Мейірімді мереке «Ризашылық»

2019 жылғы 28 қарашада «Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ «Ризашылық» іс-шарасы өтті. Сара Алпысқызы Назарбаеваның игі бастамасы негізінде бұл мереке жақсы дәстүрге айналды және біздің балалар ауылының өміріміне енді.

Балалар ауылының тәрбиеленушілері өз тәрбиеші-аналарымен бірге осы күнге ерекше дайындалды. Әр отбасы мұқият ынта танытып, газет, шағын безендіру заттарын әзірледі. Бұл күнге орай бүкіл үйлер мен фойелерде мерекелік безендіру жасалып, әрбір ұсақ детальге дейін шебер ойластырылды.

Мерекелік шара қазақ халық биімен ашылды. Балалар ауылының басшысы Кәрімова Гүлбағда Ердешқызы құттықтау сөз сөйлеп, барлық балаларға жақсылық, қуаныш пен бақыт тіледі. Тәрбиеленушілер концерттік бағдарламаны әдемі ән, көркем өлеңдермен жалғастырды.

Балалар бұл күні демеушілер: И. В. Лесниковадан («Юкон» шұжық цехы), «Халал» ЖК, «7182» бар кафесінің өкілдері К.К.Баильдиновадан, «Вита» ҚБ іздеушілерінен және тәлімгерлер тарапынан бағалы сыйлықтарын алды. С. Торайғыров атындағы ПМУ Биотехнология кафедрасының оқытушылары мен студенттері құттықтауларын арнады.

Балалар мен педагогтар мерекенің барлық қатысушыларына алғыс айтып, еліміздің өркендеуіне тілектестігін білдірді. Өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға қолдау көрсетіп келе жатқан С.А.Назарбаеваға ерекше тілектер мен алғыстар айтылды. Мереке өте жанды, жарқын және позитивті көңіл-күй ауанында өтті.

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа