Archive for : Январь, 2020

«Азалия» би тобы, «Фламенко» биі

Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылының «Азалия» би тобы, «Фламенко» биі.

Қыздар, сендер ең әдемі әрі ең үздіксіңдер!!! Республикалық фестивальдің іріктеу кезеңі — 3 орын.

 

Суретке басыңыз

«Азалия» би тобы, «Туған елім — Қазақстан» биі.

«Азалия» би тобы «Қазақстан — менің алтын бесігім» республикалық фестивалінің іріктеу кезеңінде.

Суретке басыңыз

«Қазақстан — менің алтын бесігім» республикалық фестивалі

«Қазақстан-менің Алтын бесігім» республикалық фестивалінің іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсеткен

Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылының командасы.

Лайықты марапат құтты болсын!!!

Сендер үздіксіңдер!!! Үздік!!! Үздік!!!

 

«Бауырластық» қар десантының халықаралық жасағы

Ағымдағы жылдың 29 қаңтарында балалар ауылына «Братство» («Бауырластық»)  Халықаралық қар десанты отряды келді. Жасақтағы студенттер үш елдің өкілдері: Қазақстан Республикасы, Ресей және Беларусь Республикасы. Студенттік отрядтар Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеу құрметіне және өзара көмек көрсету тәжірибесімен алмасу мақсатында Омбы қаласында 2019 жылғы 2 желтоқсанда құрылған болатын.

Қар десанты — бұл патриоттық акция, оған шефтік көмек көрсету, концерттік бағдарламалар, шеберлік-сыныптарын өткізу кіреді.

Жастар балалар ауылының тәрбиеленушілерімен сурет салу бойынша шеберлік сағатын өткізіп,  спорттық ойындар ұйымдастырып, мекеме аумағындағы қарды тазалауға көмек көрсетті.

Волонтерлік — бұл өмірге ерекше көзқарас, адамзат құндылықтарын нығайтуға және сақтауға бағытталған тұтас философия. Жастардың мұндай қиын, қажырлы қызметпен айналысуы маңызды. Жақсы істер байқалмайды – олар мұнара шамдары сияқты көмек күткендерге жарқырап жол сілтейді. «Бауырластық» жасағының мысалы — ең жарқын екеніне сенімдіміз.  Біздің балаларымызға ұмытылмас әрі танымдық кездесу сыйлағандарыңыз үшін үлкен рахмет.

Таза ауадағы ұмытылмас демалыс

Ағымдағы жылдың 26 қаңтарында «Үміт үзбеу» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен, «Тәлімгерлік» жобасы аясында біздің балаларымыздың тәлімгерлері — «Үміт үзбеу» қоғамдық бірлестігінің директоры Г. Б. Омарова, жобаның үйлестірушісі Динара тәрбиеленушілерге таза ауада тамаша демалыс ұйымдастырды, атап айтқанда, «Энергетик» демалыс үйінде балалар қарлы төбешіктен шана теуіп, конькимен, шаңғымен сырғанап, ойнап-күлді. Белсенді демалыстан кейін тынығу үрдісі бассейнде, саунада жалғасты, әрине, қысқы табиғат аясындағы кеспекке құйылған ыстық суға шомылу ұмытылмас әсер қалдырды. Қонақжайлықтың бір көрінісі — бай дастархан. Палау дайындау барысы ерекше болды. Осы демалысты ұйымдастырғаны үшін қымбатты тәлімгерлерімізге үлкен рахмет айтамыз. Ал корпаротивтік тәлімгеріміз Марат Шамильевичке барлық балалар атынан бөлек рахмет!

2020 жылғы атаулы және ұмытылмас күндер

Қазақстан Республикасында 2020 жыл ҚР Конституциясының 25 жылдығы жылы деп жарияланды.

Қазақ хандығының құрылғанына 555 жыл

Ұлы Жеңіске 75 жыл (1941-1945).

1 наурыз — Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл

30 тамыз ҚР Конституциясының қабылданғанына 25 жыл

Әбу Насыр Мухаммад ибн Тархан ибн Узлаг әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл және қайтыс болуына 1060 жыл (870-950) толады.

Моңғол ханы Шыңғысханның (Тэмуджин) туғанына 865 жыл (1155-1227).

Қоғам қайраткері, жырау, батыр Ақтамберді Сарыұлы (1675-1768) туғанына 345 .

Ғалым, тарихшы, этнограф, фольклоршы, саяхатшы, ағартушы, кәсіби әскери қызметкр Шоқан Уәлихановтың туғанына 185 жыл (қараша, 1835 — 10 сәуір 1865).

29 шілде (10 тамыз) — ұлы ойшыл, философ, ақын Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл (1845-1904).

25 қараша қазақ ақыны, жазушы, Қазақстанның ұлттық-азаттық қозғалысы көшбасшыларының бірі (1885-1935) Міржақып Дулатовтың туғанына 135 жыл.

6 шілде — ҚР Тұңғыш Президенті, мемлекеттік саяси қайраткер Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туғанына 80 жыл (1940).

 

 

Болашақ аспаз Виталий.

Виталий жұмыс үстінде! Біздің кішкентай еңбеккеріміз!

 

Суретке басыңыз.

 

Жас ұрпаққа адамгершілік-рухани тәрбие беру және педагогтардың аксиологиялық құзыреттілігін қалыптастыру бойынша семинар-практикум.

Өскелең ұрпаққа адамгершілік-рухани тәрбие беру және педагогтардың аксиологиялық құзыреттілігін қалыптастыру бойынша «Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ тәрбиешілерімен тұрақты жұмыс істейтін семинар-практикум болып өтті. Б.Ахметов атындағы педагогикалық жоғары колледжінің оқытушысы О.В.Вычка интерактивті режимде сабақ өткізіп, балалар ауылы жағдайында балалармен жұмыс жасаудың қызықты тәсілдерін көрсетті. Сабақ барысында тәрбиешілер бейне роликтерді талдап, жалпы адами құндылықтарды талдады. Келесі сабақтардың мақсаты — балалардың бойында адамгершілік-рухани қасиеттерін тәрбиелеу және тәрбиешілердің кәсіби тұрғыда сарқылып қалуының алдын алу.

«Балаларға қатыгездік таныту — өзекті әлеуметтік мәселе»

16 қаңтарда Балалар ауылының тәрбиешілеріне арналған «Балаларға қатыгездік таныту өзекті әлеуметтік мәселе» атты ақпараттық семинар өтті.

Жыл сайын көптеген бала ересектердің қатыгездігінен зардап шегеді. Бұл нені білдіреді? Бұл проблеманың өзектілігі қандай? Балаларға зорлық-зомбылық көрсету себептері не? «Зорлық-зомбылықтың шектеулі шеңбері»дегеніміз не?

Осы және басқа да көптеген сұрақ біздің педагогикалық ұжымды толғандырады. Балаға қатысты жасалған зорлық-зомбылықты баланың тәніне ғана емес, жанына эмоциялық тұрғыда зиян келтіретін әрекет немесе іс-әрекеттер кешені деп түсінуге болады. Ең қорқынышты нәрсе, қатыгез қарым-қатынас салдарынан миллиондаған бала психикалық зардаптар алып, мыңдаған бала өлім құшады.

Семинар барысында тәрбиешілер балаларға қатысты жасалатын зорлық-зомбылық түрлерін және олардың сипаттамаларын, балаларды қатыгез қарым-қатынастан қорғау қызметінің жұмыс тәжірибесін қарастырып, талдады.

Егер бала зорлық-зомбылық дерегі туралы айтса педагогтың не істеу керек, өзін қалай ұстауы жөнінде нұсқаулықтар берілді.

Қатыгез қарым-қатынас проблемасын шешудің ең тиімді жолы дене жазалары мен бала құқықтарына қатысты ұстанымымызды қайта қарастыру болмақ. Сондай-ақ, ұрсу, жеку сияқты эмоциялық қатыгездік те физикалық зорлық-зомбылық секілді зиян келтіруі мүмкін екендігін есте сақтаған жөн. Зорлық-зомбылық адам өмірінің барлық салаларына біртіндеп енеді, сондықтан бұл проблеманы белсенді зерттеу, оны еңсеру мен алдын алу тетіктерін әзірлеу қажет.

Туған күніңмен,Никита!

Біздің Никитканы туған күнімен құттықтауға біздің мақтан тұтатын  түлектеріміз — Николай Фурман мен Анастасия Бутько келді. Никитаны туған күнімен құттықтаймыз! Никита өзінің төл мерекелік тортын барлық отбасы мүшелеріне бөліп, кесіп берді. Оған мықты денсаулық, барлық тілектерінің орындалуын тілейміз!

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа