Archive for : Октябрь, 2019

Хоккей матчы

Демалыс кезінде біздің тәрбиеленушілеріміз күн сайын түрлі іс-шаралар мен оқиғаларға толы.

Міне, бүгін, 31 қазанда балалар «Астана» мұз сарайына барды. Онда «Ертіс» және «Теміртау» командалары арасында хоккей матчы өтті. Балалар ойынға қызығушылықпен қарап, сүйікті командасына ауырды. Матч «Теміртау»командасының пайдасына 1:2 есебімен аяқталды.

Қамқоршы күні

2019 жылғы 29 қазанда «Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ-де  Қамқоршы күніне орай дөңгелек үстел түрінде мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты: жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау, қамқоршыларға, асырап алушыларға, патронат тәрбиешілерге қолдау көрсету. Кездесуге отбасы үлгісіндегі балалар ауылының басшысы Кәрімова Гүлбағда Ердешқызы, Павлодар қаласы білім беру бөлімі мемлекеттік мекемесінің  қамқоршылық және қорғаншылық бөлімінің бастығы Дюсембекова Асия Сапарбекқызы, Ұлттық асырап алу агенттігінің «Ана үйі» ҚҚ аймақтық маманы Уалиева Мәншүк Ермек қатысты.

Сондай-ақ қамқоршылар Смағұлова Құралай Қалымқызы қызы Алмамен,  патронаттық отбасына барған балалар Фарида және Рамель Рашитовтар  шақырылды. Кездесу барысында мынадай мәселелер айтылды: балаларды отбасыларға орналастыру, қамқоршы болу шарттары және қажетті тіркеу рәсімдері, қамқоршылық бөлімі,  «Ана үйі» ҚҚ патронатты отбасыларға қандай көмек пен қолдау көрсетеді; балалар мен оларды тәрбиелеуге алған отбасылар қандай нәтижеге қол жеткізді; алдан не күтеді; болашаққа қатысты жоспарлары қандай? Гүлбағда Ердешқызы құттықтау сөзінде балаларға аналарын ұмытпауын және барлығында өз  отбасысы болуын тіледі. Шара қонақтарына арнап концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Оқушылар сарайы мұражайына экскурсия

2019 жылдың 28 қазанында Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылының бір топ тәрбиеленушісі Оқушылар сарайының мұражайында болды. Татьяна Владимировна Суворова экскурсияға келген балаларды қуана қарсы алып,  қызықты әңгіме өткізді. Басында балалар диагностикалық сенсорлық тақталармен танысты. 1-сенсорлық панель клубтар мен студияларға арналған. 2-сенсорлық панель жеке мінездемелерді диагностикалау. 3-сенсорлық панельдегі кәсіби бағдар нұсқаулығы.  Содан кейін балалар Катаев атындағы Жауынгерлік Даңқ Залына бардық. Бұл жерде тәрбиеленушілер Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі көптеген экспонаттарды көрді: снарядтар, әскери техниканың үлгілері, марапаттар, сол кездегі хаттар мен газеттердің тұпнұсқалары.

Павлодарда әскери госпиталь болғаны туралы білді. Осы көрмедаларды 70-80 жылдары балалар мұражайдың бірінші басшымен бірге жинаған. Із-түзсіз кеткен  жауынгерді немесе олардың жерленген жерін іздеу үшін іздеу тобы құрылыпты. Музейдің құрылу тарихы жайлы Бекқожина  Бақыт Сағынтайқызы өте қызықты әңгімелеп берді. Келесі кезең — планетарий, балалар ай туралы фильм тамашалап,  ғарышты игеру туралы зерттеулер көрді.

Экскурсия «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» кабинетінде аяқталды. Мұнда көптеген қызықты нәрселер бар: 1-тақтада Қазақстанда және қаламызда өмір сүрген барлық танымал  тұлғалар туралы  ақпараттар: 2-тақтада «100 жаңа есім» — өнер мен бизнесте үлкен жетістікке жеткен жас павлодарлықтар туралы, 3-тақтада үш тілде жұмыс істейтін виртуалды кітапхана бар. Бұл кабинет келушілерді күтеді. Мұнда  өңіріміздің өткен тарихын   біліп, бүгінгі күнгі жетістіктермен танысуға мүмкіндік бар. Татьяна Владимировнаға керемет экскурсия үшін алғыс айтамыз, біз жаңа кездесулерді күтеміз!

Балаларымызға қамқорлық!

27 қазанда балалар ауылына жүректері таза, ниеттері ақ, жан-тәнімен игі істер  жасауға құлшынып жүрген бір топ жастар келді. Олар өздерінің ізгі істерін YouTube-тегі «Лимон» арнасында жариялайды.

Кездесу емін-еркін жағдайда және достық қарым-қатынаста өтті. Тәрбиеленушілер өздерінің балалар ауылындағы қызықты, жағымды оқиғаларға толы өмірлері, бос уақытында нені ұнататындары туралы әңгімеледі. Қонақтар балаларымызға тәтті сыйлықтар сыйлады. Жунусов Мырзабек пен Азаматқа, Гүлсана Хамиденқызына, Букенов Нұрымға, Айтыш Дастанға алғысымызды білдіреміз. Біздің балаларымызға қамқор болғандарыңыз үшін рахмет!

«Тәлімгерлер» жобасы

Тәлімгерлер жобасы балалар ауылында екінші жыл жүзеге асып келеді. Бүгін осы бағытта тәлімгерлердің психологтар, веб-дизайнерлер, SMM менеджері, мұғалім, өрт сөндіруші, жеке кәсіпкерлерден тұратын жаңа тобы өз жұмысын бастады. Бұл адамдардың барлығы балалармен 2 бойы жыл жұмыс істейді. Жобаның негізгі мақсаты: балаларды әлеуметтендіру. Жобаны іске асыру барысында әр тәлімгер тәрбиеленушіге мамандық таңдауда, әртүрлі бағытта дамуға көмектеседі.  Олар балаларға кеңес беріп, өмірден алған тәжірибелерімен, білімімен бөліседі.

«Көңілді старт»

25 қазан күні Балалар ауылында «Көңілді старт» сайысы өтті. Балалар қосымша білім беру педагогы Олег Константинович ұйымдастырып өткізген  тапсырмаларды қызығушылықпен және үлкен ықыласпен орындады.

«Алтын күз»

24 қазан 2019.жылы  Балалар ауылында «Алтын күз» іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның  мақсаты балалардың көңіл-күйлерін көтеру, жүректерін шаттыққа толтыру,  жомарт күздің сыйларының бірегейлігі мен маңыздылығын көрсету болып табылады. «Алтын күз» сайысы көңілді әрі қызықты өтті. Байқауға қыздармен қатар ұлдар да қатысты. Балалар сайысқа апта бойы белсене араласты. Қатысушылар жұмбақтар шешіп, ән айтты, өлеңдер оқыды, би биледі. Бәсекелестігі мол, ауыр сайыс нәтижесінде 4 тәрбиеленуші жеңіске жетті. Байқаудың бас жүлдесін Шишков Михаил ұтып алды, 1-орынды Гущина Кристина, 2-орынды Гимаева Даша, 3-орынды Ветрова Лидия иеленді.  Қалған қатысушылар ынталандыру сыйлықтарын алды. Соңында біздің тәрбиеленушіміз Ногаев Егор «Дождь» әнін орындаса, «Азалия» би тобы «До,ре,ми» биін тарту етті. Іс-шара барысында жағымды атмосфера қалыптасты, барлық бала күліп-ойнап, көңіл көтерді. Біздің мерекеге «Тәлімгерлер» жобасының психологтары, Наталья Соколова және Екатерина Назаренко қатысты. Сайыс жоғары деңгейде өтті.

Тәрбиешілер :Пучкова О.М., Бугамбетова З.Ж.

«Тәрбиеленушілердің өмірі мен қызметтік мансабын жоспарлау» жобасының басталуы

Әлеуметтік әріптестіктің инновациялық нысандары негізінде балалар ауылынан шыққаннан кейін тәрбиеленушілерді әлеуметтік бейімдеу және өмірге орналастыру жүйесін дамыту мақсатында 2019 жылы 23 қазанда «Балалар ауылы тәрбиеленушілерінің өмірі мен қызметтік мансабын жоспарлау» жобасы бастау алды. «Тәрбиеленушілердің өмірі мен қызметтік мансабын жоспарлау» жобасы аясында басшының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А. Д.Мәжитова волонтерлерді, «TOU eventandpromotion» ұйымының өкілдерін, С. Торайғыров атындағы ПМУ студенттерінен жасақталған «Русская лига» КТК төрағасын тарта отырып, балаларға арналған оқыту семинарын өткізді.

Балаларға жобаның мақсаты, міндеттері, оны іске асыру механизмдері, осы оқу жылына арналған жұмыс жоспары түсіндірілді. Қонақтар  университет құрылымы, ұйымдар мен қозғалыстар туралы тәрбиеленушілерге мәлімет берді. Олар балаларды жоғары оқу орны қабырғасында жұмыс істейтін және тағы басқа үйірмелерге, секцияларға, жастар стартаптарына белсенді қатысуға шақырды. Әңгіме барысында  балалар өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, университет өміріне қатысу   ниетін танытты.

Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының концерттік бағдарламасы

2019 жылы 23 қазанда балалар ауылы тәрбиеленушілерінің алдында Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының «Лад» халықтық аспаптар ансамблі мен «Felicita» ансамблі өнер көрсетті. Көркемдік жетекшісі – Оксана Петрушкина. Бағдарлама аса мазмұнды болып, ұмытылмас әсер қалдырды. Музыкалық шығармалар, әртістердің вокалдық және хор орындаулары балалардың жүрегінде өшпес із салып, жарқын естелік ретінде ұзақ сақталары анық. Музыкалық мереке сыйлағаны үшін ұйымдастырушыларға және әртістерге үлкен рахмет!!!

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа