Біздің спортшылар — біздің мақтанышымыз!

Ауыр атлетика адамдарды ерен күш-жігерімен және қас-қағымда көрсетілетін қайраттылығымен таң қалдырды. Бұл шынында да таңдай қақтырарлық нәрсе, өйткені үлкен салмақты көтеру оңай емес, тіпті қауіпті де. Атлет тұғырға шықан сәтте  снарядтың салмағына ғана назар аударып, айналасындағыларды ұмытады, ондаған, кейде жүздеген килограммды басынан асыра бірақ көтереді.

2019 жылы  сәуірдің 14-де Павлодарда ауыр атлетикадан Павлодар облысының ұлдары мен қыздары арасында үлкен жарыс өтті. «Баянтау» спорт сарайында аймағымыздың  қалалары мен аудандарынан келген спортшыларды жанкүйерлер мен көрермендер құлшына қарсы алды.

Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілері өздерінің салмақ дәрежесі бойынша жарысқа қатысты. Қыздар өз салмағына лайықты нормативті орындады, оларға тең келетін қарсылас болмады.

Жарысқа қатысқан спортшылардың саны көп болды. Алайда, сәттілік балалар ауылының тәрбиеленушілерінің жағында болғанын атап өткен жөн. Алғашқы  талпыныстан бастап біздің спортшылар зілтемірді қателікке ұрындай көтере бастады. Жарыс қорытындысы бойынша ОҮБА тәрбиеленушілері әртүрлі салмақ дәрежесінде өз жас ерекшеліктері бойынша сайыстың барлық жүлделерін ие болды. Герауф Альбина -1 орын, Бурлакова Татьяна — 2 орын, Цеван Александра – 3 орын алды. Васильева Камила да сәтті өнер көрсеткен еді, бірақ медаль ұтып ала алған жоқ.

Жарыс нәтижесінде төрешілер қыздар арасында өтетін ауыр атлетикадан республикалық жарысқа қатысып, Павлодар облысының намысын қорғау сенімін н Цеван Александраға тапсырды.  Мұндай жоғары көрсеткіштерге балалар ауылының құрама командасын жаттықтырушы Тен Виктор Николаевич  қолы  жетті.

Ауыр атлетика федерациясының президенті Н.В.Дычко және федерацияның вице-президенті С. А. Головин жастардың жарыстарда жеңіске жететініне сенім білдіріп,  спортшыларға табанды еңбегі арқылы жас буынды салауатты өмір салтына   баулығаны үшін алғыс айтты. Біз қыздарымызды мақтан тұтамыз және оларға төгілген теріне орай лайықты әрі даңқты жеңістер тілейміз!!!

 

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа