Archive for : Сентябрь, 2019

«Ertis tany» таңғы бағдарламасы»

2019 жылдың 30 қыркүйегінде облыстық «Ertis» телеарнасының журналистері балалар ауылының өкілдерін таңғы «Ertis tany» бағдарламасына шақырды. Бағдарламаға ОҮБА-ның тәрбиешілері – Тауова Г. С., Шамиева Т. В. және – 11 сынып оқушысы,  тәрбиеленушісі Герауф Альбина қатысып, ашық пікір алмасуға мүмкіндік алды. Тікелей эфир мұғалімдер күнін мерекелеу тақырыбына арналды. Осындай тамаша мереке қарсаңында балалар ауылындағы балалардың өмір жағдайы, олардың әуестіктері,  жастардың жұмыспен қамтылуы мен тәрбиеленушілер мен ересектер арасындағы өзара қарым-қатынас мәселелері қызықты әңгімеге арқау болды.

Тәрбиеші Г. С. Тауова телекөрермендерге патронаттық отбасылар мен болашақ бала асырап алушылармен қарым-қатынас қалай жүргізілетіні туралы айтты. Ол балаларды ата-аналардың тәрбиесіне беру өте маңызды мәселе екенін жеткізді. Сондықтан асырап алушы-әлеуетті ата-аналар арнайы оқудан кейін балалармен сөйлесіп, жақын қарым-қатынас жасай бастайды, оларды қонаққа шақырады, әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырады, балалардың бос уақытын қызықты өткізуге атсалысады. Осылайша, балалар мен ата-аналар бір-біріне үйреніп, тәрбиеленушілерді отбасына беру үрдісі жүреді.

Тәрбиеші Т. В. Шамиева: «Балалар ауылында балалардың бос уақытын тиімді өткізу үшін барлық жағдай жасалған» — деді. Үйде тұрмыстық техника үнемі жаңартылып отырады; төсек-орын жабдықтары, ыдыс-аяқ жиынтығы, балаларға арналған мүліктер мен киімдер сатып алынады. Балалар ойнайтын  аумақта демеушілер есебінен дене шынықтыру дайындығына арналған спорттық жабдықтар мен тренажерлер орнатылды. Педагогтар тұрақты түрде бекітілген жоспарға сай іс-шаралар ұйымдастырады.

Тәрбиешілер балалар ауылында жыл сайын үлкен жетістіктерге қол жеткізген тәрбиеленушілер санының артқанын мақтаныш етеді. Биыл жоғары оқу орындарына К. Мұхаметжанова, Р. Казыков, К. Васильева ҰБТ-да жоғары балл жинап, бюджеттік негізде оқуға түсті. Ал Цеван А. білім-инновция лицейіне жалпы негізде оқуға қабылданды. Балалар ауылы спортшылары баскетбол құрамасының Қазақстан чемпионатындағы зор жеңісі – айтуға тұрарлық жетістік. Онда ОҮБА-ның командасы чемпион атанды.

Тәрбиешілер өңірдің барлық педагогтарын келе жатқан Мұғалімдер Күнімен құттықтады!

«Қауіпсіз білім ордасы» онкүндігі

2019 жылдың 16-26 қыркүйек аралығында Қазақстан бойынша «Қауіпсіз білім ордасы» онкүндігі өтті. Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылының басшысы жанындағы кеңес қабылдаған жоспарға сәйкес балалардың қауіпсіздігіне арналған іс-шаралар ұйымдастырылады. Аталған акцияны өткізудегі мақсаты – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және балалар ауылында қауіпсіз өмір жағдайын жасау.

Осы орайда балалар ауылының тәрбиешілері «Қауіпсіз жол» тақырыбында әңгіме жүргізді. «Қауіпсіздік кемпірқосағы» тақырыбына суреттер конкурсы өтті. ҚР ІІМ ТЖК Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі» ММ бас маманы, азаматтық қорғаныс капитаны А. А. Бүркітбаевтың, азаматтық қорғаныс аға лейтенанты Ж. М. Батырхановтың қатысуымен балалар ауылының тәрбиеленушілері мен педаготарына «Өрт қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі ережелері» бойынша нұсқау-әңгіме жүргізілді. Мамандар әр түрлі төтенше жағдайлар кезіндегі жүріс-тұрыс ережелерін айтып, осы тақырып бойынша әлеуметтік роликтерді көрсетті. Кәмелетке толмағандармен жұмыс жөніндегі бөлімнің инспекторы Ж.А.Жұматаева балалар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жасады. Жанара Әубәкірқызы өз сөзінде соңғы жылдары жасөспірімдер тарапынан құқық бұзушылықтар азаймай тұрғанын атап өтті. «Бұл қылмыстық іске еріп кету, дүние-мүлікке қызығу және жазасыз қаламын деген білместіктен туындап отыр,» — деді инспектор.

Балалар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды, оларға кәмелетке толмағандармен жұмыс жөніндегі бөлімнің инспекторы өмірден алынған мысалдарды келтіре отырып жауап берді. Медбике Г Ж.Каймульдинова «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізді. Ер балалармен қарым-қатынас этикасы, әйелдер гигиенасы және ерте жүктіліктің алдын алу мәселелері қозғалды, осыған орай нұсқаулықтар берілді. Өткізілген іс-шаралардың қорытындысы бойынша әрбір тәрбиеленуші осындай жағдайлардан өзін қалай қауіпсіздендіру керектігі туралы ақпаратты тыңдады. Олар мына қауіпсіздік формуласын білгенін атап өткіміз келеді: қауіпті алдын ала көру, мүмкіндігінше одан аулақ болу, қажет болған жағдайда нақты әрекет ету, шұғыл қызметтерді шақыру телефондарының нөмірлерін есте сақтау. Бұл жұмыс белгіленген мерзімде ғана емес, балалар ауылында әрдайым жүргізіледі.

ЖСШМ «Ледовый дворец»

2019 жылғы 26 қыркүйекте Павлодар қаласының ОҮБА тәрбиеленушілері «Мұз сарайы» жоғарғы спорттық шеберлік мектебіне (ЖСШМ) барды. Балалар қуана-қуана коньки теуіп, спорттық демалысқа асқан сергектікпен қатысты. Көңіл-күйлері көтерілген тәрбиеленушілер мұзда өз шеберліктерін көрсете білді. «Мұз сарайы» (ЖСШМ) басшысы Дмитрий Васильевич Коношенкоға және менеджер Татьяна Васильевна Лаврищеваға бізге жіті көңіл бөліп, қамқорлық көрсетіп, балаларымыздың өміріне  бей-жай қарамағаны және керемет спорттық іс-шара ұйымдастырғаны үшін үлкен алғысымызды білдіреміз.

Тәрбиеленушілер өз тәлімгерлерімен бірге Крендельде экскурсияда.

ҮЕҰ-мен кездесуі

2019 жылдың 18 қыркүйегінде біздің тоғызыншы сынып оқушылары ҮЕҰ үйіне барды. Іс-шараның мақсаты: жастардың қоғамдық белсенділіктерін ҮЕҰ жұмысына тарту арқылы арттыру. Павлодар облысындағы балалар мен жастар ҮЕҰ туралы  жастардың хабардар болуын қамтамасыз ету.  «Шаңырақ» және «Джурбай» клубтарының мүшелері өздерінің зерттеулері мен жаңа жобалары туралы айтты. Балалар ойындарға қатысып, екінші орынға ие болды. Біз Максим Александрович Кравченкоға және барлық ұйымдастырушыларға керемет іс-шара жасап, тәрбиеленушілеріміздің көңілін аулағаны және қамқорлық танытқаны үшін алғысымызды білдіреміз.

2019-2020 оқу жылына арналған «Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ қосымша білім беру мұғалімдерінің жұмыс кестесі

Балалар өздерінің тәлімгерлерімен

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы

2019 жылғы 2 қыркүйекте ҚР мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев Парламент палаталарының мәжілісінде Қазақстан халқына Жолдауын арнады.

«Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ-ның ұжымы Жолдаудың негізгі аспектілерімен танысып, ҚР азаматтарының өмір сүру сапасын жақсарту үшін Үкіметке берген нақты тапсырмаларын тыңдады.

Ел Президенті маңызды деп саналатын бағыттар мен әлеуметтік мәселелердің барлығын қамтып, сөз сөйледі. Үкіметке мемлекеттің халыққа қызмет ету жүйесін өзгерту және сапасын жақсарту жөнінде нақты нұсқаулар берілді.

Президент Қ.К.Тоқаевтың құқық қорғау органдарының жүйесін, медицина саласын, тұрғын үй қорын жаңғырту мен реформалау, шағын және орта бизнесті қолдау мәселелерін көтергені өте маңызды. Мемлекет басшысы әлеуметтік төлемдер мен кепілдіктердің, армиямыздың, тұрғын үй, әуе және темір жол тасымалдарына  және т.б. өзекті мәселелерді де атап өтті.

Өз Жолдауының соңында Қ.К.Тоқаев еліміздегі әрбір азамат халықтың жағдайы жақсарғанын сезіну үшін, мемлекет тұрғысынан жүргізіліп жатқан барлық реформаларды іске асырудың жеке жауапкершілігі әкімдерге, мемлекеттік қызметшілерге жүктелетінін жеткізді.

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа