Archive for : Ноябрь, 2019

Тұңғыш Президент күні

2019 жылғы 29 қарашада Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне арналған іс-шара өтті. Осы іс-шараның бастамашысы Павлодар қаласының № 8 балалар кітапханасы, атап айтқанда А.К. Инсебаева болды.

Балалар ауылының тәрбиеленушілері педагогтармен бірге Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев туралы сирек кітап даналары және фотоматериалдары қамтылған кітап көрмесімен танысты. Іс-шара Тұңғыш Президенттің өмірі туралы деректі фильммен жалғасып, балалардың Елбасы туралы білімдерін кеңейтуге мүмкіндік беретін шағын викториналық сұрақтарға ұласты. Кездесу жоғары деңгейде өткізілді. Балалар ауылының ұжымы мен тәрбиеленушілеріне тәрбиелік және танымдық маңызы зор болды. Барлық ұйымдастырушылар мен қатысушыларға Н.Ә.Назарбаев туралы, Қазақстан Көшбасшысы жайлы, оның толағай тұлғасы туралы кеңірек білуге мүмкіндік бергені үшін алғыс айтады.

Біздің жетістіктеріміз

2019 жылғы 29 қарашада, Тұңғыш Президент Күні мерекесі қарсаңында отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілері: Уразбаев Владимир, Герауф Александр, Берг Владимир, Шишков Михаил, Кабитов Александр, Миндров Кириллге баскетболдан спорт шеберіне үміткерлер куәліктері табыс етілді. Атақ беру және куәліктер тапсыру салтанаты «Автомобилист»стадионында өтті. Іс-шараны «Ертіс» баскетбол клубының директоры Ж.Е.Байдусенова ашты. Ол спортшыларды баскетболдан Қазақстан құрамалары арасындағы жарыстардағы жеңісімен құттықтап, олардың жақын болашақта спорт шеберлеріне айналатынына және тағы да көптеген спорттық жеңістерге жететініне сенім білдірді. Жұлдыз Ералықызы балаларға куәліктерін және демеушілер ұсынған спорттық футболкалар мен баскетбол доптары сыйлықтарын табыс етті.

Тараз қаласында 3/3 форматында баскетболдан Қазақстан Республикасының чемпионаты

Мектепке дейінгі балалармен сабақтар өткізілетін «Балапан «үйірмесінің кабинеті.

 

Біздің жетістіктеріміз

Балалар ауылының тәрбиеленушілері: Кирилл Кулешов, Тамерлан Шукаров, Иван Шабалин 2019 жылдың 20-26 қараша аралығында Тараз қаласында өткен 3/3 баскетболдан Қазақстан Республикасының күзгі чемпионатында «Ертіс Павлодар» командасы құрамында өнер көрсетті. Балалар осы спорт түрінен алғаш рет жарысқа қатысты. Бірақ осы спорт түрінен басқа тәжірибелі  спортшыларға қарсы ойнауына қарамастан, тамаша ойын өрнегін көрсетті. Балалар турнирден, көне шаһардан үлкен әсермен оралды. Біздің команда 5-орынға ие болды. Жаттықтырушылар: Марат Ерсайынұлы Шұғабаев, Ренат Русланович Якубов, сондай-ақ балаларға жоғары спорттық жетістіктер тілейміз!!

Мейірімді мереке «Ризашылық»

2019 жылғы 28 қарашада «Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ «Ризашылық» іс-шарасы өтті. Сара Алпысқызы Назарбаеваның игі бастамасы негізінде бұл мереке жақсы дәстүрге айналды және біздің балалар ауылының өміріміне енді.

Балалар ауылының тәрбиеленушілері өз тәрбиеші-аналарымен бірге осы күнге ерекше дайындалды. Әр отбасы мұқият ынта танытып, газет, шағын безендіру заттарын әзірледі. Бұл күнге орай бүкіл үйлер мен фойелерде мерекелік безендіру жасалып, әрбір ұсақ детальге дейін шебер ойластырылды.

Мерекелік шара қазақ халық биімен ашылды. Балалар ауылының басшысы Кәрімова Гүлбағда Ердешқызы құттықтау сөз сөйлеп, барлық балаларға жақсылық, қуаныш пен бақыт тіледі. Тәрбиеленушілер концерттік бағдарламаны әдемі ән, көркем өлеңдермен жалғастырды.

Балалар бұл күні демеушілер: И. В. Лесниковадан («Юкон» шұжық цехы), «Халал» ЖК, «7182» бар кафесінің өкілдері К.К.Баильдиновадан, «Вита» ҚБ іздеушілерінен және тәлімгерлер тарапынан бағалы сыйлықтарын алды. С. Торайғыров атындағы ПМУ Биотехнология кафедрасының оқытушылары мен студенттері құттықтауларын арнады.

Балалар мен педагогтар мерекенің барлық қатысушыларына алғыс айтып, еліміздің өркендеуіне тілектестігін білдірді. Өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға қолдау көрсетіп келе жатқан С.А.Назарбаеваға ерекше тілектер мен алғыстар айтылды. Мереке өте жанды, жарқын және позитивті көңіл-күй ауанында өтті.

«Елбасы елімен бірге!»

2019 жылдың 27 қарашасында «Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Елбасы елімен бірге!» атты мерекелік іс-шара өткізілді.

Іс-шараның ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының әнұраны орындалды. Балалар ауылының басшысы Г.Е.Кәрімова құттықтау сөз сөйлеп, бүгінгі таңда Қазақстан халықаралық қоғамдастық алдында қазіргі заманға сай демократиялық мемлекет ретінде танылғанын атап өтті. Бұл тәуелсіздік жылдарында іргетасы қаланған мықты экономикалық саясаттың нығанының көрініс. Осының барлығы халқымыздың еңбекқорлығының және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саяси ерік-жігерінің арқасында мүмкін болды. Тәрбиеші Гүлжайнат Советқызы жиынға қатысушылардың барлығын мерекемен құттықтай келе: «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін мерекелеу — Елбасының ерен еңбегіне көрсеткен құрметіміз» екенін атап өтті.

Іс-шараның концерттік бөлігі «Колос» балалар мәдени орталығының кішкентай өнерпаздарының құттықтау нөмірлеріне жалғасты, олар домбырада музыкалық шығармаларды орындады. Одан кейін тәрбиеленушілер балалар ауылының қызметкерлерімен бірге Елбасының өмірі мен қызметі туралы бейнефильм көрді. Фильмнен кейін тәрбиеленушілер Қазақстан мен Тұңғыш Президент туралы өлеңдерді мәнерлеп оқыды.

Мереке жайлы, мейірлі жағдайда өтті. Барлық қатысушылардың кеудесін Н.Ә.Назарбаевтың Отан алдындағы және Қазақстан халқы алдындағы еңбегін тағы да еске алу мүмкіндігі мен өз мемлекетіміздің жетістіктері үшін мақтаныш сезімі кернеді.

«Достық» үйінің тәрбиешілері:

Б. М. Гауриева, Т. В. Шамиева

Өз қолдарымен жасаған ұсақ-түйекер, «Бірлік» үйінің тәрбиеленушісі Лилия.

Менталдық арифметика

Біздің ақылмандар Алексей, Валентина және Андрюша.

«Хозяюшка» үйірмесінің сабағы, «Қарлығаш» үйі

 

Болашақ аспаз — Никита.

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа