Ата-бабалар мұрасы – біздің болашағымыз

«Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында Н.Ә. Назарбаев бүгінде төл тарихымызға оң көзқарас керек. Көпқырлы әрі ау­қым­ды тарихымызды дұрыс түсініп, қабылдай білуіміз керек екенін атап өтті. Бүгін қазақ халқының тарихи мұраларын насихаттауға арналған көптеген іс-шара өткізіліп келеді. Осындай қызғылықты шығармашылық кештің бірі 2019 жылдың 16-шы сәуір күні Қ. Әбусейтов атындағы мәдени-сауық орталығында ұйымдастырылды. Балалар ауылының тәрбиеленушілері педагогтармен бірге қазақстандық режиссер Қуат Әбусейтовтың шығармашылығына арналған іс-шараға қатысты.

Балалар ауылының тәрбиеленушілері режиссердің өмірбаяны мен шығармашылығына қатысты қызықты деректермен танысты. Қ. Әбусейтов Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы. Жерлесіміз – Абай атындағы мектеп-лицейдің алғашқы түлегі, еңбек сіңірген өнер қайраткері, қазақстандық режиссер Шәкен Аймановтың шәкірті. Режиссердің өмірі мен отбасы жайлы жазылған очерктерден оқылған үзінділер балаларға ерекше әсер етті.

Ақпараттық бөлімнен кейін, шығармашылық кездесуді жалғастырған мәдени-сауық орталығының әншілері Сәуле Арынғазина мен Бекен Жоламанов кештің көркін кіргізді. Бұл іс-шара «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ата-бабаларымыздың тарихи мұраларын тану саласында жүргізіліп жатқан саясаттың маңыздылығын атап көрсетті. Мұндай іс-шаралар әр қазақстандықтың жүрегінде із қалдырған тарихи тұлғалар мен аты аңызға айналған  адамдардың өнегелі өмірінен үлгі алуға, отандық тарихтың тағылымын білуге көмектеседі. Іс-шараға қатысушылар көптеген жаңа, қызықты ақпарат алып, ұйымдастырушылар мен әртістерге естен кетпес кеш сыйлағаны үшін алғыс айтты.

 

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа