Archive for : Август, 2019

«Мектепке жол» республикалық акциясы

Маралдыға сапар

«Маралдыға сапар»

2019 жылдың 20 тамызында «Маралды курорты» ЖШС-ның директоры Ержан Қайроллаұлы Асыловтың бастамасы бойынша Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілері Маралды ауылындағы тұзды көлге сапарлады. Бұл балаларға үшін арнайы жоспарланған керемет демалыс болды. Жолға шығудан басап, сапар барысында ұйымдастырылған ойын-сауық бағдарламасының барлығы  жоғары деңгейде өтті.

Аталған іс-шараға балалар ауылының 68 тәрбиеленушісі, тәлімгерлер, тәрбиешілер, психолог және медицина қызметкерлері қатысты.

Балаларға арналған бағдарлама өте мазмұнды болды: көлге шомылу, катамаранмен жүзу, ойын-сауық ойындары және аниматорлар ұсынған  сайыстар мен сыйлықтар көңіл қуантты. Жергілікті кафеде барлық қатысушыларға дәмді түскі ас берілді. Сапарды ұйымдастырушылар өмірде  қиын жағдайға тап болған балаларға ұмытылмас әсер сыйлай алды. Іс-шараның басы-қасында жүргендер балалардың бос уақыттарын ерекше өткізуі үшін барын салып, оған шынайы шығармашылық көзқараспен кіріскенін атап өткен маңызды. Маралдыға жасалған сапар балаларды сауықтыруға, көл жағасында өткен уақыттан естен кетпес әсер алуға зор  мүмкіндік берді.

Балалар ауылының басшылығы, педагогтар мен тәрбиеленушілердің ортақ ұжымы атынан Маралды шипажайының басшысы Ержан Қайроллаұлы Асыловқа, оның бүкіл командасына, тәлімгерлер жетекшісі Г. К.Омароваға, аниматорларға, ойын-сауық жүргізушісі Панчоға, ұмытылмас демалыс пен сауықтыру сыйлағаны үшін үлкен алғысымызды білдіреміз! Бұдан былай да арамызда тығыз ынтымақтастық орнайды деп үміттенеміз! Іс-шараны ұйымдастырушыларға өмірлеріне жақсылық, жұмыстарына сәттілік тілейміз!

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа