Archive for : Январь, 2019

Жас кәсіпкерлермен ынтымақтастық туралы

Балаларды қолдау және әлеуметтік қатынастарды дамыту үшін отбасы үлгісіндегі балалар ауылының басшысы Г.Е.Кәрімованың жетекшілігімен мекеме ұжымы еріктілермен, демеуші ұйымдармен, кәсіпкерлермен үнемі ынтымақтаса жұмыс атқарып келеді.

Өткен жылы жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ағаш ойыншықтарды өндіруге «Жол картасы — Бизнес» жобасы бойынша грант жеңіп алған жас кәсіпкер Нұртаев Асқардың бастамасымен, өзара ынтымақтастық жұмысы жүзеге асып, балалар ауылы тәрбиеленушілері ағаш ұсталығы ісіне жұмылдырылды. Кәсіпкер жыл бойы балалармен бірлесе отырып, «Мысық үйі», «Қасықтар», «Барбиге арналған үй» және т.б. ағаштан жасалған ойыншықтарды әзірледі. Олар балалардың ойын-сауықта қолданылу үшін шағын ойын орталығына табысталды.

2018 жылдың қыркүйегінен бастап 2019 жылдың мамыр айына дейін «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында республикалық деңгейінде «Шаңырақ» жаңа жобасы іске қосылды. Бұл жобаның мақсаты: ағаштан жасалған жиһаздармен толықтай жабдықталған киіз үйдің үлгісін жасау, балалардың отандық кәсіпке деген сүйіспеншілігін ояту, оларды отансүйгіштік сезімде тәрбиелеу. Балалар ауылының тәрбиеленушілерімен жұмыс жасап жүрген А.Нұртаевтың айтуынша, жобаны іске асыру бойынша жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Балалар ынта-жігермен жұмыс істейді, табанды еңбекке шыдамдылықпен кірісіп, ағаштан түйін түю өнеріне үйреніп келеді. Киіз үйдің бөлшектерін жасау ісінің әр кезеңі, безендіру жұмыстары жайлы фоторепортаж бен шолулар қатар жүргізілуде.

Тартымды идеялар ұсынып, оны іс жүзінде қолданысқа енгізуге күш салғаны үшін Нұртаев Асқарға алғыс айтқымыз келеді. Одан әрі ынтымақтастыққа үміт артып, түпкі нәтижені таныстыруына сәттілік тілейміз.

 

 

 

 

Тәрбиеленушілер «Конвишер» шаруа қожалығын аралады

Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілері қала аумағынан бір шақырым шекте, Солтүстік өндірістік аймақта орналасқан «Конвишер» ШҚ-ға барады.

Балаларға арналған экскурсияны қожалықтың өндіріс жөніндегі орынбасары М.С.Манабаев және басқарушы С.Н.Федоров жүргізді. «Бұл ферма 2001 жылы құрылған. Сементал тұқымды ірі қара мал өсірумен айналысып, сүт өнімдерін өндіреді,» — деді экскурсия жетекшілері. Сиырлардан алынған сауын сүт өңдеу зауыттарына жеткізіледі.

Шаруа қожалығының директоры Конвишер Анатолий Иванович шаруа қожалығының негізі қалай қаланғанын айта келіп, өндірістің кеңеюі мен табыстылығы үшін мемлекет тарапынан қандай көмек алғанын баяндап берді. Қазіргі уақытта мұндағы ірі қара малдың саны 350 бастан асады.

Шаруа қожалығында мал өсіруге қажетті құрал-жабдықтар мен қондырғылардың барлығы бар, мол өнім алу үшін  арнайы азықтандыру технологиясы қарастырылып, шабындық пішені мен бидайық шөптерімен қамтылған. Шаруа қожалықтары малды азығына арнайы шоғырланған және барлық қажетті қоспалармен араласқан дайын жеммен азықтандырады.

Балалар ауылының тәрбиеленушілері малшылардың жұмысымен танысты. Олар түліктерді азықтандыру кезінде көмек көрсетіп, сиырларды сауу үрдісіне асқан қызығушылықпен қарады. Балалар ниет білдіріп, жылқылар мен сиырларға жем-шөп берді, ақырға азық пішен тастады.  Оқушылар жылқыларды, сиырларды сипап, мейірім танытты, сонымен қатар төл қорадағы бұзаулар мен қлындарды тамашалады.

Шаруа қожалығының өкілдері тәрбиеленуілерге бұл жолғы экскурсиядан көптеген қызық мәлімет алғанына сенім білдіріп, болашақта мал шаруашылығымен айналысқысы келетіндерді жұмысқа ораналастыруға  көмектесуге дайын екендіктерін жеткізді.

Өз кезегінде, балалар ауылының жеткіншектері мен ересектері  шаруа қожалығы басшылығы мен қызметкерлерінің жұмысын жоғары бағалап, мәнді ақпараттық экскурсияға жасаған фермерлерге алғыс айтты.

Жаңа жыл думаны – балалар үшін таңғажайып мереке!

Жаңа жыл әрқашан балалар мен ересектердің асыға күтетін асыл мерекесі.  Бұл – ғажайып оқиғалар уақыты,  оның басты ерекшелігі – сыйлықтар сыйлау. Осы күндері кәсіпкер адамдар күрделі өмірлік жағдайға тап болған балаларға шаттық сыйлауға асығатыны қуантады. Жер бетінде осындай адамдар көп болғаны қандай жақсы. Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілері назардан тыс қалмай, жаңа жылдық мереке қарсаңында белсенділер мен балаларға бей-жай қарамайтын тұлғалар тарапынан көптеген сыйлық алып, қызықты кездесулерге куә болды.

Жаңа жыл қарсаңында РБК банк өкілі Евгения ең кішкентай оқушыларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, Ақшақар бейнесінде келіп, балаларға мерекелік, жаңа жылдық сыйлық пакетін тарту етті.

«Қазтрансойл» АҚ-ның Павлодар мұнай құбыры басқармасының өкілдері мектепке дейінгі және бастауыш сынып оқушыларын Жаңа жыл думанымен құттықтады. Акционерлік қоғамның қызметкерлері балаларға көптеген сыйлықтар: қуыршақтар, автокөліктер, білімін дамыту ойындарын, шарлар, шаналар, кітаптар мен жемістер әкеліп берді.

Павлодар облысындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының басшылығы «Тілектер Шыршасы» атты тамаша акция өткізді. Балалар ауылының тәрбиеленушілері өздерінің ізгі армандарын жазып, шыршаға ілді. Жаңа жыл нышаны Павлов көшесі 48 мекенжайында орнатылды. «Мемлекеттік корпорация» КЕАҚ филиалы директорының міндетін атқарушы Ералин К.Н., директордың әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі орынбасары Ашен У.А. филиал директорының халыққа қызмет көрсету жөніндегі орынбасары Аукупеев Е., мемлекеттік қызметшілердің кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің төрайымы Шахарова К.К. балалардың тілектерін орындады және әрбір балаға жеке-жеке сыйлықтар тапсырды.

«RNR Group» ЖШС жетекшісі Р.А. Ибрагимовтың ұйымдастыруымен  «Айнар» мейрамханасында Жаңа жыл қарсаңында ұмытылмас жаңа жылдық кеш өткізіліп, түрлі тәтті-дәмділермен жасанған мерекелік дастархан жайылды.  Қаланың үздік аниматорлары балаларға естен кетпес ерекше көңіл-күй сыйлап, жағымды эмоциялар ұсынды.

«JEM» шығармашылық тобының жетекшісі Умарбеков Р., қоюшы-хореограф Тайыров Д., Аяз Ата мен Ақшақардың қатысуымен , 2019 жылдың символы – Доңызбен бірге қуаныш сыйлап,  кішкентай балақайлар үшін ұмытылмас мереке ұйымдастырды. Балалар ерекще әсерлер алып, жүректерін қуаныш кернеді.

Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған №8 лицейінің 6-10 сынып оқушылары мен мұғалімдері бірлесе өткізген «Бірігу»  жаңажылдық акциясы — балалар ауылының тәрбиеленушілері үшін жағымды сыйлық болды.  Оқушылар тобы — Флауф Е., Танирбергенова Ж., Тимошенко И., Курбатов С., Курбатова Л., Сахипова С., Тимошенко А. бір бума жұмсақ ойыншықты, қызықты әдебиеттерді, зияткерлік және ойын-сауық ойындарын, сон.ымен қатар басқа да сыйлықтар әкелді. Жылы қарым-қатынас, алаңсыз ойын, танымдық іс-әрекеттер балғындарды бей-жай қалдырмады.

Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің студенттері оқытушылар: О.В. Вычко және У.В. Комлеваның жетекшілігімен Жаңа жылдық шырша театрландырылған қойылымын қойды. Мереке қызықты әрі тартымды өтті. Балалар ән шырқады, өлең оқып, ертегі кейіпкерлерімен ойнады. Ең бастысы жаңа жылдық мереке ауанына сай көңіл-күйлері   көтерілді.

Жоғарғы сынып оқушыларына арналған ең есте қаларлық кездесулердің бірі — «Халық радиосы» радиостанциясының қызметкерлерімен ұйымдастырылды. Іс-шара идеясы «Халық радиосы»  радиожурналистері және бас редакторы Е. Ертысбаевқа тиесілі. Оқушылар кәнігі журналистердің кәсіби жұмысын көріп, дыбыс жазу студиясын тамашалады. Кездесу барысында балаларға Жаңа жылдық сыйлықтар табыс етілді. Ал тәрбиеленушілер — Герафа А. және Казыков Р., хабар тарату бағдарламасы барасында барлық павлодарлықтарға Жаңа жылдық құттықтау жолдауға   мүмкіндік алды.

Барлық жаны жайсаң, жүрегі мейірімді жандарды, біздің тұрақты қолдаушыларымызды 2019-шы Жаңа жылмен құттықтаймыз! Барлық адамға денсаулық, бақыт, сәттілік тілеймін! Ең бастысы, бүкіл демеушілерге, белсенділерге, альтруистерге ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға жылулық пен көңіл бөлгені үшін алғыс айтамыз. Бизнестеріңізге  өркендеу мен тұрақтылық тілеймін!

 

 

 

Кәрімова Г.Е.

«Павлодар қаласының отбасы

үлгісіндегі балалар ауылы» КММ басшысы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа