Archive for : Февраль, 2019

«Мәңгілік ел» және » Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы жалпыұлттық құндылықтар негізінде отбасы үлгісіндегі балалар ауылы тәрбиеленушілерінің жеке тұлғасын қалыптастыру» тақырыбы бойынша педагогикалық қызметкерлерге арналған облыстық семинар өткізу туралы

 

2019 жылы 21 ақпанда «Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ базасында » «Мәңгілік ел» және » Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы жалпыұлттық құндылықтары негізінде отбасы үлгісіндегі балалар ауылы тәрбиеленушілерінің жеке тұлғасын қалыптастыру» тақырыбы бойынша педагогикалық қызметкерлерге арналған облыстық семинар өтті.

Семинарға «Өрлеу » БАҰО АҚФ Павлодар облысы бойынша ПҚБАИ Білім беру жобасының ғылыми жетекшісі Құрманова Гаухар Қабатайқызы, Павлодар облысы білім беруді дамыту Инновациялық орталығының әдіскері Аушахманова Бақытгүл Төлегенқызы, Шақат балалар үйінің басшысы, басшылардың тәрбие жұмысы бойынша орынбасарлары, балалар ауылы мен балалар үйлерінің тәрбиешілері, «Жас Ұрпақ » МҚКМ өкілдері қатысты.

Семинарды «Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ басышысы Г.Е.Кәрімова ашты. Ол өскелең ұрпақты тәрбиелеу «Мәңгілік Ел» және «Рухани жанғыру» идеяларына негізделіп, баланың психологиялық және жас ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының жүйесіне сүйенетінін атап өтті. Мекеме басшысы тыңдаушыларға Павлодар қаласы ОҮБА-ның тәрбие жұмысы жүйесін үлгі ретінде таныстырды. Бұл жүйе оқушылардың рухани-адамгершілік қасиеттерін, отансүйгіштігін, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға, полиэтникалық Қазақстан жағдайында ұлттық сана-сезімді, толеранттылықты дамытуға мүмкіндік береді.

Бүкіл ұжымның балаларды адамгершілік-рухани, патриоттық сана-сезімде тәрбиелеу үшін қолайлы жағдай туғызуға бағытталған жұмысы  тиімді жүргізілгенін атап өтті. «Өрлеу «БАҰО» АҚ филиалы педагогтардың біліктілігін арттыру институтының қолдауымен, ғылыми жетекшісі Г. Қ. Құрманова корпоративтік оқыту негізінде мұғалімдердің үздіксіз білім алу  жүйесін әзірледі. Осы жерде негізгі мақсатты бағдарламалар, олардың міндеттері мен жүзеге асыру жолдары, Павлодар қ. ОҮБА КММ тәрбие жүйесінің моделі анықталды.

Павлодар қаласы мен Павлодар облысының кәсіпорындарымен және әлеуметтік нысандарымен көпжылдық ынтымақтастық «Мен — өз елінің патриотымын» ұзақ мерзімді жобасын іске асыруға көмектеседі. Аталған жоба балалардың әлеуметтік және азаматтық позициясының өсу индикаторы болып табылады.

Балалар ауылындағы барлық тәрбие үрдісін ұйымдастырушылар   осы мекеме қабырғасынан түлеген балалар болашақта қоғамның ортасынан өз орнын тауып, өз елінің белсенді азаматы болады деп үлкен үміт артып, сенім білдіре алады.

 

Павлодар қаласы балалар ауылының басшылығы өткізген семинар тыңдаушыларға жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға  тәрбие беру жұмысының әртүрлі заманауи технологияларымен, тың жобалардың іске асырылу жобасымен, ұжым мен тәрбиеленушілердің  нәтижелі жетістіктерімен танысуға мүмкіндік берді. Тыңдаушылар өнімді әрі пайдалы семинар үшін алғыстарын білдіріп, игілікті іс атқарып жүрген педагогтар қауымына сәттілік тіледі.

 

 

«Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ басшысы Г.Е Кәримова

«Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ-дағы «Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігін өткізу жөніндегі мақала

Қазақстанда 2019 жылдың 1-ші және 12-ші ақпан аралағында дәстүрлі түрде рухани-адамгершілік тәрбие жөніндегі «Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігі өткізілді. Онкүндікті өткізу тәрбие және білім беру үрдісіне қатысушылардың бойында рухани-адамгершілік қасиетті  дамытуды мақсат етті.

«Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ-да адамгершілік тақырыбында жарқын кездесулер, іс-шаралар, конкурстар, әңгімелесулер ұйымдастырылды. Онкүндіктің әр күні белгілі жүктеме алып, өзіндік ұран аясында өткізілді.  Балалар ауылының барлық тәрбиеленушісі әрбір іс-шараның белсенді қатысушысына айналды.

Айта кету керек, бас ғимараттың мәжіліс залы, үйлер мен фоейе қабырғалары тақырыпқа сай безендіріліп: ғибратты әңгімелер, қазақ ағартушыларының нақылдары, танымал  философтар мен ұстаздардың қанатты сөздері ілінді. Балаларға С.А.Назарбаеваға арналған фильм көрсетіліп, бақыт, шаттық, өмір мен адал махаббат жайлы әндер шырқалды. Балалар ауылының кітапханасында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім бағдарламасының авторы С.А. Назарбаеваның іс-қызметіне қатысты  «Мейірім төгетін ана» атты кітап көрмесі қойылды.

Балалар ауылында өткізілген іс-шаралардың ерекше есте қалғандары жайлы кеңірек атап өткіміз келеді. 2019 жылдың 7 ақпан күні тәрбиешілер  Жакупова Г.Ш., Қайсарова Н.Н. «Ел анасы» тақырыбында ауқымды шара атқарды. Оның барысында тәрбиеленушілердің «Мейірім деген не?» тақырыбында жазған эсселері оқылып, еліміздің Бірінші Ханымының атына құттықтаулар мен алғыс сөздер жолданды. Балалар аналық ақ жүрегін ұсынып, өскелең ұрпаққа жақындарына деген сүйіспеншілік пен зор адамгершілік нұрын төккен Ел анасына өз ризашылықтарын жеткізді. Адамгершілік қасиеттерге бай, өмірде ар мен ұят ұғымын бәрінен биік қоятын адам баласын қалыптастыратын  «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру жөніндегі бағдарламасын жасаған Сара Алпысқызының еңбегі ерен екендігі айтылды.

Осы күні балалар ауылының бұрынғы тәрбиеленушілері, жас түлектермен жанға жайлы, жүрекке жылы тиген  «Сен де бір кірпіш дүниеге» атты кездесу ұйымдастырылды.  Жоғары рухани-адамгершілік мәдениетті қалыптастырып, ұрпақтар сабақтастығын, балалар ауылы дәстүрлерін сақтауға арналған шараны өткізуге Ковалевская Е.Н мұрындық болды. Мұндай жүздесулер игі дәстүрге айналған. Бұл күні басшылық, тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер өз достарын қарсы алады. Өйткені, бір кездері ол балалар осы үлкен үйде тұрып, біліп алып, еңбектенді, армандады және шығармашылықпен айналысты. Қазір барлығы есейіп кетті, алды жұмыс істесе, кейінгілері оқуын жалғастыруда, кейбірі әскер қатарына алынды, өз балаларын тәрбиелеп жатқандары бар. Іс-шара «Наедине со всеми» телебағдарламасы форматында өтті. Түлектер — Костин Константин, Мамедова Лаура, Шарабарина Алена, Фелькер Кристина жүргізушілердің сұрақтарына шын жүректен жауап беріп, өз жетістіктері жөнінде әңгімелеп, өткен күндерін еске алды, болашақ жоспарларымен бөлісті. Жастардың атынан балалар ауылының басшысы мен ұйымшыл ұжымына: тәрбиешілер мен мұғалімдеріне қарата айтылған жылы лебіздер жанды тебірентті. Мекеме түлектері олардың өміріне тәрбиешілер мұқият бақылау жасап, жетістіктерін қадағалап, телефон және әлеуметтік желі арқылы үнемі байланыс орнатқанына ерекше тоқталды.

9 ақпан күні «Алтын жүрек» іс-шарасы өткізілді. Онда тәрбиеленушілер С.А.Назарбаеваға балаларға барлық жағдайды жасауға күш салғаны, қамқорлық пен мейірім танытқаны үшін зор алғыс білдірді. Балалар бес құндылық бойынша өз жобаларын таныстырды. Келесі күні «Ертіс» және «Адидас» командалары арасында спорттық сайыстар басталды. Көңілді старт ойынына әртүрлі жастағы балалар қатынасты, ойынға қатысудың басты шарты – салауатты өмір салтын ұстану. Көңілді старт кезекті рет командалардың бірлігін бекемдеді, ал спорттық бәсеке мен жеңіске деген құлшыныс олардың бойына керемет қуат құйып, жақсы көңіл-күй сыйлады. Командалар грамоталар және сыйлықтармен марапатталды.

   

Өзін-өзі тану жөніндегі онкүндікті балалар ауылы тәрбиеленушілері мен ұстаздарының қатысуымен өткен үлкен концерт қорытындылады. Басшы Кәрімова Г.Е. барлық қатысушыға жемісті әрі қызықты жұмыс жасағаны үшін рақметін айта келіп: «Бұл көпшілікті рухани-адамгершілік құндылықтарға қайта кенелтетін тамаша іс-шараға ғана емес,  әрбір адам қоршаған әлемге мейірім, махаббат пен жарқындылықтың бір бөлшегін әкелеуші тұлға екендігін есімізге салды»,-деді. Осындай іс-шаралар тәрбиеленушілердің есінде мәңгі сақталып, болашақтарын жарқын  қылып қалыптастыруға әсер етері хақ.

Онкүндікті өткізу арқылы балалардың жанында жүрген ересектер өзінің жеке үлгісімен, оларға деген шексіз махаббатымен, өз ісіне адалдығымен тәрбиеленушілердің бойында рухани-адамгершілік қасиеттерді дамытуға, балаларды бақытты етуге себеп болатындығына тағы да көз жеткізілді.

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа