Archive for : Февраль, 2020

Баскетбол бойынша Павлодар қаласы балалар ауылының құрама командасы

Баскетбол бойынша Павлодар қаласы балалар ауылының құрама командасы,

2019 жылғы балалар үйлері арасындағы Қазақстан чемпионатының чемпиондары,

баскетболдан спорт шеберіне үміткерлер.

«Жақсылық жаса» акциясы шеңберінде Павлодар қаласы №37 ЖОББМ 7-сынып оқушыларының концерттік бағдарламасы

12 ақпан күні Павлодар қаласының №37 ЖОББМ 7-сынып оқушылары өз мұғалімдері Г.Б.Сұлтанғазинамен бірге «Жақсылық жаса» акциясы аясында концерттік бағдарламамен қонаққа келді. Балалар домбырада орындалған музыкалық шығармаларды тыңдады, би биледі, ойындар ойнады, есептер шешті, соңында сыйлықтар алды. Балалар ауылының тәрбиеленушілері мен қонақ оқушылар өзара жылы тілектер айтып, алғыс сөздерімен бөлісті. ОҮБА әкімшілігі мектеп ұжымына және Г. Б. Сұлтанғазинаға өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға көңіл бөліп, оқушыларын айналасындағыларға сүйіспеншілік пен құрмет танытып, жылулыққа баулығаны үшін үлкен рахмет айтамыз!

С. Торайғыров атындағы ПМУ студенттерімен кездесу

2020 жылғы 12 ақпанда біздің балалар ауылына Торайғыров атындағы ПМУ-дың «Тамақ және қайта өңдеу өндірісінің технологиясы » — 201 мамандығының бір топ 2-ші курс студенті келді. Олар балаларды қазақтың ұлы ақыны, ойшылы, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығымен құттықтап, хәкім туралы айтып берді. Студенттер тәрбиеленушілерге Абай сынды ұлы адамның өмірбаянын таныстырып, шығармашылығынан үзінділер айтты. Біздің балалар да   ақын, философ Абай Құнанбаевтың туындыларымен таныс екенін танытты, бұл ек тарапқа да қуаныш болды.

Содан кейін ойын-сауық бағдарламасы жүргізілді. Жастар балалармен ойындар ойнап, гитарамен ән айтып, би биледі. Кездесу соңында әр үйге балмұздақ, торт және пиццаға сияқты тәтті сыйлықтар тарту етілді. Біз жігіттер мен қыздарға мейірімділік пен қамқорлық танытқаны үшін өте ризамыз. Үлкен рахмет!

Нұр-Сұлтан қаласында «Birgemiz» еріктілер фронт-кеңсесінің ашылуы болды

Қазақстанда 2020 жыл еріктілер жылы болып жарияланды. 12.02.2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың қатысуымен «EXPO 2017» көрме кешенінің «AstanaHub» павильонында «Birgemiz» волонтерлер фронт-кеңсесінің салтанатты ашылуы өтті.

Біздің тәрбиеленушіміз Тлеумова Камилла форумда «ҚР Қызыл Жарты Ай қоғамының» Павлодарлық филиалы волонтерлер тобының құрамында болды.

Форумның бірінші күні волонтерлер Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевпен кездесті. ҚР облыстарының спикерлері мен үйлестірушілері және Ресей өкілдері алдағы жылға жұмыс жоспарларын жариялады, олар жұмыс алаңдарында волонтерліктің жеті салалық бағытын таныстырды: Bilim, Qamqor, Úmit, Sabaqtastyq, TazaÁlem және Saúlyq.

Алдағы уақыт — еріктілердің белсенді жұмыс істейтін жылы. Біз Камиллаға Отанымыздың игілігі үшін өзінің шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға тілектеспіз.

«Денсаулық» ақпараттық-талдау орталығының дәрігер-дәріскері Вишневский Марьян Яковлевичпен кездесу

2020 жылдың 6 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласы «Денсаулық» ақпараттық-талдау орталығының дәрігер-дәріскері Вишневский Марьян Яковлевич балалар ауылының ұжымына жүрек-қантамыр жүйесі ауруларының алдын алу бойынша дәріс өткізді. Кездесу жылы жағдайда өтті, көптеген пайдалы кеңестер мен ұсыныстар айтылды. Үлкен рахмет!

С. Торайғыров атындағы ПМУ-да қонақта

5 ақпан күні 9-11 сынып оқушылары С. Торайғыров атындағы ПМУ-да қонақта болды. С. Торайғыров атындағы университетке сапарымыз ЖОО-ның бай кітапханасымен танысудан басталды. Мұнда студенттерге ыңғайлы жағдайлар жасалған: олар үстел басында немесе гамакта тербетіліп отырып, отырып, диванда жантайып жатып та өзінің сүйікті кітабын оқи алады. Кітапханадан кейін балаларға экскурсия жетекшісі тарих, көркемсурет, спорт залдарын таныстырды. Университет дәлізіне саяхат жасай отырып, балалар креативті безендірілген залға тап болып, қабырғалардағы жолсілтемелерді оқып,  өздерінің интеллектуалдық қабілеттерін дамытты.

Балаларымызға ең қызықты болғаны — машина жасау факультетіне бару. Онда олар пеште металдың қалай балқығанын, балқытылған металдан фигураларды құйып, дайындауды үйренді, ескі дөңгелекті қалпына келтіру процесі қалай жүріп жатқанын көрді. Балқытылған металл қалыпқа құйылып,  пішінге енгенше, балаларды тағы бір бөлмеге шақырды, онда оларды әртүрлі дәм толы бай дастархан күтіп тұрды.

Кейін біздің балалармен «MinGraft» зияткерлік ойынын ойнады. Бұл біздің экскурсияның ең қызықты және танымдық бөлігі болды. Шишков Михаил, Закиев Руслан, Кабитов Александр — ең белсенді эрудиттер деп танылды. Жарайсыңдар!

Біздің балалар зияткерлік ойынға қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды және тәрбиеленушілер дайындаған фигураларды сыйға алды.

Машина жасау факультетінің барлық педагогикалық ұжымына қызықты әрі танымдық экскурсия жасағаны үшін үлкен рахмет айтамыз.

Біз сіздерді машфактың 60 жылдығымен құттықтаймыз! Шығармашылық жұмыстарыңызда үлкен жетістіктер тілейміз.

«Балапан» үйірмесі»

4 ақпан 2020 жылы «Балапан» үйірмесінің сабағы. Сабақтың тақырыбы «Құмырадағы гүлдер», түрлі-түсті қағаздан аппликация жасау. Әр бала тәрбиешісіне арнап осы тапсырманы ерекше ықылас қоя орындады. Үйірме жетекшісі Касанова М. К.

 

«Қазақстан — менің алтын бесігім» республикалық балалар фестивалі

Ағымдағы жылдың 31 қаңтарында «Қазақстан — менің алтын бесігім» атты балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында республикалық балалар фестивалінің облыстық кезеңі өтті. Фестиваль «Ризашылық — мейірім бұлағы» ұлттық білім беру-мәдени жобасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды.

Бұл фестивальға Павлодар қаласының ОҮБА тәрбиеленушілері де қатысты. Фестивальге шебер дайындық, шығармашыл идеялар біздің балаларға жүлделі орындарды жеңіп алуға мүмкіндік берді. Ногаев Егор вокалдық топта екінші орынға ие болса, Сороколет Ангелина – мюзиклдегі рөлі үшін «Көрермен көзайымы» сыйлығын иеленді. «Азалия» би тобы – би топтары арасында үшінші орын алды.

Фестивальді тамашалауға келген Б.Ахметов атындағы педагогикалық жоғары колледжінің «СиЯНД» жасағының волонтерлері балаларды қызу қолдады.  Студенттер білікті басшы Г.Е.Кәрімова мен педагогтердің қызықты, шығармашыл әрі әсерлі нөмірлерді әзірлеуге атсалысқан үлкен еңбегін атап өтіп, балалардың шеберлігіне риза болды.

Біздің демеушілеріміз: «Юкон» МО — Ирина Валентиновнаға, «MIOMATRAS» ЖК — Дидар Ерланұлына, «Дымкофф» ЖК — Малышева Елена Евгеньевнаға үлкен алғысымызды білдіреміз. Сондай-ақ, «Натали» үйлену салонының өкілдеріне ұлттық мюзиклде басты рөлге арналған әдемі той көйлегін жалға бергені үшін ризашылық білдіреміз.

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа