Біз өз ғаламшарымыз үшін жауаптымыз

Қазақстанда кезекті рет «Таза болса табиғат – адам болар адамзат» атты республикалық сурет байқауы өткізілі. Байқауға мектеп-интернаттар мен түрлі жастағы балалар үйлерінің оқушылары мен тәрбиеленушілері қатысты. Бұл байқау балаларға шығармашылық қабілеттерін көрсетуге, өзінің алып атамкені мен кіші отанын таза және әдемі жағынан сипаттауға  мүмкіндік береді.

Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушісі Цеван Александра Павлодар облысының Экология Департаменті ұйымдастырған облыстық сурет байқауында бірінші орынға ие болды.

2019 жылдың 29 сәуірінде С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында байқау жеңімпаздары марапатталды. А. Цеванға бірінші дәрежелі диплом және бағалы сыйлық – планшет табыс етілді. Біз балаларға шығармашылық жетістіктер мен жеңістер тілейміз!!!

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа