«Мәңгілік ел» және » Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы жалпыұлттық құндылықтар негізінде отбасы үлгісіндегі балалар ауылы тәрбиеленушілерінің жеке тұлғасын қалыптастыру» тақырыбы бойынша педагогикалық қызметкерлерге арналған облыстық семинар өткізу туралы

 

2019 жылы 21 ақпанда «Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ базасында » «Мәңгілік ел» және » Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы жалпыұлттық құндылықтары негізінде отбасы үлгісіндегі балалар ауылы тәрбиеленушілерінің жеке тұлғасын қалыптастыру» тақырыбы бойынша педагогикалық қызметкерлерге арналған облыстық семинар өтті.

Семинарға «Өрлеу » БАҰО АҚФ Павлодар облысы бойынша ПҚБАИ Білім беру жобасының ғылыми жетекшісі Құрманова Гаухар Қабатайқызы, Павлодар облысы білім беруді дамыту Инновациялық орталығының әдіскері Аушахманова Бақытгүл Төлегенқызы, Шақат балалар үйінің басшысы, басшылардың тәрбие жұмысы бойынша орынбасарлары, балалар ауылы мен балалар үйлерінің тәрбиешілері, «Жас Ұрпақ » МҚКМ өкілдері қатысты.

Семинарды «Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ басышысы Г.Е.Кәрімова ашты. Ол өскелең ұрпақты тәрбиелеу «Мәңгілік Ел» және «Рухани жанғыру» идеяларына негізделіп, баланың психологиялық және жас ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының жүйесіне сүйенетінін атап өтті. Мекеме басшысы тыңдаушыларға Павлодар қаласы ОҮБА-ның тәрбие жұмысы жүйесін үлгі ретінде таныстырды. Бұл жүйе оқушылардың рухани-адамгершілік қасиеттерін, отансүйгіштігін, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға, полиэтникалық Қазақстан жағдайында ұлттық сана-сезімді, толеранттылықты дамытуға мүмкіндік береді.

Бүкіл ұжымның балаларды адамгершілік-рухани, патриоттық сана-сезімде тәрбиелеу үшін қолайлы жағдай туғызуға бағытталған жұмысы  тиімді жүргізілгенін атап өтті. «Өрлеу «БАҰО» АҚ филиалы педагогтардың біліктілігін арттыру институтының қолдауымен, ғылыми жетекшісі Г. Қ. Құрманова корпоративтік оқыту негізінде мұғалімдердің үздіксіз білім алу  жүйесін әзірледі. Осы жерде негізгі мақсатты бағдарламалар, олардың міндеттері мен жүзеге асыру жолдары, Павлодар қ. ОҮБА КММ тәрбие жүйесінің моделі анықталды.

Павлодар қаласы мен Павлодар облысының кәсіпорындарымен және әлеуметтік нысандарымен көпжылдық ынтымақтастық «Мен — өз елінің патриотымын» ұзақ мерзімді жобасын іске асыруға көмектеседі. Аталған жоба балалардың әлеуметтік және азаматтық позициясының өсу индикаторы болып табылады.

Балалар ауылындағы барлық тәрбие үрдісін ұйымдастырушылар   осы мекеме қабырғасынан түлеген балалар болашақта қоғамның ортасынан өз орнын тауып, өз елінің белсенді азаматы болады деп үлкен үміт артып, сенім білдіре алады.

 

Павлодар қаласы балалар ауылының басшылығы өткізген семинар тыңдаушыларға жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға  тәрбие беру жұмысының әртүрлі заманауи технологияларымен, тың жобалардың іске асырылу жобасымен, ұжым мен тәрбиеленушілердің  нәтижелі жетістіктерімен танысуға мүмкіндік берді. Тыңдаушылар өнімді әрі пайдалы семинар үшін алғыстарын білдіріп, игілікті іс атқарып жүрген педагогтар қауымына сәттілік тіледі.

 

 

«Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ басшысы Г.Е Кәримова

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа