«Қаз қонақ» ескерткішіне серуен

10 қарашада біздің тәрбиеленушілеріміз «Қаз қонақ» ескерткішіне экскурсияға барды. Бұл бірегей палеонтологиялық ескерткішті 1928 жылы Мәскеу палеонтологы Ю. А. Орлов ашты. Одан кейін мұнда қазба жұмыстары жүргізілді, археологиялық жұмыстар барысында ежелгі сүтқоректілердің бірнеше мың сүйек қалдықтары табылды.

Бұл жерде балалар көп жануарды көрді: қылыш азулы жолбарыс, мүйізтұмсық, үш бақайлы жылқы, лама, гиена, тіпті мамонтты да . Әрбір экспонаттың жанында ежелгі жануардың қысқаша сипаттамасы бар тақтайшалар ілінген.

Балалар экспонаттарды қызығушылықпен тамашалап, танымдық ақпаратты оқыды. Балалар жануарлар фигураларының жанында естелік суретке түсті. Жағалауға жақын жерде жүзіп жүрген жабайы үйректердің көрінісі де көз тартты. Жаймашуақ ауа-райы балаларға күзгі табиғат аясында еркін серуендеуге, Ертіс өзені жағасында рахаттана сейіл құруға мол мүмкіндік берді. Балалар керемет серуеннен кейін бір-біріне алған әсерлеріе айтып, көргендерін және естігендерін талқылады.

Біздің қаламызда осындай керемет ескерткіштер бар!

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа