Мәшһүр Жүсіп кесенесіне сапар

Республикалық «Сакралды Қазақстан» картасына енген киелі мекен — Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы кесенесі көпшіліктің сүйіп баратын орыны. Кесене  Баянауыл ауданы Мәшһүр Жүсіп ауылынан 15 шақырым жерде орналасқан Ескелді қыратында тұрғызылған.

Мамыр айының 19-шы жұлдызында «Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ-ның тәрбиешілері мен тәрбиеленушілері және құрметті меймандар Ескелді шатқалындағы Мәшһүр Жүсіп кесенесіне саяхат жасап қайтты.

Бұл сапар Елбасы Н.Ә.Назарбавтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жасалған «Туған жер – тұғырым»  және «Тілдік келісім» жобалары шеңберінде ұймдастырылды.

Сапардың мақсаты: қасиетті, киелі орынға саяхат жасау, бабалар рухына тағзым етумен қатар оқушылардың рухани-адамгершіліктік, патриоттық сезімдерін және танымдық қабілеттерін арттыруға бағытталды.

Мәшһүр Жүсіп атаның кесенесіне барып тағзым еткен балаларға «Тілдік келісім» жобасының авторы Шолпан Доктырбайқызы  және мекеме басшысы Кәрімова Гүлбағда Ердешқызы жетекшілік жасады.

Балалар М.Ж.Көпейұлының кесенесіне зиярат жасап, кесенеден соң Мәшһүр Жүсіптің қайта жабдықталған мұражайында болып, ғұламаның өмірі мен шығармашылығы жөнінде білікті мамандардың тарапынан көп мәліметтер тыңдады. Мұражай экспонаттарын тамашалап, ғұламаның ғұмырбаяны мен өнегелі ісінен ғибрат алды. Тәрбиеленушілер мұражай ғимаратында естелік фото суреттерге түсті.

Бұдан соң Мәшһүр бабамыздың әруағына құран бағышталды. Арнайы шалынған құрмалдық етінен ас әзірленіп, сапарға қатысушылар дастарханнан дәм татты. Тамақ дайындау ісіне тәрбиеленушілердің өздері де жұмыла кірісті.

Осы орайда Павлодар облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Мұханова Диана Балғабекқызы тиісті нұсқау беріп, барынша қолдау жасағанын атап өткіміз келеді.

Игі сапарға демеушілік көрсеткен Солтаналин Ербол Оналбайұлы өз есебінен көлік құралымен қамтамасыз етіп, барлық жол шығынын толықтай көтерді. Осындай жаны жайсаң, жүрегі жылы демеуші азаматтарға рақмет айтып, істеріне табыс тілейміз. Сондай-ақ, Балалар ауылының ұжымы Баянауыл сапарына тәрбиеленушілерді алып жүрген МАИ қызметкерлері: полиция капитаны М.К. Ахтаев пен полиция старшинасы А.М. Амировке алғысын білдіреді.

Рухани сапар балалар ауылының тәрбиеленушілеріне тың серпіліс сыйлады. Әйгілі ғұламаның рухына тағзым ету «Туған жер – тұғырым»  және «Тілдік келісім» жобалары аясында игі  дәстүрге айналғаны анық.

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа