілінен шықты.

Көмір өндіруші «Айдабол» ЖШС өкілдері балалар ауылының тәрбиеденушілеріне «Реаниматоры» балалар мерекелік агенттігі ұсынған аниматорлардың ойын-сауық бағдарламасын тамашалауға жағдай жасады.

Балалар ауылының басшылығы мен балалары жаны жомарт, жүрегі жылы меймандарға

танымдық сыйлықтар беріп, қызықты кеш сыйлағына үшін алғыс айтады.

Күллі қазақстандықтарды ұлттымыздың ең ұлық мерекесімен құттықтаймыз! Еліміз өркендеп, қарыштап дамысын, бейбітшілік жасасын!

ТЖ қызметкерлері тәрбиешілер мен мекеме қызметкерлеріне қауіпсіздік шараларын үйретті

2018 жылдың 11 желтоқсан күні «Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ-да Павлодар қаласы ТЖБ АҚ тобының офицерлері лейтенант А.С.Ібікен және лейтенант Е.С.Газиз Е.С. балалар мен мекеме қызметкерлеріне «Мекемеде күшті әсер ететін улы заттар таралған апаттық жағдай туындаған кездегі қызметкерлер мен тәрбиеленушілердің іс-әрекеті» тақырыбында дәріс өткізді. Бұл дәріске 30 адам қатысты.

Офицерлер төтенше жағдай орын алғанда қызметкерлер мен тәрбиеленгушілердің не істеу керектігін түсінікті түрде баяндап, үрей-дүрбелеңнің алдын алу, улы заттар ауаға жайылған жағдайда дереу әрекет ету шараларын түсіндірді. ТЖБ АҚ қызметкерлері оқыту мультфильмін ұсынып, ТЖ туындағанда және улы заттар таралған уақытта қандай іс-қимыл жасау керектігін көрсетті.

Педагогтар мен балалар дәрісті қызғылықты түрде ұсынған  офицерлерге алғыстарын айтып, мұндай оқыс оқиғалардың туындауына жол бермеуге, мүлде болдырмауға үміт білдірді.

«Балалар құқығы – адамдар құқығы» онкүндігін өткізу туралы ақпарат

«Павлодар қаласының отьасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ-да «Балалар құқығы – адамдар құқығы» онкүндігі өтті. Себепсіз сабақ босату деректерін анықтау және оқушылар мен студенттердің заң бұзушылық әрекетінің алдын алу мақсатында, мекеме әкімшілігі Павлодар қаласының №14 мектеп мұғалімдері және колледж оқытушыларымен бірлесіп,  рейдтер ұйымдастырды. Тексеру барысында сабақты себепсіз босатудың алды алынып, балалармен жеке әңгімелесу жүргізілді.

Тәрбиеші Б.М. Гауриева «Встать, суд идет!» телебағдарламасы  негізінде проблемалық жағдайға

ойын түрінде түсіндірме жасады.

Онкүндік барысында тәрбиешілер барлық отбасылық-үйлер балаларымен қазақ және орыс тілдерінде презентациялық бағдарламалары бар: «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі», «Ақпараттық қауіпсіздік», «Қыз болашағы- Ел болашағы», «Бақытты ата-аналардың балалары да бақытты», «Бала. Құқық бұзушылық және жауапкершілік», «Отбасындағы зорлық – зомбылық», «Балалардың кұқықтары», «Судағы қауіпсіздік» сияқты ашық сабақтар өткізді.

Атқарылған іс-шаралардың қорытындысы есебінде Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті еріктілерінің қатысуымен «Балалар құқығы – адамдар құқығы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіліп, онда балалардың құқықтары және әлеуметтік ортадағы құқықбұзушылық жауапкершілігі жайлы мәселе талқыланды.

Бұл іс-шаралар құқыққорғау органдары өкілдері және ұстаздар қауымымен балалар мен жасөспірімдер, сондай-ақ қауіп тобындағы балалар  арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша жұмысты жандандыруға мүмкіндік берді. «Фемида» клубының жұмысы да жалғасуда.

 

Павлодар қаласы балалар ауылы тәрбиеленушілерінің бос уақытын қамту туралы ақпарат

Павлодар қаласы балалар ауылының тәрбиеленушілері бірінші желтоқсан мен үшінші желтоқсан аралығында ҚР Тұңғыш Президенті Күніне арналған бірқатар іс-шараларға қатысты.

Мерекенің алғашқы күнінде балалар ауылының балғындары сағат 12-00-де Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкалық драма театрында «Жыр жазамын жүрегімен» қойылымын, облыстық «Шаңырақ» халық шығармашылығы орталығындағы концертке қатысып, Павлодар облысының белгілі өнерпаздары қатысқан, Естай атындағы мәдениет сарайында ұйымдастырылған Абай атындағы №10 мектеп-лицейінің 80 жылдық мерейтойына құрметіне арналған концертті көрді.

2 желтоқсан күні іс-шараларды басқа отбасылық үлгідегі үйлердің балалары көре алды. Естай атындағы мәдениет сарайында «Би бала» Республикалық конкурсы, Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкалық драма театрында «Күзгі оқиға» спектаклі болса, «Достық» концерт залында «Томирис» би тобының есептік концерті ұйымдастырылды. «Батырмол» ойын-сауық орталығында Тұңғыш Президент Күніне орай өткізілген керемет концерт балалардың көңілінен шықты.

Мереке күндерінің қорытынды сәті, 3 желтоқсанда тәрбиеленушілер мен ұжым қызметкерлері «Шаңырақ» халық шығармашылығы мен ойын-сауық орталығында өткізілген «Супер әжелер» конкурсына келіп, жетекшілеріне жанкүйер болды.

Барлық іс-шара жоғары деңгейде, тартымды түрде ұйымдастырылды. Балалар мен тәрбиеші-аналар тамашаланған дүниелер арқылы жарқын эмоцияларға, жағымды көңіл күйге бөленді.  Әсіресе, жас әртістердің өнер көрсетуі және қайратты әжелердің жарасымды әзілі мен айналасына шашқан шуағы ерекше ұнады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа