Қала кәсіпорындарына экскурсия

Қазіргі жаһандану заманы, жаңғырған қоғам өмірде өз орнын таба алатын, адамгершілік жағынан тұрақты, әлеуметтік бейімделген, өзін-өзі дамытуға және үздіксіз өзін-өзі жетілдіруге қабілетті бастамашыл жастарды талап етеді. Өз кәсібін саналы түрде таңдай білу — болашақта өзін-өзі жүзеге асыру, сәтті әлеуметтену, мансапқа жету және кәсіби өсудің табыстылығын айқындайды.

Балалар ауылының тәрбие жүйесі тәрбиеленушінің бәсекеге қабілетті, шығармашылық, патриоттық тұлға болып қалыптастыруға, әлеуметтік бейімделуге бағытталған. Осыған байланысты Балалар ауылында ағымдағы оқу жылында «Балалар ауылы тәрбиеленушілерінің өмірі мен мансап жолын жоспарлау» жобасы іске қосылды. Ол әлеуметтік әріптестіктің инновациялық нысандары негізінде балалар ауылынан түлеген соң тәрбиеленушілердің әлеуметтік бейімделуі мен өміршеңдігі жүйесін дамытуға бағытталған.

Жобаны іске асыру тетігі 5 кезеңнен тұрады. Қазіргі уақытта біз бірінші кезеңде жұмыс істейміз, оған өмір сүру салаларының барлық кәсіпорындары қызметкерлерімен кездесулер, кәсіпорындарға экскурсиялар ұйымдастыру кіреді.

Көптеген балалар қандай да бір мамандық туралы үстірт, кейде әсіре идеалдандырылған түсінікке ие. Олардың пайымдаулары көбінесе сыртқы сипаттарға негізделеді. 12 қарашада балаларға «Best Milk» ЖШС және «Ұлан» фермерлік шаруашылығы қызметкерлерінің қызметін қолмен ұстап, көзбен көру мүмкіндігі ұсынылды.

«Best Milk» ЖШС жұмыс жүйесі сүт өнімдерінің кең спектрін өндіруге және өткізуге бағытталған. Қызметкерлер балаларға жұмыс процесін тұтастай айтып берді: сүт келіп түскен кезде микробиологиялық және физикалық-химиялық талдаулар тексеріледі, одан әрі салқындатқыш арқылы ол сүтті сақтауға арналған ыдыстарға жіберіледі. Пастеризациялау қондырғысы арқылы сүт қалыпқа келгенін анықтағаннан кейін, дайын өнім арнайы ыдыстарға құйылады, онда мемлекеттік стандартқа сәйкес талдаулар қайтадан жүргізіледі. Одан әрі зарасыздандыру, буып-түю және дайын өнімді +4 С температурада сақталатын тоңазытқыш камераларға орналастыру кезеңдері басталады.

Экскурсияның келесі нысаны бидай және қара бидай ұнын шығарумен айналысатын «Ұлан» шаруа қожалығының диірмені болды. Балаларға жаңа технологиялар, құрал-жабдықтар көмегімен астық өңдеу және ұзақ күрделі процесс арқылы ұн дайындау үрдісі таныстырылды.

Балалар ауылының ұжымы сәтті әлеуметтік бейімделуге бағытталған экскурсияларды ұйымдастыруға көрсеткен көмектері үшін, Павлодар қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөліміне алғыс білдіреді.

 

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа