Category : Жазғы демалыс

Жас дәурен — бұл жарқын күн, жайдары жаз, ұмытылмас демалыс!

2016 жылдың 15 маусымында «Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» ҚММ-нің 48 тәрбиеленушісі Баянауыл кентіндегі «Жас дәурен» жазғы сауықтыру лагерінде тынықты. Демалыс орнына келген балдырғандарға әрқашан көңілді жүретін,  жігерлі, шаршауды білмейтін Турбало Николай Сергеевич вожатый болды. Ол біздің балаларымызды бірден күш-жігері және белсенді беделі арқылы баурап алып, демалысты сәтті ұйымдастырды. Тәлімгерлермен қатар, балаларымызға біздің тәрбиешілер

Read More →

«Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» мемлекеттік мекемесінің тәрбиеленушілеріне арналған жазғы демалыстың қорытындысы туралы ақпарат

2014 жылдың жазында жазғы демалыс ауқымы 44 баланы қамтыды.  Балалардың негізгі бөлігінің демалысы Шығыс Қазақстан облысының «Голубой залив» («Көк бұғаз») демалыс аймағында ұйымдастырылды. Жазғы лагерде өткізген уақыт кезеңінде балалар ауылының тәрбиеленушілері әр түрлі іс-шараларға атсалысты: вокал жарыстары, спорт жарыстарында жүлделі орындарға ие болып, дипломдар, мадақтамалар, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ал балалар ауылының аумағында 7 бала тынықты.

Read More →

Жайдары жазымыз осындай!

Жаз мезгілін тек балалар ғана емес, ересектер де асыға күтеді, себебі бұл —  еңбек демалысы, каникулдар уақыты. Жаз десе  — табиғат аясында тынығу, алау жанындағы кеш, гитарамен салған әндер, салқын суда жүзу бірден ойға оралады. Жаз — жағымды эмоциялардың мол ағысы, қызықты оқиғалардың тізбегі. Ал балалар үшін жаз мезгілі — тамаша уақыт. Бұл кезеңде олар

Read More →

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа